Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді

Бейсенбі, 14 Қазан 2021, 18:06:41

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапары аясында көлік инфрақұрылымы жобалары – «Өскемен-Талдықорған», «Қалбатау-Майқапшағай», «Үшарал-Достық», «Қарағанды-Балқаш-Қапшағай», «Меркі-Бурылбайтал» автожолдары  жобаларының іске асырылу барысын тексерді.

Ұзындығы 768 шақырым болатын (Шығыс Қазақстан облысының аумағы бойынша – 454 км, Алматы облысының аумағы бойынша – 314 км) «Өскемен-Талдықорған» автожолын салу жобасы бойынша Үкімет басшысына негізгі жұмыстардың аяқталғаны және жыл соңына дейін автомобиль қозғалысының ашылатыны туралы баяндалды.

Ұзындығы 415 шақырымға созылатын «Қалбатау-Майқапшағай» тас жолын реконструкциялау жобасы бойынша 127 шақырым жолда қозғалыс ашылды, жұмыстарды 2022 жылы толық аяқтау жоспарланған.

«Үшарал-Достық» автожолы бойынша 180 шақырымнан 145 шақырым жол пайдалануға берілді, жұмыстарды 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында толық аяқтау жоспарланған.

Қарағанды облысында Премьер-Министр жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Күрті-Қапшағай» автомобиль жолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл төрт жолақты жол бойынша 765 шақырым жолда қозғалыс қамтамасыз етіледі. «Меркі-Бурылбайтал» (262 км) автожолы бойынша қозғалыс толық ашылады.

Өскемен қаласында Үкімет басшысына халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялаудың аяқталғаны туралы баяндалды – ҰҚЖ ұзындығы 2800 м дейін, ені 60 м дейін ұлғайтылды. Асфальтбетон жабынын толық ауыстыру жүргізілді, жарық-сигналдық жабдықтың жаңа жүйесі орнатылды. 30 тонналық жүк терминалының және 100 тонналық уақытша жүк сақтау қоймасының құрылысын аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, Премьер-Министрге Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысы туралы баяндалды, ол 2022 жылғы 1 мамырда аяқталады.

2021 жылы Қазақстанда 8,4 мың шақырым автожол құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 5 мың шақырым, жергілікті желі – 3,4 мың шақырым. Жол-құрылыс жұмыстарына 200 мыңға жуық адам тартылған. Биыл еліміздегі 5,1 мың шақырым жолда жұмыстар аяқталады. Қалған жұмыс көлемі өтпелі және 2022 жылы орындалатын болады.

Жұмыс сапарына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы және т. б. қатысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
10 Қараша 2021, 11:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №786 Қаулысы
10 Қараша 2021, 11:20
Қазақстанда соңғы екі айда коронавируспен сырқаттанушылық 3,4 есе азайды — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.