Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм

Жұма, 17 Қыркүйек 2021, 17:04:52

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңірдің АӨК, көлік-логистика, фармацевтика, туризм және басқа да экономика салаларының дамуын тексерді, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды бастап берді.

Іле ауданының «Береке» индустриялық аймағында Үкімет басшысы «FRUIT ART» ЖШС экспорттық жеміс-жидек кластерінің инфрақұрылымын салуды бастап берді.

Кәсіпорынға газ ортасы реттелетін, 15 мың тонна өнім сыятын жеміс сақтау қоймасы, тәулігіне 200 тонна шикізатты қайта өңдеу қуаты бар жемістер мен жидектерді сублимациялық кептіру зауыты, сондай-ақ 9 га алаңда жылына 1800 тонна құлпынай және 900 тонна салатты жыл бойы өсіретін жылыжай кешені кіреді. Бірінші кезеңде инвестициялардың жалпы көлемі 34 млрд теңгені құрайды, оны 2022 жылы пайдалануға беру көзделген. Өнімді өндіру және қайта өңдеу ЕО және АҚШ елдерінің инновациялық технологиялары бойынша жүзеге асырылатын болады. 500 тұрақты және 7 500 маусымдық жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыру елдің импортқа тәуелділігін алма бойынша 5%-ға, жидектер бойынша 100%-ға төмендетуге жол ашады. Ішкі нарыққа жеткізумен қатар, кәсіпорын өнімдері шетелге, оның ішінде Еуропалық Одақ елдеріне экспортталатын болады.

Қапшағай қаласында Үкімет басшысы теңіз балығын өсіретін «Оспанова Девелопмент» ЖШС балық өнеркәсібі кешенін салу жобасының іске асырылу барысын тексерді. Жобалық қуаты жылына 10 мың тоннаға дейін балықты құрайды. Жобаның құны – 67,3 млрд теңге, бірінші кезеңді іске асыру мерзімі – 2022 жыл.

Премьер-Министрге Алматы облысында 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған қант саласын дамыту жоспарлары туралы баяндалды. Суармалы жерлерді кеңейту есебінен қант қызылшасының егіс алаңдары 3,3 есе 53 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Су үнемдеу технологияларын қолдану жалпы өнім жинау өсімін 3,6 есе 2 млн тоннаға дейін қамтамасыз етеді.

Үкімет басшысына жалпы халық саны 220 мың адамды құрайтын Алматы қаласының төрт серіктес қаласы құрылысының жобасы — «G4 City» таныстырылды. Бірінші кезеңде 2370 га аумақта жобалық халық саны 60 мың адамды құрайтын 1,4 млн шаршы метр тұрғын үймен «Gate City» салынады.

Панфилов ауданында Премьер-Министр Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» өткізу пунктінде болып, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА көліктік және логистикалық инфрақұрылымының дамуымен, Құрғақ порт операторының қызметімен, «Қазпошта» АҚ Бонд қоймасының жұмысымен, сондай-ақ АЭА-ның перспективалық инвестициялық жобаларымен танысты.

А. Мамин қуаты жылына 60 мың тонна жем-шөпті құрайтын «SSA Feed Mills» құрама жем зауытының жұмысын бастап берді. Жоба құны – 4,7 млрд теңге. Өнімнің 55%-ы ішкі нарыққа бағытталады, 45%-ы шетелге экспортталатын болады.

Қарасай ауданының Абай ауылында Премьер-Министр иммунобиологиялық препараттар шығаратын «Антиген» ҒӨК» ЖШС жобасымен танысты. Сондай-ақ кәсіпорын алаңында айына «QazVaс» вакцинасының 1 млн дозасына дейін құю бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетін желі ұйымдастырылған. 

«Көлсай көлдері» және «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерін аралау барысында Премьер-Министрге Алматы облысында туризмді дамыту шаралары туралы баяндалды.

Биылғы жылдың 8 айында Алматы облысының экономикасының барлық негізгі салалары бойынша өсім, оның ішінде өнеркәсіпте – 13,8%, ауыл шаруашылығында – 1,1% өсім қамтамасыз етілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға артты. 663,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өңірге 369,9 млрд теңге инвестиция тартылды (+2,3%).

Жұмыс сапарына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов және т. б. қатысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.