Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді

Үкіметте өнеркәсіп, өзара сауда, ЕАЭО нарығын санитарлық, кедендік және техникалық реттеу, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар нарығы мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Осылайша, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты медициналық бұйымдарды өндірушілердің сапа менеджменті жүйесін қашықтан бағалау мүмкіндігі бекітілді.

Онлайн СМЖ бағалауын жүргізу медициналық бұйымдарды өндірушілердің уақытын және қаржылық шығындарын қысқартады, сондай-ақ ЕАЭО аясында өндірісі бастапқы тексеруді қажет ететін жаңа медициналық бұйымдарды қолжетімді етеді.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің металлургиялық зауыттарын қолдау мақсатында ЕЭК алқасына графит электродтары үшін импорттық кедендік баж салығы ставкасын төмендету тапсырылды. Бұл шара дайын өнім өндірісін ұлғайтуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және ЕАЭО-ның ішкі және сыртқы нарығында металл бұйымдарын өткізуді арттыруға бағытталған.

ЕАЭО кедендік аумағына міндетті түрде сәйкестігі бағалауы тиіс өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелудің жаңа тәртібі бекітілді.

Жаңа Тәртіпке сәйкес, техникалық реттеу шараларының сақталуы талап етілетін өнімді орналастыру кезінде кедендік рәсімдердің тізбесі қысқартылды, техникалық реттеу шараларының сақталуын растау талап етілмейтін жағдайлар мен шарттар белгіленді және кеден органдарына ұсыну кезінде техникалық регламент шараларының сақталуын растайтын құжаттарды пайдалана алатын тұлғалардың тізбесі белгіленді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша ЕАЭО аясындағы интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуға бағытталған өзара тиімді шешімдер қабылданды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу