Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО көлік инфрақұрылымын цифрландыруды ұсынды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Еревандағы «Еуразиялық континенттің транзиттік әлеуеті» халықаралық форумында ЕАЭО-дағы транзиттің өзекті мәселелерін көтерді.

«Біріншіден, бұл көлік инфрақұрылымының 40-тан 100%-ға дейінгі айтарлықтай тозуы, бұл, әрине, жолдардың сапасына, логистиканың төмен тиімділігіне әсер етеді, тасымалдар мен тауарлар бағасының қымбаттауына алып келеді. Екіншіден, бұл бюрократизация деңгейі жоғары және заманауи технологияларды баяу енгізу, цифрландыру», — деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, Қазақстан РФ-пен бірге пилоттық форматта шекараларда навигациялық пломбалар енгізді, енді жоспарда — оны ЕАЭО елдерінде көпжақты форматта енгізу, бұл олардың арасындағы транзитті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл РФ аумағы арқылы санкциялық тауарлардың транзиті мәселесін шешеді.

Соңында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО ортақ логистикалық дәліздерін құру бойынша үйлестірудің жетіспеушілігіне әріптестерінің назарын аударды, Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО көлік инфрақұрылымын цифрлау мәселесін пысықтауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, «Еуразиялық континенттің транзиттік әлеуеті» халықаралық форумы осы күндері Армения астанасы – Ереван қаласында ЕЭК Кеңесі аясында өтуде. Форумның басты тақырыбы — трансконтиненталдық көлік байланыстарын дамыту.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу