Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Асқар Мамин Қарағанды облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді 

Бейсенбі, 24 Маусым 2021, 16:45:06

Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, сондай-ақ әлемдегі ең ірі автобус өндіруші «Yutong Group» компаниясының басқарма төрағасы Тан Юйсян телекөпір режимінде Саран қаласындағы зауытта «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы техниканы шағын тораптық өндіру (CKD) желісінің ашылуына қатысты.

Жобаны «QazТehna» ЖШС еліміздің автобус паркін жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырады. Осы уақытқа дейін зауытта DKD ірі торапты әдісімен автобустар шығарылды. CKD шағын торапты өндірістік желісін іске қосу зауыттағы жаңа жұмыс орындарының санын 1 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қуаттылығы жылына 1200 автобус пен 500 бірлік арнайы техниканы құрайды. Өндірісті жергіліктендіру деңгейі 50%-дан асады.

Үкімет басшысы «Саран» индустриялық аймағының дамуымен, оның ішінде шина өндіру жөніндегі жобаның іске асырылу барысымен танысты. Жобаны «Татнефть» ЖАҚ қатысуымен «KamaTyresKZ» ЖШС жүзеге асырады. Зауыттың қуаттылығы бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 млн көпбейінді шинаны құрайды, кейіннен жылына 9 млн шинаға дейін жеткізіледі.

Зауыт ҚР автомобиль өндірісін жергіліктендіру деңгейін арттыруға және шиналардың импортын алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте өнімнің 40%-ын экспорттау көзделген. Жобаны 2022 жылдың IV тоқсанында іске асыру жоспарланған. Жоба құны – 125 млрд тг.

Зауытта 1100-ден астам жаңа жоғары білікті жұмыс орындары құрылатын болады. Қазіргі таңда кәсіпорынның болашақ қызметкерлері – негізінен Саран қаласының тұрғындары қатарынан «Татнефть» ЖАҚ шина кәсіпорындарында тағылымдамадан өтіп жатыр. А. Мамин олармен телекөпір режимінде әңгімелесті.

Премьер-Министрге Саран қ. РТБ тұрғын шағын ауданын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндалды – 2022 жылдың соңына қарай мұнда кәсіпорындар қызметкерлері мен тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдар үшін 510 жалдамалы және қызметтік пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қарағанды қаласында Үкімет басшысы санитарлық-техникалық мақсаттағы өнімдер мен жылыту аспаптарын шығаратын «Сантехпром» ЖШС-да болды. Кәсіпорын жыл сайын 810 мың бірлік сантехникалық өнім – ванналар, жуғыштар, табандықтар мен радиаторлар шығарады. Импортты алмастыру аясында болат панельді радиаторларды өндіру желісін жаңғырту көзделген.

А. Мамин қуаттылығы жылына 2 млн тонна көмір концентратын құрайтын «Qaz Carbon» ЖШС байыту фабрикасының жұмысымен танысты. Кәсіпорын барлық қажетті экологиялық нормаларға сай келеді.

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Үштөбе ауылында Үкімет басшысы «Қарағанды-Бекіре» ЖШС-да болды. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 5 тоннаға дейін уылдырық пен 100 тонна тауарлы бекіре балығы еті. 2023 жылға дейін шығарылатын өнім көлемін жылына 20 тонна уылдырыққа және 300-350 тонна бекіре балығының етіне дейін арттыру жоспарлануда.

Үкімет басшысына балық пен ауыл шаруашылығы малына арналған түйіршіктелген байытылған жасыл жемшөп өндіру және қайта өңдеу жөніндегі құрама жем зауыты құрылысының инвестициялық жобасы таныстырылды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 365 мың тонна өнімді құрайды. Жоба құны – 27 млрд теңге. Іске асыру мерзімі – 2021-2022 жылдар. 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады.

Премьер-Министр Ақсу-Аюлы және Гүлшат кенттерінде жалпы ұзындығы 363 км «Қарағанды – Балқаш» және ұзындығы 583 км «Балқаш – Бурылбайтал – Күрті – Қапшағай» автомобиль жолдарын реконструкциялау барысымен танысты. Үкімет басшысы биыл аталған жобаларда қозғалыстың ашылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жұмыс сапарына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев және т. б. қатысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.