Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Б. Сапарбаев Нұр-Cұлтан қаласында Медициналық психиатриялық денсаулық орталығының жұмысымен танысты

Сейсенбі, 21 Қаңтар 2020, 16:04:36

Сейсенбі күні, 21 қаңтарда, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы Медициналық психиатриялық денсаулық орталығының жұмысымен танысты. 

Медициналық мекемеде психикалық ауытқушылықтары бар адамдарға және мүгедек жандарға денсаулығын қалпына келтіріп, қоғамға оралуына көмек көрсетіледі. Осы мақсатта еңбек арқылы оңалту курстары ұйымдастырылған, онда пациенттер жұмысшы мамандықтарын игере алады. Жыл сайын 500-ден аса адам оңалту емшарасынан өтеді. 

«Біз сондай-ақ әлеуметтік бейімделуге көмектесеміз, консультациялар, әлеуметтік дағдылар тренингтерін өткіземіз, психологиялық білім, отбасылық кеңес берумен айналысамыз. Көмекті білікті мамандар көрсетеді. Осылайша, біз оңалтудың кешенді мәселелерін шешеміз», — деп атап өтті орталық директоры Ербол Нұрқатов.

2015 жылдан бастап аталған медициналық орталықтың базасында «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасы табысты жұмыс істеп келеді, онда әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы азаматтарды: мүгедектігі бар адамдарды, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан азаматтарды, бұрынғы сотталғандарды оқытады және одан әрі жұмысқа орналастырады. Мұнда медициналық орталықта оңалтудан өткен пациенттер де жұмыс таба алады.

Жоба жетекшісі Эмин Аскеровтың айтуынша, бес жыл ішінде шеберханада 700-ден астам адам оқытылды. Орташа жалақы 100-150 мың теңгені құрайды.

«Біздің негізгі мақсатымыз – ақша табу емес, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау. Бүгінгі таңда біздің шеберханада 42 адам жұмыс істейді, олардың 16-ы – денсаулығында менталдық кемшілігі бар азаматтар. Дегенмен, өздерінің ерекшеліктеріне қарамастан, олар еңбек етіп, жалақы алады, олардың өмір сүруге және жұмыс істеуге деген ынтасы жоғары», — деді Э. Аскеров.

Бердібек Сапарбаев әлеуметтік шеберхананың жұмысын жоғары бағалап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осындай тәжірибені еліміздің басқа да өңірлерінде тарату мәселесін қарастыруды тапсырды.

Араланған келесі нысан «DAYR» қоғамдық қоры болды, оны І-топ мүгедегі Әмір Сүлейменов ашқан болатын. Бір жылға жетер-жетпес уақытта қорда жұмыссыздар, мүгедектігі бар азаматтар, толық емес және көп балалы отбасылар қатарынан 200-ден астам адам АТ және SMM дағдыларына оқытудан өтті. Олардың 80%-ы жұмысқа орналасты.

«Сіздер көпшілікке үлгі боларлық іспен айналысып жүрсіздер. Өйткені, өмірлік қиындықтарға қарамастан, сіздер өздеріңізбен тұлғалық жұмыс істеп қана қоймай, өздеріңізді жан-жақты дамытып, өз қабілеттеріңізді арттырып жүрсіздер, сонымен қатар басқа адамдарға белгілі бір дағдыларды игеруге және жұмысқа орналасуға көмектесіп жүрсіздер. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әкімдік осындай жобаларды қолдап, таратуы керек», — деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар, вице-премьер ірі сауда желісінің гипермаркетіне барды. Елорда әкімдігі сауда компаниясымен бірлесе отырып, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды кепілдік берілген әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

«АӘК алатын отбасыларға пластикалық карталар берілетін болады. Олардың көмегімен азық-түлік өнімдері мен гигиеналық жиынтықтарды тікелей дүкендерден алуға болады. Биыл атаулы әлеуметтік көмекпен және әлеуметтік пакеттермен 4 200-ге жуық аз қамтылған отбасыларды қамтуды жоспарлап отырмыз. Аталған мақсатқа 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», — деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Жобаны осы жылдың наурыз айында іске қосу жоспарлануда.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Сәуір 2020, 15:42
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Сәуір 2020, 15:40
Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды
07 Сәуір 2020, 13:12
Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлем: төтенше жағдай кезінде мемлекет қандай шаралар қабылдауда
07 Сәуір 2020, 11:10
Қазақстанның ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту барысында 88 мың жұмыс орны құрылады
07 Сәуір 2020, 11:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №173 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 11:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №171 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №166 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №165 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:07
2020 жылы 12 600 отбасыны жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген — ҚР ИИДМ
07 Сәуір 2020, 09:59
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин
07 Сәуір 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды
06 Сәуір 2020, 15:30
7 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
06 Сәуір 2020, 10:49
Мемлекет басшысы медицина саласындағы ғылыми орталықтардың қызметкерлерін құттықтады
05 Сәуір 2020, 20:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №55
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.