Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев

Сейсенбі, 19 Қазан 2021, 10:30:54

Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың«Hұp Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес 2019 жылдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтты.

«Жобаның мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өмір сүруге жайлы орта құру бойынша шаралар іске асырылуда. Жобаның шеңберінде 3,5 мыңнан астам перспективалы ауыл айқындалды, онда еліміздегі ауыл халқының 90%-ға жуығы тұрады. Атап айтсақ, 1 173 тірек және 2 388 серіктес ауыл іріктелді», — деді Ә. Ерғалиев.

Тірек ауыл – бұл көлік байланысы бар және оның ішінде спутниктік ауылдардың тұрғындары үшін де (10-15 км радиустағы ауылдар) әлеуметтік игіліктер мен қызметтер көрсететін, дамыған инфрақұрылымы бар абаттандырылған елді мекен. Перспективалы ауылдарды іріктеу кезінде, 156 параметр негізінде статистикалық талдау жүргізілді. Бұл ретте, ортақ пайдаланылатын инфрақұрылымды орналастыру мүмкіндіктері, экономикалық параметрлер, сондай-ақ геостратегиялық жағдай – ірі қалаларға, өзендерге, темір жолдар мен автомагистральдарға дейінгі қашықтық ескерілді.

Жобаны іске асыру мақсатында ауылдардың әлеуетін анықтау әдістемесі өзектендірілді. Жаңа әдістемеге сәйкес әлеуетті айқындау 4 блок бойынша анықталды: демография, инфрақұрылым, экономика және геокеңістіктік жағдай. Жаңа әдіснама әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибені зерделей отыра, өңірлер арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықтары бар, атап айтқанда Канада тәжірибесі ескерілді.

«Ауылдық елді мекендерді дамыту үшін инфрақұрылымға инвестиция салу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ тұрғын үй салу мен жаңарту бойынша шаралар қабылданды. Канадада бұл шаралардың тиімділігін арттыру үшін кластерлік тәсіл қолданылды, онда жақын орналасқан ауылдар бірыңғай экономикалық жүйе ретінде қаралады. 2019-2020 жылдары қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде барлық көздер есебінен ауылдық жерлерде жалпы сомасы 618 млрд теңгеге 12 мыңнан астам жоба іске асырылды», — деді ҚР ҰЭМ басшысы.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 5,2 мың км инженерлік желілерді жаңғырту бойынша 1 225 жоба іске асырылды. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту саласында 2 218 жоба жүзеге асырылды. 1 213 мектеп пен балабақша, 234 фельдшерлік пункт, амбулаториялар мен емханалар, 596 клуб, мәдениет үйлері мен кітапханалар, 175 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары cалынды және жөнделді. Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 8 580 жобаны іске асыру нәтижесінде 9 мың км кент ішіндегі жолдар жаңғыртылды.

Ағымдағы жылы іске асырылып жатқан бағдарламалар шеңберінде 566 млрд теңге сомасына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 6,5 мың жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 2,5 мың км инженерлік желілер және 5 мың км кент ішіндегі жолдар жаңғыртылатын болады. 632 мектептер пен балабақшалар, 70 денсаулық сақтау нысандары, 300 мәдениет үйлері, клубтар мен кітапханалар, 96 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары салынатын және жөнделетін болады.

Биыл «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 қазанына қаржыландыру жоспарына сәйкес өңірлерге 50,6 млрд теңге аударылды, соның ішінде игерілгені 48,4 млрд теңге немесе 96%. Бүгінде кейбір өңірлерде аяқталған жобалардың үлгілері бар. Мәселен, Қостанай облысының Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

Павлодар облысының Қызылжар ауылында ауысымына 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қызылорда облысында Жалағаш ауылындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл облысында Айша-бибі ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Қазіргі таңда өңірлерде 400-ден астам жоба аяқталды, қалған жобалар жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Жалпы 2019-2021 жылдары мемлекеттік бағдарламалар бойынша және жеке инвестициялар есебінен ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бағытталды. Келесі 4 жыл ішінде 1,3 трлн теңге бөлінеді,оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде – 670 млрд теңге», — деді ұлттық экономика министрі.

2025 жылға дейін даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл қамтылып, онда ауыл тұрғындарының 90%-дан астамы тұратын болады. Жалпы, ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі кешенді тәсіл 2025 жылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын едәуір арттыруға мүмкіндік береді

Осылайша, ауыл халқын сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз етуге қол жеткізіледі. Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік барлық ауыл тұрғындары үшін қамтамасыз етіледі. Ауылдық жерлерде 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жергілікті маңызы бар жолдардың 95% жақсы жағдайда болады. 12 мың шақырым инженерлік желілер салынатын және жаңғыртылады. 10 мың шақырым кент ішіндегі жолдар салынатын және жөндеумен қамтылатын болады. 

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шеңберінде ауылдық жерлерде 5 мың мектепті жаңғырту және 315 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100% қамтылатын болады. Барлық ауыл мектептері білікті педагогтармен қамтамасыз етіледі.

1 095 объектіні салу және жаңғырту ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесі қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауылда спортпен айналысу және шығармашылықты дамту үшін жағдай жасау мақсатында 1 719 спорт және 1,5 мың мәдениет объектілері салынып, жаңғыртылатын болады.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында 4,5 трлн теңге сомасына 934 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. 600 мың га жаңа суармалы жерлерді айналымға тарту 70 мың отбасылық шаруашылық құруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе артады. Қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, АӨК өнімдерінің экспорты 2 есеге артады. 7 ірі жүйенің экожүйесін қалыптастыру есебінен 1 млн ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру қамтамасыз етіледі. 500 мың жұмыс орны құрылады.

«Ауыл - Ел бесігі» жобасын іске асыру ауыл халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ете отырып, ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін береді. Ұлттық экономика министрлігі  Жобаның іс шараларын мерзімінде және тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады», — деді Әсет Ерғалиев.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, қазіргі уақытта 520 ауылда 360 мыңнан астам адам немесе облыс халқының 42%-ы тұрады. Мониторинг нәтижелері бойынша даму әлеуеті бар 258 ауыл анықталды, оларда 277 мыңнан астам адам немесе облыстың ауыл халқының 77%-і тұрады. Оның ішінде тірек ауылдар – 86, серіктес ауылдар – 149, шекара маңындағы ауылдар – 23.

«2019 жылдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» жобасы іске асырыла бастады, онда 159 мыңнан астам адам немесе ауыл халқының 44% тұратын 38 ауылына 192 жобаны іске асыруға 14,4 млрд теңге бағытталды. Бұдан басқа, жаңа объектілер 1429 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, басқа мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бюджет шеңберінде ауылдарды кешенді дамытуға 18,7 млрд теңге, жеке инвестициялар есебінен 4,4 млрд  теңге бағытталды, бұл жиынтығында ауыл тұрғындарының өмірі үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Биыл 47 жобаның 37-сі аяқталды, қалған жобалар бойынша жөндеу жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. 1 қарашаға 4,1 млрд теңге немесе жылдық жоспардың 69% сомасында игеру күтілуде.

Ағымдағы жыл шеңберінде:

  • 2 орта мектепке күрделі жөндеу аяқталды. Нәтижесінде объектілер оқу процесін жүргізу үшін барлық стандарттарға сәйкес келеді. Мектеп жанындағы интернатты жөндеу жақын орналасқан халық аз қоныстанған елді мекендердің балаларының тұруы мен оқуы үшін жақсы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Қалған объектілерде жөндеу жұмыстары жалғасуда, оқушылар орналастырылды, офлайн режимінде оқиды, оқу үрдісінде олқылықтар жоқ;
  • әлеуметтік нысандарды тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін Аманқарағай ауылында модульдік қазандық іске қосылды. Қараша айында Қарабалық ауылында екі автономды қазандықтың құрылысы аяқталады;
  • инфрақұрылымды жақсарту және ауыл тұрғындарының жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 27 көшенің орташа жөндеуі толық аяқталды;
  • Ұзынкөл және Торғай ауылдарында екі заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, олар ауыл тұрғындары арасында спорттың дамуына жаңа серпін береді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
10 Қараша 2021, 11:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №786 Қаулысы
10 Қараша 2021, 11:20
Қазақстанда соңғы екі айда коронавируспен сырқаттанушылық 3,4 есе азайды — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.