Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Елбасы Тұңғыш Президент Қоры Сыйлығының лауреаттары және Қазақстанның талантты жастарымен кездесті

Сәрсенбі, 27 Қараша 2019, 23:24:58

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында жас көшбасшылар Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің жетістіктері мен түрлі салалардағы жаңалықтары туралы айтып берді.

Адами капиталды дамытудың маңыздылығын айта келе, Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық дамудың заманауи қатерлері мен әлемдік трендтеріне тоқталды.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев жастарға одан әрі өсуге тең жағдай жасау үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты.

«Жастар жылы аясында талантты және қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған «Ел Yмiтi» бастамасын ұсындым. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент қоры қолға алып, мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Қазір Қор ауқымды трансформация кезеңін өткеруде. Қор білім беру, әлеуметтік даму және жастар бастамаларын жан-жақты қолдау құрылымына айналады», — деді Елбасы.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Ел Yмiтi» бастамасы аясында алдағы атқарылатын жұмыстардың маңызды бағыттарына тоқталды.

«Біз студенттердің қабілеттері мен кәсіби бағдарын анықтайтын кешенді жүйе құрамыз. 2020 жылы барлық өңірлерде оқушылардың қабілеттері мен кәсіптік бағдарын ерте анықтайтын арнайы орталықтар ашылады. Онда дарынды балалардың қабілетін диагностикалаудың үздік әлемдік тәжірибеге негізделген заманауи әдістері қолданылатын болады», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы жақын арада елордада үздік білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін болашақ мамандықтардың орталығы мен арнайы ақпараттық алаң құрылатынын айтты.

Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев ауыл мектептерін қолдау бойынша жоспарланған шараларға тоқталды. Мәселен, Тұңғыш Президент Қоры бағдарламасы аясында «Мың бала» олимпиадасы ұйымдастырылады.  Нәтижесінде ауыл мектептеріндегі 1000 үздік оқушы талантты балаларға арналған «Дарын» мектептерінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, арнаулы бағдарлама бойынша ауыл мектептерінің модернизациясы жүргізілетін болады. 2020 жылы бірінші кезеңде 14 мектеп таңдалады.

«Бағдарлама аясында осы мектептердің педагогтары республикалық интеллектуалдық мектептер мен жетекші халықаралық университеттерде оқытудың заманауи әдістерін меңгереді», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы жас көшбасшылар тобын құру процесіне де ерекше назар аударды.

«Біз көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді күшейту үшін арнайы жобаны қолға алдық. Жастарды өзін-өзі дамытуға және жетістікке жетелейтін мұндай бағдарламалар әлемде өте танымал. Жаңа бағдарламада 7 бағыт қамтылады: физикалық даму, тұлғалық қасиеттерді дамыту, кітап оқу, еріктілердің қызметіне атсалысу, экспедициялар мен сапарларға қатысу, ұлттық мұраны сақтау және тәжірибе жинау», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті экономиканың түрлі салаларында мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

«Басты талап – үздік білім мен әлемдік жетекші компанияларда жиған тәжірибе ғана емес, сондай-ақ, топта жұмыс істеу, күрделі міндеттерге жауапкершілікпен қарау және жұмысты соңына дейін жеткізу шеберлігі. Бағдарлама бойынша іріктеуден өткен әр маман өзгерістерді басқару менеджері деңгейіне дейін оқытылады», — деді Елбасы.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды «Ел Үміті» бастамасын іске асыруға белсене қатысуға шақырды.

«Бұл бастамаға бүкіл қоғам, әсіресе, аға буын бір кісідей атсалысса, нәтижелі болатынына сенімдімін. Ұстаздар қауымы мен шығармашылық интеллигенцияны осы жобаларды қолдауға шақырамын», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.