Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерінде Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді

Бейсенбі, 16 Шілде 2020, 19:28:13

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елордадағы медициналық мекемелерге барып, ҚР Президентінің нұсқаулары мен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерінің орындалу барысын тексерді.  

Премьер-Министрдің орынбасары барған алғашқы нысан амбулаторлық-емханалық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем шақыртуларына қызмет көрсететін №9 қалалық емхана болды. Бүгінгі таңда емханада 95 мың тұрғынға қызмет көрсетіледі.   

Пандемия кезінде емханада фильтр-кабинеттер мен провизорлық бөлім ұйымдастырылды, бұл жерлерде ПТР-зерттеу үшін биоматериал алынып, сондай-ақ қажетті ем тағайындалады.   

Сонымен қоса, Ведомствоаралық комиссия басшысы Damumed мобильді қосымшасы арқылы іске қосылған пациенттерді тегін онлайн-қабылдаудың жұмысымен танысты. Қазіргі кезде 19 ұйым осы қызметке қосылған. Болашақта Нұр-Сұлтан қаласындағы 31 медицина ұйымы онлайн-консультациялар жүргізетін болады.   

Бұдан өзге, емханада жедел жәрдемге түсетін жүктемені жою мақсатында бес мобильді бригада ұйымдастырылған. Бұл мобильді топтар COVID-19 және пневмониямен сырқаттануға күмәнді науқастарға үйде қызмет көрсетеді, дәрігерлер тексеріп, ПТР-зерттеуден өткізу үшін биоматериал алынады және қажетті ем тағайындалады. 

Сонымен қатар, Е. Тоғжанов жедел медициналық жәрдем қалалық станциясына барды. 2016 жылдан бері станцияда кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемі аясында ауруханаға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі кезде мұнда 1 414 медицина қызметкері жұмыс істейді, 80 бригада мен 124 автокөлік құралы бар. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндердің санының азайғаны байқалып отыр. Егер 22 маусымда оған тәулігіне 4,3 мың адам жүгінсе, 16 шілдеде 1,9 мың адам жүгінген. Оның ішінде КВИ бойынша жүгіну саны тәулігіне 500-ден 254-ке дейін төмендеген. Жедел жәрдемді шақыртулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1,3 мыңға дейін қысқарған. 

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бұдан басқа №2 қалалық көпсалалы аурухананың жұмысымен танысты, бұл аурухана пациенттерді барлық бейін бойынша қабылдайтын бірден-бір емхана болып отыр. Аурухана жедел медициналық көмек бойынша да, адамдардың өздігінен жүгінуі бойынша да тәулік бойғы режимде пациенттерді қабылдауды қамтамасыз етеді. Тәулік ішінде орта есеппен 300-ге жуық пациент мұнда жүгінеді — 200 адам жедел медициналық жәрдем бойынша, 100 адам өздігінен жүгіну және емханалардан бағытталуы бойынша.

Сонымен қатар ауруханада коронавирус инфекциясымен ауырғандарға арналған 30 инфекциялық төсек-орын, сондай-ақ жансақтау бөлімінде қажетті медициналық жабдықтармен, оның ішінде ӨЖЖ аппараттарымен жарақталған 9 төсек-орын бар.  

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпсалалы аурухананың мамандарының штаты 1700-ден аса жоғары білікті қызметкерді қамтиды, оның ішінде 500 — дәрігер. Аурухананың 200-ден аса қызметкері ауырған, оның ішінде 150 адам сауығып, жұмысына оралған.  

Медицина қызметкерлерімен кездесу кезінде Е. Тоғжанов медицина саласының барлық қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың күнделікті ерен еңбегін атап өтті және оларды бүгінгі күннің қаһармандары деп атады. 

Сонымен қоса, Премьер-Министрдің орынбасарымен әңгімелесу кезінде дәрігерлер әріптестерінің атынан медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеуге қатысты алаңдаушылықтарын білдірді, бұл мәселе бойынша Е. Тоғжанов медицина қызметкерлеріне барлық қажетті төлемдер толық көлемде аударылатынына сендірді. 

Сонымен қатар, медицина мекемелерін дәрілік препараттармен одан әрі қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бүгінгі таңда медицина мекемелері дәрілік заттармен 100% қамтамасыз етілген. Ведомствоаралық комиссияның басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС-ға еліміздің барлық медицина мекемелерінде дәрілік препараттардың айлық қорын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Елордадағы стационарлардың жүктемеленуі өткен аймен салыстырғанда салыстырғанда 34%-ға төмендегенін атап өткен жөн, сондай-ақ төсек-орындар саны 2 705 бірлікке артқан.  


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.