Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді

Жұма, 24 Қаңтар 2020, 16:28:43

Кеңейтілген отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жиынды ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Сайлауалды бағдарлама мен Қазақстан халқына арналған Жолдауды жүзеге асыру барысында Үкімет пен Парламент бірлесіп үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. Маңызды бағдарламалар қабылданып, макроэкономикалық көрсеткіш бойынша жоспарланған нәтижеге қол жеткізілді. Мемлекет басшысының пікірінше, Үкімет Президенттің тапсырмаларын орындауды қамтамасыз еткенімен, экономикалық дамудың сапасына қатысты әлі де шешілмеген мәселелер бар.

«2019 жылдың 11 айында жалпы ішкі өнімдегі несие портфелінің көлемі 23 пайыздан 22 пайызға төмендеп кетті. Бұл экономиканы несиелендіруді тежейді. Өткен жылы біз Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде инфляция деңгейі бойынша «чемпион» болдық. Еңбек өнімділігінің айтарлықтай артпауы – үлкен мәселе. Бұл – проблема. Шикізат экспортының үлесі жәй өсуде», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдына қойған мақсаты мен міндеттері өзгермейді. 2050 Стратегиясын, еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары бағдарламаларын жүзеге асыру жалғаса береді. Дегенмен Үкімет экономиканы түбегейлі реформалайтын жан-жақты бағдарлама дайындауы керек», – деп өз ұстанымын ашық айтты.

«Бізге негізгі проблемаларды нақты пайымдайтын және оның шешу жолдарын қарастыратын жаңа экономикалық бағыт қажет. Реформа жасау үшін ерік пен жігер керек екені белгілі. Мен Үкіметті осыған шақырамын. Әзірге мемлекеттік аппарат көптеген нормативтік актілерге алаңдап, ведомствоаралық келісім керек деген сылтаумен маңызды шешімдерді жәй қабылдап жатыр. Халықаралық бәсекелестік артып, халық әділетті талап қойып отырған қазіргідей кезеңде бұлай жұмыс істеуге болмайды. Реформаларды тізеге басып отырып жасау керек», – деп мәлімдеді Президент.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, өткізу нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, қазақстандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын, сонымен қатар, ашық әрі прагматикалық салықтық-бюджеттік саясат қалыптастыру керектігіне назар аударды.

Қазақстан Президенті фискальды саясат та жаңғыртуды қажет етеді деп санайды. Оның негізгі міндеті – бюджетке қаржының тұрақты түсуін қамтамасыз ету, ұлттық кірісті әділетті бөлу, экономикалық өсімнің сапасы мен құрылымын жақсарту. Микро және шағын бизнесті салықтан босату оның дамуына тың серпін беретінін көрсетті. Бірақ жаппай салықтан босату айтарлықтай теріс әсер беруі мүмкін.

«Еркін экономикалық аймақ бойынша ғана шартты шығынымыз 2 триллион теңгеге жуық. 13 еркін экономикалық аймақтың құрылымына бюджеттен қосымша 340 миллиард теңге бөлінді. Осы аралықта еркін экономикалық аймақтан 170 миллиард теңге ғана салық жиналды. Бар-жоғы 18 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Еркін экономикалық аймақтың барлығында сапалы толықтыру проблемасы бар, яғни, басқарылуы дұрыс емес. Үкіметке ұсынылатын салықтық преференциялардың барлық спектрінің тиімділігі мен мақсаттылығына талдау жасауды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің тапсырмасы бойынша имидждік шараларға бөлінетін қаржы қысқартылды. Осының арқасында 30 миллиард теңге оңтайландырылды. Дәл осындай тиімсіз шығындарды анықтау шаралары квазимемлекеттік секторында да жүргізіледі.

«Үкіметке осы жылдың 1 мамырына дейін жұмыс нәтижелерін баяндауды тапсырамын. Маңыздылығына сәйкес кейінге қалдыруға болатын шығындарды анықтауы қажет. Соның бастамасы ретінде қымбат көліктер мен жиһаздарды сатып алуға, түрлі форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізуге ұзақ мерзімді мараторий жариялауды ұсынамын. Елімізде өтетін шаралар практикалық және идеологиялық тұрғыдан нақты пайдалы болуы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Президент ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үкіметке 2025 жылға дейінгі Сауда саясатының бағдарламасын әзірлеуді, Сертификаттаудың ұлттық жүйесін дамытуды, Ұлттық стандарттарға сенімді арттыруды, сондай-ақ, «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысының пікірінше, жобаларды еселеп қымбаттату үрдісі  жалғасуда, құрылыс құнының сметасын жасауда проблема бар.

«Мемлекеттік органдардағы сатып алулардың 49 пайызына дейін және квазимемлекеттік сектордағы сатып алулардың 70-тен 90 пайызына дейін бір көзден жүзеге асырылады. Сатып алу барысында ерекше жағдай деп белгілеп, оны ең төменгі шекке дейін жеткізіп, бәсекенің болмауына негізделген тәсілдерді қысқарту керек. Мысалы, 8 өңірде жеткілікті түрде жеке тасымалдаушылары бар муниципалды автопарктер құрылған. Үкімет қалалық жолаушылар тасымалы саласында тәртіп орнатуға міндетті. Бұл – маңызды әлеуметтік мәселе. Орындауға екі ай уақыт беремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің агроөндіріс кешеніндегі ахуалға да көңілі толмады. Соңғы 5 жылда аталған салаға 2,4 триллион теңгеден астам қаржы бөлінгеніне қарамастан, жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 4,5 пайыздан аспайды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экспорт әлеуетін көтере алмағанымызды, сондықтан азық-түлікпен толық қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, министрлік елімізде шикізат өңдеу үшін барлық жағдайды жасауы тиіс. Қайта өңдеу ісі мен экспорт тиімді болуы қажет.

 «Бізде Агроөндіріс кешенін дамытудың бесжылдық бағдарламасы бар. Онда аталған саланың мақсаты мен міндеті, нақты өндірістік және экономикалық көрсеткіштері жазылған. Демек Үкіметтің жоспарлары мен негізгі басымдықтары айқын. Сонымен қатар қолдау шаралары, яғни, субсидия беру тәсілі жыл сайын өзгереді. Соңғы 5 жыл ішінде бөлінген қаржы 2 триллион теңгеге жетті. Бұл ретте субсидиялар 47 рет өзгерді. Үкіметке мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығын, олардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бұл тапсырма әзірге орындалмады. Нақты шешімдер мен ұсыныстар күтемін», – деді Мемлекет басшысы.

2019 жылы әлеуметтік қолдау мақсатындағы шығын 3,5 триллион теңге болды. Бұл жалпы бюджеттің 30 пайызы. Әлеуметтік қорғау шаралары шамамен 4 миллион адамды қамтыды. «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламалары бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық отбасы займ алды. Президенттің пікірінше, алдағы уақытта тұрғын үй салу мәселесі Үкімет жұмысының басым бағыты болуы тиіс.

«Зейнетақы аударымындағы қаржының бір бөлігін тұрғын үй алуға және басқа да қажеттіліктерге пайдалану жайына келер болсақ, бұл маңызды мәселені шешудің алғашқы қадамы жасалды. Біздің мақсатымыз – барлық жиналған қаражатты қазір бөліп беріп, адамдарды қартайғанда лайықты зейнетақысыз қалдырмау. Еңбеккерлердің жұмыс берушілерден зейнетақы жарналарын төлеуін талап етуі үшін ынталандыру тетіктерін ойластырып, еңбекақы төлеуде ашықтық қалыптастыру қажет. Үкімет пен Ұлттық банк бұл реформаны жүзеге асыруды бастайды. Осындай мүмкіндік берілетін азаматтардың қатарын біртіндеп көбейте беру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкіметті әлеуметтік және экономикалық қатерлерге жол бермеу үшін өз бастамаларын мұқият әзірлеуге шақырды. Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың шешімдері азаматтар тарапынан жиі сыналады, кей жағдайларда, тіпті, халықтың ашу-ызасын тудырады. Бүгінде Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінген автомобильдерге қатысты проблема қоғам назарын аударды.

«Елімізге әкелінген мұндай автомобильдердің көпшілігі тіркеуге қойылмайды. Ондай көліктер саны – ондаған мың. Бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға байланысты құқықтық баға беруді тапсырамын. Аталған мәселені шешу үшін Үкімет Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автомобильдерді бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл автокөліктерді тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады. Бұл ретте азаматтар тіркеу алымдары мен мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Уақытша тіркеу автомобильдердің меншік құқығынан шығарылмай, басқа тұлғаның пайдалануына немесе басқаруына берілмей жүзеге асырылуы тиіс. Автокөлік иелері 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік баж салығын және автомобильді тұрақты тіркеуге қою немесе елімізден шығару, сондай-ақ, заңнама жүзінде тыйым салынбаған басқа да іс-қимылдарды жүзеге асыру кезінде салынатын утилизация алымын төлеуі тиіс», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Үкіметке бұдан былай ел заңнамасын бұза отырып шетелден автокөліктердің әкелінуіне, пайдаланылуына шектеу қоюды тапсырды.

Президент сөзінің соңында бүгін ешкімге сөгіс немесе ескерту жарияламағанын, Үкімет мүшелері мен әкімдерге жіберген кемшіліктерін көктемге дейін түзетуге мүмкіндік беретінін атап айтты. 

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінің толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыздар.


Жаңалықтар тізбегі
07 Сәуір 2020, 15:42
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Сәуір 2020, 15:40
Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды
07 Сәуір 2020, 13:12
Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлем: төтенше жағдай кезінде мемлекет қандай шаралар қабылдауда
07 Сәуір 2020, 11:10
Қазақстанның ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту барысында 88 мың жұмыс орны құрылады
07 Сәуір 2020, 11:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №173 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 11:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №171 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №166 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №165 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:07
2020 жылы 12 600 отбасыны жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген — ҚР ИИДМ
07 Сәуір 2020, 09:59
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин
07 Сәуір 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды
06 Сәуір 2020, 15:30
7 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
06 Сәуір 2020, 10:49
Мемлекет басшысы медицина саласындағы ғылыми орталықтардың қызметкерлерін құттықтады
05 Сәуір 2020, 20:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №55
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.