Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР-да бизнес ахуалды жақсарту шаралары: төлемдерді уақытша тоқтату, қайта қаржыландыру және несие төлемдерін кейінге қалдыру

Дүйсенбі, 17 Тамыз 2020, 11:50:07

Қазақстан Үкіметі коронавирус инфекцияcының пандемиясы басталғаннан бері экономика өсімін қалпына келтіру бойынша дағдарысқа қарсы бірқатар шараларды қабылдап жатыр. Ең көп зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілеріне 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімге несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады. PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов қазіргі жағдайда бизнесті қолдау шаралары туралы толығырақ айтып берді.

— Нұрлан Алмасұлы, қайырлы күн! Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке және заңды тұлғалар үшін несие төлемдерін кейінге қалдыру бойынша бірқатар шараларды қабылдады. Қанша клиентке төлемдерді кейінге қалдыруға рұқсат берілді, қаншасы кейінге қалдырылды және қандай сомаға? Осы сұрақтарға жауап берсеңіз.

— Қайырлы күн! Шынында да, Агенттік осы жылдың наурыз айында енгізілген төтенше жағдайға, сондай-ақ карантин режиміне байланысты кәсіпкерлер мен халықты қолдау аясында несие төлемдерін уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдады. Биылғы 26 наурызда Агенттік тұрғындар мен кәсіпкерлердің несиелері бойынша төлемдерді 90 күнге — 16 наурыздан 15 маусымға дейін кейінге қалдыру тәртібін қабылдады. Осы кезеңде банктік қарыздары бар 1 млн 890 мың азамат (барлық қарыз алушылардың 33%-ы) жалпы сомасы 268 млрд теңгеге төлемдерді кейінге қалдырды. Сондай-ақ 12 мың кәсіпкерлік субъектісі жалпы сомасы 164,8 млрд теңгеге несие төлемдерін кейінге қалдырды (барлық қарыз алушылардың 42%-ы).

Бұдан әрі биылғы 15 маусымда кейінге қалдырудан басқа, банктердің қайта қаржыландыру жөніндегі ішкі бағдарламалары шеңберінде немесе қазіргі уақытта әрекет етіп тұрған үш мемлекеттік бағдарлама аясында зардап шеккен кәсіпкерлерді қайта қаржыландыруды қарастыратын жаңа тәртіп қабылданды.

Осы жылғы 3 тамызда Агенттік карантинді ұзартуға байланысты кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шараларын қабылдады. Атап айтқанда, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің биылғы 5 шілдедегі өкімі аясында қызметі уақытша тоқтатылған кәсіпкерлер үшін төлемдерді кейінге қалдыру өтінімін қарау мен мақұлдаудың неғұрлым жеңілдетілген тәртібі енгізілді.

10 тамыздағы жағдай бойынша банктер 6 236 жуық өтінішті мақұлдады, оның ішінде 1 542-сі қайта қаржыландырылды және 4 694-ке жуық кәсіпкердің төлемдері 1 қазанға дейін кейінге қалдырылды.
 

— Қазіргі жағдайда банктен төлемдерді кейінге қалдыруды сұраған кезде қарыз алушының несиелік тарихы нашарламай ма?

— Төлемдерді уақытша тоқтата тұру немесе төлемдерді кейінге қалдыру қаржылық жағдайды нашарлатудың немесе кредиттік шарт талаптарының елеулі өзгеруінің көрсеткіштері емес. Бұл жағдайда төлемдерді кейінге қалдыру төлемдерді неғұрлым кеш мерзімге ауыстыруды және қарыз алушының банкпен төлемдердің жаңа кестесіне қол қоюын көздейді. Осыған байланысты төлемдерді кейінге қалдыру — төлемдерді тоқтата тұру — қарыз алушының несие тарихын нашарлатпайды.

 

— Сіздер ШОБ-ты жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жүзеге асырып келесіздер. Бұл бағдарламаның қандай нәтижесін байқайсыз?

— Қазіргі уақытта Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп, зардап шеккен салалардың кәсіпкерлерін айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті несиелендіру бағдарламасын іске асырып жатыр. Аталған бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаның жалпы көлемі шамамен 600 млрд теңгені құрайды. Оның аясында жылдық 8% мөлшерлемесі бойынша 1 жылға айналым капиталына қарыздар беріледі. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 380 млрд теңге болатын 3125-ке жуық қарыз берілді.

Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл аса инвестициялық бағдарлама. Оның бюджеті 600 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Аталған бағдарлама аясында жылдық 6% мөлшерлеме бойынша несиелер беріледі.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге өте ыңғайлы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл оларға қарыз жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, қарыз алу үшін банктерге кепілдік қамтамасыз етуді ұсынуда қиындықтарға тап болған кәсіпкерлер үшін аса пайдалы. Осы бағдарлама аясында несиелер соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша беріледі. Кепілдіктер қарыздың 85% дейін беріледі.

 

— Дағдарысқа қарсы бастамалар аясында Агенттік пен Ұлттық банк экономиканы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және пруденциалдық ден қою шаралары арқылы ынталандырады. Бұл әрекеттер туралы толығырақ айтып берсеңіз.

— Қазіргі уақытта банк секторына карантин әсер етуде. Төлемді кейінге қалдыру — бұл банктер үшін белгілі бір шығындар. Бұл шығындарға қатысты банктерде қажетті резервтер құрылды және бар. Агенттік жұмысын жалғастыруда. Карантинге және төлемді кейінге қалдыруға байланысты қосымша шығындарды қабылдау үшін Агенттік пруденциалдық реттеу тетігін пайдаланды.

Контрциклдік шара ретінде Агенттік уақытша негізде капиталдың жеткіліктілігі жөніндегі талаптарды төмендетті, яғни біз капитал буферлерінің белгілі бір бөлігін босаттық. Сондай-ақ біз капиталдың жеткіліктілігі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша талаптарды төмендеттік. Бұл шара осындай қарыздар беруді ынталандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өтімділік коэффициенті бойынша талаптарды төмендетті. Осы шаралар жиынтығында шамамен 468 млрд теңге меншікті капитал мен 1,8 трлн теңге көлеміндегі өтімділікті босатуға мүмкіндік берді. Бұл қаражат экономикаға банктік несиелеуді қолдау үшін жіберілді.

 

— Микрокредиттік ұйымдар 1 шілдеге дейін мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс еді. Бұл процестің нәтижелері қандай? Сіздер қанша ұйым тіркедіңіздер? МКҰ нарығын қалай реттеуді жоспарладыңыздар?

— Өткен жылға дейін біз азаматтарымыз микрокомпаниялар, шағын несиелеу қызметтерін белсенді пайдаланған процесті байқадық. Осыған байланысты осы секторда белгілі бір проблемалар жинақталды. Адамдар көбінесе мұндай ұйымдардың жоғары пайыздық мөлшерлемелер орнатуынан, өсімпұлдар мен айыппұлдар салуынан зардап шекті. Сондай-ақ өткен жылы біз алаяқтықтың жекелеген фактілерін байқадық.

Осыған байланысты өткен жылы осы жылдың басынан бастап шағын несиелеу компанияларын реттеуді, сондай-ақ олардың биылғы 1 шілдеге дейін Агенттікте міндетті есептік тіркеуден өтуін енгізген заң қабылданды. Алайда пандемия карантиніне байланысты көптеген шағын несиелеу компанияларының қызметі шектелді, уақытша тоқтатылды, есептік тіркеуден барлығы өте алмады, сондықтан біз есептік тіркеу мерзімін 1 қыркүйекке дейін ұзарттық.

Қазіргі кездегі жағдай бойынша 1 104-ке жуық шағын несиелеу компаниясы, оның ішінде 562 ломбард, 380 шағын қаржыландыру компаниясы және 182-ге жуық кредиттік серіктестік тіркеуден өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келесі жылдан бастап міндетті лицензиялау енгізіледі. Яғни, қазір — есептік тіркеу, ал келесі жылдан бастап барлық шағын несиелеу компанияларын міндетті түрде лицензиялау болады. Агенттік тиісті түзетулер әзірледі. Олар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап микрокредиттер беруді Агенттіктің лицензиясын алған ұйым ғана жүргізе алады деп қарастырады.

 

— Тәуекелге бағдарланған қадағалау қалай жүзеге асырылады?

— 2019 жылы біз тәуекелге бағдарланған қадағалауға көштік. Бұл қадағалауды реттеу жүйесін жақсарту үшін жасалды. Сондай-ақ бұл қаржылық көрсеткіштерді жақсарту және банк секторындағы тәуекелдерді азайту үшін жасалды. Тәуекелге бағытталған қадағалау Еуропалық Одақтың SREP деп аталатын еуропалық моделіне негізделген. SREP банктің қаржылық жағдайын диагностикалауды, оның қызметіндегі жағымсыз құбылыстарды ертерек анықтауды және түзету шараларын жедел қабылдауды қамтамасыз етеді.

SREP-тің негізі немесе басты элементі — қадағалау пайымы. Агенттік заң жүзінде тәуелсіз орган болып табылады және қадағалау пайымын өкілетті түрде қабылдайды. Одан әрі тәуекелге бағдарланған қадағалауды жетілдіру үшін Агенттік банктердің тәуекелдерін басқару жүйесін қадағалауды күшейту жөніндегі жұмысты жалғастырады, сондай-ақ шоғырландырылған қадағалау кеңейтілетін болады, тұрақты негізде банктерге стресс-тестілеу жүргізілетін болады.

 

— ҚНРДА — реттеуші. Ал Агенттік нарықты қалай дамытады?

— Жаңа экономикалық шынайылық жоғары қосылған құны мен табыс деңгейімен экономиканы қалыптастыру үшін қаржы секторын трансформациялауды талап етеді. Бұл үшін қаржы секторы мен қызметтер халық пен бизнес үшін қолжетімді болуы керек. Бұл ретте қаржы секторы әртүрлі шоктарға орнықтылықтың қажетті деңгейін сақтауы тиіс. Осыны ескере отырып, біздің алдағы жоспарларымыз қаржы секторын дамытуға, оның жоғары технологиялылығына, бәсекеге қабілеттілігіне бағытталатын болады.

Қадағалауды реттеу аясында қаржы нарығының инфрақұрылымын қоса алғанда, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Сондай-ақ тәуекелге бағдарланған қадағалауды жетілдіру және халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі жұмыс жалғасады. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қарап-тексеру әрекетінің жаңа моделін қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданады. Ол үшін Агенттік кешенді тәсілдерді әзірледі.

Олар қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, экономикалық өсімді қолдаудағы қаржы нарығының рөлін арттыруға, инвестициялар тартуға, қор нарығын, сақтандыру нарығын, микрокредит беру нарығын дамытуға, қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғауға, қаржы технологияларын, инновацияларды дамытуға, сондай-ақ жаһандық жүйенің ішкі нарығын интеграциялауға бағытталған. Осы кешенді тәсілдерді іске асыру үшін Агенттік осы жылдың үшінші тоқсанында Қаржы нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жаңа редакциясын қабылдауды жоспарлап отыр.

 

— Сұхбат бергеніңізге рақмет.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Шілде 2021, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №493 Қаулысы
26 Шілде 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №489 Қаулысы
26 Шілде 2021, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Астрахан облысының делегациясын қабылдады
26 Шілде 2021, 15:58
Қазақстан мен Eni баламалы энергия көздерін дамытады
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.