Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Дағдарыс – бұл көптеген басымдықтарды қайта қарастырудың себебі — С. Көшкімбаев

Бейсенбі, 16 Сәуір 2020, 09:39:54

Жуырда ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары COVID-19 індетіне байланысты бірлескен мәлімдеме жасады. Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей президенттері мен Армения Премьер-Министрі ортақ қауіп — коронавирус пандемиясына бірлесіп қарсы тұру үшін күш-жігерлерін біріктіруге әзірлігін білдірді. Мұндай үйлесімділіктің қаншалықты маңызды екені туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Санат Көшкімбаев айтып берді. 

Сарапшы қазіргі жағдайларда түрлі елдердің, әсіресе, түрлі халықаралық бірлестіктер мен ұйымдардың мүшелерінің іс-әрекеттерінің үйлесімділігін атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі санитарлық медициналық дағдарыс жағдайларында ең үздік әрі оңтайлы жауап пен әрекет түрлі елдердің тығыз, ұйымдасқан ынтымақтастығы, осы сын-қатерге, осы қауіпке қарсы күрес бойынша үйлесімділігі болуы тиіс. 

Әрине, медицина саласында қазір түрлі елдер бір-біріне қолдау көрсетіп жатыр. Мысалы, Ресей Қазақстанға қолдау көрсетті. Қазақстан өз кезегінде барлық көрішлері мен серіктестеріне көмек көрсетуге әзір екенін білдірді. 

Келесі маңызды аспект — экономикалық кооперация.

«Қазір оқшауландыру шаралары қабылдануда. Соның салдары ретінде, сауда өндірістік жеткізулердің тізбегі үзіліп жатыр. Қалай болғанда да әлемге дағдарыстан кейін қарау керек. Яғни, қазір дағдарыс өршіп тұрған кезеңде бұл байланыстарды сақтап, сауданың қысқаруының теріс салдарын тоқтатуға тырысу маңызды. ЕАЭО мүшелері қабылдап жатқан шаралар, атап айтқанда, бірлескен мәлімдемесі қазір елдердің, жалпы бірлестіктің алдында тұрған барлық проблемаларды түйсініп, түсінетінін білдіреді», — деді Санат Көшкімбаев.

Сарапшы бұл дағдарыстың әлем экономикасы мен халықаралық аренадағы түрлі сауда экономикалық бірлестіктерге қандай зардабын тигізетінін айтты. 

«Қазір біз дағдарыстың жеткізулер тізбегінің байланысына тым теріс ықпалын тигізгенін көріп отырмыз. Шикізаттық тауарлардың бағасы да айтарлықтай түсіп, зардабын тигізді. Тиісінше қаржы дағдарысы орын алуда. Дағдарыс елдердің жетістігін жояды. Тек ірі экономикалар ғана мұнымен күресе алады, Қытай, Жапония, АҚШ, Германия сияқты елдер», — дед ол.

Дағдарыс салдарын азайту мақсатында елдер арасындағы осы үйлесімділік қажет. Сонымен қоса, жергіліктендіруді, импорт алмастыруды дамыту, өңірлендіру процестерін жандандыру аса маңызды. 

«Біз қазір жаһандық ауқымда жаһандану тұжырымдамасын қайта бағалау жүріп жатқанын көріп отырмыз. ЕАЭО негізінде субъектілердің бірлестік ретінде де, осы бірлестікке кіретін мүшелердің де экономикалық жетілгендігін күшейту үшін құрылды. Бұл бірлестік үшін қажетті негіз. Қазір елдер көлік шығындарын қысқарту мүмкіндіктерін іздейтін болады. Яғни, жаһандық жеткізу тізбегіне алмастыруды не жақын көршілерден, не сауда бірлестіктерінен іздейтін болады. Елдер жақын көршілерімен бірлесіп дағдарыс салдарын азайту үшін ресурстарды іздейді, Орталық Азия немесе ЕАЭО болса да. ЕАЭО басшыларының бірлескен осы мәлімдемесінің өзегі осы үйлесуде жатыр», — деді С. Көшкімбаев.

Сарапшы Қазақстанға келесі салаларға — агроөнеркәсіптік секторға, қайта өңдеуге, материалдық өндіріске, АТ-салаға назар аудару қажет болады деп санайды. 

«Болашаққа көз жүгірте отырып, экономика құрылымы өзгеруі тиіс деп айтуға болады, ал бәсекеге қабілетті болмаған кәсіпорындар жабылуы керек немесе түрленгені жөн. Бүгінде жеткізілімдердің жаһандық тізбегі әдеттегі режим бойынша жұмыс істемей жатқан кезде, біз осындай дағдарыстың түрлі елдерге қалай әсер етіп жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, көптеген елдерде қызметтер секторы шамадан тыс көп болды. Дағдарыс, әлбетте, бұл саланы айтарлықтай қысқартады. Өндіріс секторы – бұл кез келген елдің әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің негізі. Азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей байланысты өнеркәсіптік кешен. Дағдарыс кезінде адамдар кез-келген жағдайда тамақтанатыны сөзсіз және жеке азық-түлік өндірісі қажет болады. Қазақстан мен ЕАЭО-ның басқа да елдері осы секторға баса назар аударуы қажет. Бұл кез келген дағдарыс жағдайында экономикалық қауіпсіздікке үлкен зиян келтіруге мүмкіндік бермейді», — деді С. Көшкімбаев.

Сонымен қатар сарапшы цифрландырудың жаңа серпінге ие болғанын атап өтті. Қазақстан цифрлық күн тәртібіне әрдайым зор көңіл бөлген. Көзіміздің алдында кәсіптердің құрылымы өзгеріп жатыр. Жаңа кәсіптер пайда болды, ұйымдардың бір бөлігі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Қашықтан медицина, қашықтан білім беру, өнеркәсіптік өндіріс саласындағы мониторинг, ТКШ және т. б. пайда болуда. 

«Дағдарыс – бұл көптеген басымдықтарды қайта қарастыру үшін импульс. ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларының іскерлік, үрей нотасынсыз мәлімдемесі дағдарыстың сын-тегеуріндер мен қатерлер ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер мен жаңа бағыттар екені мәселесін қарастырады. Кез келген дағдарыс тәрізді, одан шығу жолдары бар. Басымдықтарды барабар, дұрыс әрі уақытылы қоя білу аса маңызды. Қазақстанда мұны ұғынады, Президент дағдарыстан шығу жолдарының сұлбасын жасап берді», — деді Санат Көшкімбаев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
14 Маусым 2021, 18:02
Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа түзетулерді ратификациялады
14 Маусым 2021, 17:57
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады
14 Маусым 2021, 17:49
Зиянды шығарындыларды азайту, Су кодексін жетілдіру, экотуризмді дамыту — М. Мырзағалиев халықпен есептік кездесу өткізді
14 Маусым 2021, 16:24
15 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Маусым 2021, 10:16
Ә. Смайылов экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
13 Маусым 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №116
11 Маусым 2021, 19:12
Пандемия кезіндегі Қазақстан экономикасы, қалпына келтіру шаралары, заңдарға түзетулер және цифрландыруды енгізу — Ә. Ерғалиевтің есеп беру кездесуі
11 Маусым 2021, 18:36
А. Мамин мен ЕО елшілері «жасыл экономиканы» дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
11 Маусым 2021, 17:59
Балалардың құқықтарын қорғау, жаңа технологияларды енгізу және қылмысқа қарсы күрес — ІІМ басшысы халық алдында есеп берді
11 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №389 Қаулысы
11 Маусым 2021, 15:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №387 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысы
11 Маусым 2021, 12:20
А. Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
10 Маусым 2021, 21:00
Қ. Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты
10 Маусым 2021, 17:51
Қ. Тоқаев Қатар Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
10 Маусым 2021, 17:46
Президент Заң көмегі туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды
10 Маусым 2021, 17:41
Жалақыны арттыру, еңбекшілердің мүдделерін қорғау, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау — С. Шәпкенов ЕХӘҚМ қызметі туралы
10 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №383 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №372 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:20
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.06.2021
10 Маусым 2021, 15:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №370 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №363 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.