Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді

Сейсенбі, 07 Шілде 2020, 18:20:17



Пандемия аясында Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі АХҚО комитеті (AFSA) реттелетін қызметтің белгілі бір түрлеріне лицензия алу рәсімін жеңілдетті. Сондай-ақ AFSA АХҚО-да қажетті саясаттар мен рәсімдерді әзірлеуде реттелетін қызметті жүзеге асыруға ниеттенген фирмаларға көмек көрсету үшін нұсқаулық әзірледі. Бұл туралы сұхбат барысында АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің бас директорының м. а. Мұхтар Бөбеев мәлімдеді.

 

— Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі қаржы нарықтарының жұмысына өз түзетулерін енгізді. Қаржы қызметтерін реттеу комитеті атынан АХҚО реттеушісі пандемияның сын-тегеуріндеріне қалай жауап береді?

— Қаржы қызметтері нарығы жаңа аса күрделі жағдайларда жұмыс істейді, белгісіздік, тәуекелдер артуда және жұмыс үлгілері қайта құрылуда. Біздің ойымызша, пандемия салдары нақты сектордың іскерлік белсенділігін және дамушы елдердің қаржы нарықтарының тартымдылығын едәуір төмендетті.

Карантин режимі енгізілгеннен бастап Комитет тіркеу, лицензиялау, қадағалау және құқық қолдану қызметін үздіксіз және толық көлемде орындады. Комитет қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуде, АХҚО қатысушыларынан және қаржы қызметтерін тұтынушылардан өтінімдерді уақытылы алып, тиімді қарау және олармен кездесулер өткізу үшін барлық қажетті цифрлық шешімдерге ие. Бұл Комитетке қаржылық тұрақтылыққа жәрдемдесу, нарықтың тұтастығын қамтамасыз ету, тұтынушыларды қорғау және АХҚО-да қаржы нарықтарын қолдау бойынша өзінің реттеуші міндеттеріне баса назар аударуға мүмкіндік береді.

COVID-19 пандемиясы тіркеуге және лицензия беруге өтінімдерді қарау мерзіміне әсер еткен жоқ. Тіркеу үшін компанияларға өтінім барлық талаптарға сәйкес келген жағдайда 5 жұмыс күні талап етіледі, ал лицензияларды беру ұзақтығы қосалқы қызметтерді жеткізушілер үшін орта есеппен 15 жұмыс күнін және қаржы компаниялары үшін 50 жұмыс күнін құрайды.

Біз бизнесті жүргізудің қазіргі шарттары айтарлықтай өзгергенін түсінеміз және АХҚО-да бизнеске өзінің ағымдағы қызметі мен операциялық міндеттерді шешуге баса назар аударуға мүмкіндік бергіміз келеді. Осыған байланысты қаржы реттеушісі өзінің тежемелік және тепе-теңдік тетіктерімен негізгі буын ретінде әрекет етеді. Біздің ортақ көзқарасымыздың мәні бизнес үшін достық қағидаттар мен тәуекелге бағдарланған қадағалауды ескере отырып, реттеуші ортаны тұрақты дамыту болып табылады.

Біріншіден, Комитет қолдау шарасы ретінде реттелетін қызметтің белгілі бір түрлеріне лицензия алу рәсімдерін айтарлықтай оңайлатты. Бұл қызметтің алты реттелетін түріне жатады: (1) инвестициялық кеңес беру; (2) инвестициялармен уоперацияларды ұйымдастыру; (3) кредит беру бойынша кеңес беру; (4) кредит беруді ұйымдастыру; (5) сақтандыру делдалдығы (клиенттің ақшалай қаражатынсыз) және (6) сақтандыруды басқару. Атап айтқанда, әлеуетті қатысушылардың AFSA процестері мен талаптарын оңайлату туралы өтінішіне жауап ретінде белгілі бір құжаттаманы ұсыну жөніндегі талаптар алынып тасталды.

Екіншіден, біз АХҚО-да реттелетін қызметті жүзеге асыруға ниеттенген фирмаларға қажетті саясаттар мен рәсімдерді (комплаенс, тәуекелдерді басқару, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, ішкі бақылау және рәсімдер, бизнестің үздіксіздігі, мүдделер қақтығысы) әзірлеуде көмек көрсету үшін әдістемелік ұсынымдар әзірледік.

Бұл қадамдар фирмаларға АХҚО құру туралы шешім қабылдауға, олардың жеке жүйелері мен бақылау құралдарын құруға және лицензиялау процесінде көмек көрсетуге арналған.

Үшіншіден, Комитет 2020 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей өзінің жылдық қаржылық есебіне қатысты лицензиаттардың есеп беру мерзімдерін ауыстыруды және бірқатар талаптарды орындауды, есеп беретін ұйымдардың ақпаратты алуы үшін уақытты ұзартуды қамтитын қолдау шараларының пакетін әзірледі.

Мұндай қолдау шаралары халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Біз Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымы (IOSCO), Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығы (IAIS), Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті, Қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғаудың халықаралық ұйымы (FinCoNet) секілді халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ шетелдік және ұлттық реттеушілермен тұрақты байланыс жасаймыз және COVID-19 пандемиясының салдарына жауап ретінде ұсынылған қолдау шараларын қадағалаймыз. Олардың шаралары мен ұсынымдары есеп беру мерзімдерін кейінге қалдыруды, реттеуші талаптарды орындауды қамтиды, тұтынушыларды қорғау жөніндегі қосымша нұсқаулықтар беріледі, ал Базель комитеті Базель III реформалар пакетіне өзгерістер енгізу мерзімін кейінге қалдырды және т. б.

 

— Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қандай?

— АХҚО және АХҚО қаржы нарықтарының юрисдикциясын дамыту оң үрдіске ие. Жыл басынан бері АХҚО-да 122 жаңа қатысушы тіркелген, оның ішінде карантин кезеңінде 70-ке жуық компания тіркелген. Біз бизнестің пандемияға қарамастан, АХҚО-да құру туралы шешім қабылдап жатқанына қуаныштымыз.

Бүгінде АХҚО-ның юрисдикциясында 500 компания тіркелген. Бұл компаниялар 40-тан астам елден, олардың ішінде көбісі Қазақстан, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Финляндия, Сингапур, БАӘ, Нидерланды, Түркия, Швейцария, Германия, Италия компаниялары. Нарықтық инфрақұрылым институттары, банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқарушылар, брокерлер, инвестициялық кеңесшілер мен қосалқы қызметтерді жеткізушілер келеді.

Сонымен қатар 22 компания Комитеттің финтех-зертханасында жұмыс істейді, олар ақша қызметтері/банк ісі, цифрлық активтер, робо-консалтинг, ислам қаржылары, краудфандинг және факторинг секілді салаларда инновациялық қаржылық қызметтерін әзірлейді.

АХҚО-дағы банк секторының активтері $365 млн-ға жетті, капитал нарығы да өсім көрсетті, ал АХҚО биржасы арқылы тартылған акционерлік капитал $291 млн-ды құрады.

 

— Комитет қаржы нарықтарын дамытуды қолдауға одан әрі шаралар қабылдауды жоспарлап отыр ма?

— Иә, әрине. Бірінші кезекте, біз қаржы компанияларының қызметі үшін пандемияның экономикалық салдарын бағалау үшін қаржы қауымдастығымен тығыз өзара іс-қимыл жасауды жалғастырамыз. Алынған пікірлерді негізге ала отырып, біз реттелетін компанияларға экономикалық қызмет үшін осы күрделі кезеңде өз басымдықтарына баса назар аударуға мүмкіндік беру үшін бірқатар облыстар бойынша қолдау көрсету шараларын ұсыну мүмкіндігін үнемі қарастырамыз.

Бұдан өзге біз жасыл қаржыландыру құралдарын, венчурлық қаржыландыруды, орта көлемдегі компанияларға аймақтық акциялар нарығы сегментінде АХҚО биржасында капитал тартуға мүмкіндік беруді қоса алғанда, қаржы нарықтарын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар заңнамалық бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Жаңа шаралар мен бастамалардың қабылдануына қарай біз олар туралы егжей-тегжейлі айтып береміз.

 

— Сұхбат бергеніңізге рахмет!

 

АХҚО юрисдикциясындағы 500-ші компания SWISSFE CENTRAL ASIA LTD болғанын атап өткен жөн. SWISSFE LTD — Германия, Голландия, Австралия, АҚШ, Үндістан, Малайзия, Ұлыбритания, Сербия, Чехия, Қытай, Оңтүстік Корея, Испания және Данияда бірегей портфелі бар жылжымайтын мүлік пен активтерді басқару жөніндегі жеке жаһандық инвестициялық компания.

2020 жылға қарай компанияның басқаруында 1,8 млрд швейцар франкі сомасына активтер бар. SWISSFE LTD өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық активтерге ерекше назар аудара отырып, жоғары сапалы инновациялық активтерге инвестиция салады.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов 2018 жылғы шілде айында ресми ашылғаннан кейін екі жыл өткен соң АХҚО дамудың жаңа кезеңіне көшетінін атап өтті. Онда инфрақұрылымды құрудан іскерлік белсенділікке және өңірге инвестициялар салуға жәрдемдесуге назар аударуға біртіндеп көшу қарастырылған.

«AIFC Business Connect рөлі – АХҚО-да тіркелу артықшылықтарын ілгерілету және Орталық аясында компания құрылғаннан кейін бизнесті жүргізудің жеңілдігін қамтамасыз ету арқылы біздің қатысушы ұйымдардың коммерциялық мақсаттарын қолдау. Мен SWISSFE CENTRAL ASIA LTD ғаламдық қамту компаниясы Қазақстанда және аймақта АХҚО қатысушысы ретінде өз бизнесін дамытуды шешкеніне және АХҚО-да тіркелген 500-ші компания болғанына қуаныштымын», — деді AIFC Business Connect бас директоры Джеймс Мартин.

SWISS CENTRAL ASIA LTD басқарма төрағасы Гокан Есильгоздың айтуынша, АХҚО ағылшын құқығы мен салық жеңілдіктерін, сондай-ақ шетелдік инвесторларды қорғауды қоса алғанда, халықаралық инвестициялық компаниялар үшін тамаша платформа ұсынады.

«SWISSFE CENTRAL ASIA LTD ретінде біз Қазақстанда инвестициялық портфеліміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылғанын көріп отырмыз», — деп атап өтті ол.

АХҚО қатысушылары өз қызметін банк ісі, сақтандыру, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, исламдық қаржыландыру, кредиттік рейтингтер, заңгерлік кеңес беру, бухгалтерлік есеп, холдингтік компаниялардың қызметі және басқа да салаларда жүзеге асырады. Қазіргі таңда АХҚО банк секторының активтері $365 млн жетті, капитал нарықтары да өсім көрсетті, ал тартылған акционерлік капитал $291 млн құрады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.