Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін техникалардың дайындығы 100%-ды құрайды — ҚР АШМ

Сейсенбі, 17 Наурыз 2020, 11:22:30

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы қаралды. 

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндағандай, 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн гектар алаңға егу жоспарлануда, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың гектарға көп.

Бұл ретте дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 15,2 млн гектарды, оның ішінде бидай алаңы 11,4 млн гектарды құрайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында егіс алаңдарын әртараптандыру мен рентабельділігі жоғары дақылдар өндіруге көшу жұмыстары жалғасуда, мәселен, майлы дақылдардың болжамды алаңы 3 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылғыдан 122 мың гектарға көп. Көкөніс-бақша дақылдары мен картоп алаңы 19,3 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңы 309 мың гектарға ұлғаяды. Техникалық дақылдар (қант қызылшасы, мақта, темекі) алаңы 132 мың гектарды (18,6 мың гектарға кем) құрайды», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

С. Омаровтың айтуынша, қазіргі кезде оңтүстік өңірлер егіс науқанына кірісіп кетті, мәселен, Жамбыл облысында 71,7 мың га алаңға немесе жалпы егіс көлемінің 10,2%-ына, Түркістан облысында 33,5 мың га (4,0%), Алматы облысында 3,4 мың га (0,4%), Қызылорда облысында 2 мың га (1,1%) алаңға егіс егілді.

Бұл ретте министр тұқым дайындау мәселесі мен олардың сапалық көрсеткіштері аса маңызды екенін атап айтты. 

Облыстардың әкімдіктерінің жедел ақпараты бойынша ағымдағы жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша 2,5 млн тонна тұқым құйылды, бұл жоспардың 100,4%-ын құрайды, оның ішінде 1,9 млн тонна (жоспардың 101%-ы) дәнді дақылдар тұқымы, 89,4 мың тонна (жоспардың 99%-ы) майлы дақылдар тұқымы, 15,4 мың тонна (жоспардың 96%-ы) азықтық дақылдар тұқымы, 426,4 мың тонна (жоспардың 99%-ы) картоп тұқымы құйылды.

Дәнді дақылдар тұқымы бойынша Ақтөбе облысында, майлы дақылдар тұқымы бойынша Шығыс Қазақстан облысында, Қызылорда облысында және Павлодар облысында (89%) тұқым толық көлемде құйылмаған.

«Фермерлердің отандық және импорттық селекцияның сапалы тұқымдарына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялау тетігін өзгерту жоспарлануда. Субсидияны тұқымды Қазақстаннан алғандар да, шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алғандар да ала алады. Ескі тетікте бұл көзделмеген еді. Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына бірегей тұқым сатып алған жағдайда қолдау көрсетіледі», — деп нақтылады ауыл шаруашылығы министрі.

Ағымдағы сәтте құйылған тұқымның жалпы көлемінің 77,4%-ы ғана тексерілді, егіс стандартының талаптарына олардың 56%-ы, оның ішінде 1-сыныпқа 38%-ы, 2-сыныпқа 10%-ы, 3-сыныпқа 8%-ы сәйкес келеді. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша республиканың ауыл шаруашылығы еңбеккерлері 470 мың тонна минералды тыңайтқыш қолданды. Осы мақсаттарға 19 млрд теңге сомасында субсидия төленді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тыңайтқыштарды қолдану көрсеткіші ғылыми қажеттіліктің 18%-ын құрады. Облыстардың жергілікті бюджеттерінде 2020 жылға 23,3 млрд теңге көзделген, бұл шамамен 480 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алуға мүмкіндік береді.

Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдануға келер болсақ, өткен жылы барлық егіс алаңы гербицидтермен өңделгенін атап өту керек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 27,4 млрд теңге субсидия сомасына 13,3 млн литр гербицид қолданды. 

«Осы жылдан бастап гербицидтер ғана емес, пестицидтердің басқа түрлері де субсидияланатын болады. Облыстардың жергілікті бюджеттерінде 2020 жылға пестицидтерді субсидиялауға 30,8 млрд теңге көзделген», — деді С. Омаров.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде 143 мың трактор, 4 мың өнімділігі жоғары егіс кешені, 78 мың тұқымсепкіш және 243 мың топырақ өңдеу құралы бар.

«Облыстар әкімдіктерінің деректеріне сәйкес 15 наурыздағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тракторлардың дайындығы 94%-ды, егіс кешендерінің дайындығы 100%-ды, тұқымсепкіштердің дайындығы 93%-ды, топырақ өңдеу құралдарының дайындығы 95%-ды құрайды. Жұмыстарды бастауға техника дайындығы 100%-ды құрайды», — деді С. Омаров.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмысында ұзақ кідірістерді болдырмау мақсатында жөндеу бригадалары қалыптастырылады. Сервистік компаниялармен олардың көшпелі сервисін күшейту, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Ағымдағы жылы Энергетика министрлігімен келісім бойынша ақпан-маусым айлары аралығында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 387 мың тонна дизель отыны бөлінді.

«Қолайсыз ауа райы жағдайларын ескере отырып, біздің қосымша 10 мың тонна дизель отынын бөлу туралы өтінішімізді Энергетика министрлігі қолдады, бұл барлық өңірлердің дизель отынына деген қажеттілігін толық көлемде өтеуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта өңірлердің операторлары шарт жасасу және наурыз айына бөлінген дизель отыныүшін төлем жасау рәсімдерін жүргізуде», — деді ауыл шаруашылығы министрі. 

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бюджеттік кредит бөлінді, бұл әдеттегіден 10 млрд теңгеге көп. Түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-дан аспайды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен тікелей Корпорация арқылы жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ кредит беруді одан әрі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру үшін өңірлік инвестициялық орталықтардың кепілдігімен екінші деңгейдегі банктерді, кредиттік серіктестіктерді, өңірлік инвестициялық орталықтарды және микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы да жүзеге асыру көзделіп отыр.

3 млн га егіс алаңын қаржыландырумен қамту, 2 400 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге кредит беру жоспарлануда.

«Қазіргі уақытта 56 млрд теңге сомасына 1 516 өтінім қабылданды, 22,9 млрд теңге сомасына 1,4 млн га алаңды қамтитын 258 өтінім қаржыландырылды. Жалпы дайындық жоспарлы режимде жүргізілуде және көктемгі дала жұмыстарын жаппай жүргізу кезіндегі барлық бағыттар бойынша дайындық 100%-ды құрайды», — деді С. Омаров.

Гидромет қызметінің деректері бойынша топырақтың жоғарғы қабатындағы күзгі ылғалдың нақты қоры 2019 жылғы деңгейден жоғары. Елдің солтүстігінде қар жамылғысының биіктігі 4-60 см, солтүстік-батысында – 4-36 см, батысында – 5-12 см, орталығында – 6-47 см, шығысында – 4-126 см, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында – 1-59 см.

Ағымдағы жылы топырақтың 1 метр қабатындағы көктемгі өнімді ылғал қоры 105 мм және одан жоғары деңгейде болады деп күтіліп отыр, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуына оңтайлы әсер етеді.

Өз кезегінде жанар-жағарамаймен қамтамасыз етілу туралы энергетика министрі Н. Ноғаев айтып берді. Оның айтуынша, 2020 жылы көктемгі егін жұмыстарын жүргізу мақсатында Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2020 жылы жүргізілетін егін жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту Кестесін бекітті. Осы Кесте шеңберінде АШТӨ қажеттілігі 387 мың тонна көлемінде бекітілді.

АШТӨ үшін МӨЗ-дерден дизель отынын тиеп-жөнелту бірінші кезекте тұрғанын атап өту қажет. Бұл ретте тиеп-жөнелту тәулік сайын бақыланады және оған мониторинг жүргізіледі.

АШТӨ үшін дизель отынының бағасына келетін болсақ 2020 жылы жүргізілетін егін жұмыстары үшін дизель отынына ұсынылатын баға тоннасына 194 мың теңгені құрады. Жеткізу мен сақтауды есепке алғанда АШТӨ үшін болжамды баға литріне шамамен 180 теңгені құрауы тиіс, ол жанар-жағармай станцияларындағы бағалардан 13 теңгеге арзан.

«Энергия көздеріне әлемдік баға белгіленімдерінің төмендеуі аясында көктемгі егін жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының бағасы тоннасына 194 мың теңгеден тоннасына 184 000 мың теңгеге дейін төмендетілді. Жеткізу мен сақтауды есепке ала отырып АШТӨ үшін болжамды баға литріне шамамен 172 теңгені құрауы тиіс, яғни бұл жанар-жағармай станцияларының бағаларынан 21 теңгеге арзан. Бұл баға тек наурыз айына ғана ұсынылды, кейіннен АШТӨ үшін дизель отынның бағасы сол кезеңде нарықта қалыптасқан конъюнктураны ескере отырып есептелетін болады»,— деді Н. Ноғаев. 

Күні бұрын шарт жасасып және төленіп қойылған, бірақ тиеп-жөнелтілмеген көлемдерге қайта есептеулер жүргізілетінін атап өткен жөн. Бұл ретте, осы норма тиеп-жөнелтіліп қойған көлемдерге қолданылмайды.

Егер аймақта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде ұсынылғаннан төмен баға бойынша ұсыныстары болса, онда операторлар дизель отынын кестеден тыс сатып алуға толық құқылы.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.