Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу