Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті

Бейсенбі, 13 Тамыз 2020, 18:48:19

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық даму нәтижелері мен пандемиядан кейінгі кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Премьер-Министрдің ұсынған мәліметі бойынша, жыл басынан бері экономиканың машина жасау, өңдеу және тау-кен өндірісі, құрылыс, басқа да негізгі салаларындағы  көрсеткіштер оң қарқын алған.

Елбасы Қазақстанда бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар қазіргі дағдарыстың ұлттық экономикаға  теріс әсерін азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Біз тәуелсіздік жылдарындағы ең күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Осы уақыт ішінде талай дағдарысты еңсердік. Қазіргі қиындық әлемнің бүкіл елін қамтып отыр. Барлық жерде жұмыссыздықтың көбеюі байқалуда, бизнес қиындықтарға тап болып, мемлекеттер арасындағы сауда-саттық деңгейі төмендеді. Алайда бұған дейін  қабылданған шаралар дағдарыстың экономикамызға әсерін азайтуға көмектесті. Біздің экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі басқа елдермен салыстырғанда үш есе аз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күрделі кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау бағытында  отандық бизнестің белсенділігі жоғары екенін атап өтті.

«Ірі бизнес жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесті, халықтың әлсіз топтарын қолдауға қаражат бөлді, сондай-ақ «Біз біргеміз» бастамасын ілгерілетуге үлесін қосты. Мен барлық бизнес өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. «Birgemiz» қоры арқылы біз 2,3 миллион қазақстандыққа қолдау көрсете алдық», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсім мәселесін қарастырып, отандық бизнесті жандандыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту қажеттігін атап өтті. Үкімет экономиканың түрлі саласындағы өсімді қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауы керек екендігі айтылды.

«Қазіргі уақытта сарапшылар экономикалық дағдарыс пен пандемияның екінші толқыны келетінін болжауда. Мамандар бұл мәселені мұқият зерттеп, осы жағдайға арнаулы бағдарлама әзірлеуі керек. Жаңа тәсілдер мен тиісті шаралар қажет», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар Елбасы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мәселесіне тоқталды.

«Қауіпті дертті жұқтырып алмау адамның өзіне және тәртібіне байланысты екенін түсіндірген мемлекеттер ұтылған жоқ. Кейбір елдерде карантин шаралары қабылданбады, өйткені адамдар сақтық шараларын сақтап, мамандардың талабын орындады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті геосаяси қақтығыстар мен қарама-қайшылықтар өршіп тұрған жағдайда Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – дағдарысқа қарамай,  еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі тұрақтылықты сақтауымыз керек. Қоғам тұтастығы мен саяси тұрақтылық – біздің алға жылжуымыздың негізі екенін жұртшылық естен шығармағаны жөн. Біз әрдайым мемлекеттің және "Nur Otan" партиясы сияқты саяси күштің айналасына топтасу арқылы дағдарыстарды еңсере білдік. Бұл сынақтан да аман өтетінімізге сенімдімін. Экономиканың өсімі қамтамасыз етілетін болады. Бұл қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігіне оң ықпал етеді. Мемлекет қайтадан қаржы жинақтайды. Ол қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарласының орындалуына пайдаланылатын болады», – деді Елбасы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық экономикалық дағдарыстардан өтуде Қазақстанның мол тәжірибесі, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

«Жұрт жұмысқа шығып, ақша табуы үшін Үкімет жұмыс орындарын көбейтуге тырысуы  керек. Бізде үлкен тәжірибе, қаражат, мүмкіндіктер бар. Осының бәрінен сүрінбей өтеміз», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


Жаңалықтар тізбегі
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.