Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: 

  • Серік Мақашұлы Жұманғарин ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы; 
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімімен Сэр Сумма Чакрабарти (Sir Suma Chakrabarti) Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу