Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді

Сейсенбі, 28 Шілде 2020, 10:00:28

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық Үкімет отырысында эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары қаралды. Еліміз бойынша ағымдағы жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндап берді. 

Министр хабарлағандай, 5 шілдеде қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілгеннен бастап 3 апта ішінде 35 951 жаңа КВИ-мен ауыру тіркелді. Жалпы, тіркелген жағдайлардың 29%-ға төмендеуі байқалып отыр. 

«COVID-19-бен ауыру жағдайы орта есеппен тәулігіне 1600 адам деңгейінде тұрақтанды. Сондай-ақ, кереуеттердің бос болмауы 43%-ға, оның ішінде 27%-ға төмендеуі байқалады. Сауығып кеткендердің саны 63%-ға дейін өсті. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізілді», — деді А. Цой. 

Карантиндік шараларды жеңілдетудің әзірленген критерийлеріне сәйкес, министрлік инфекцияның репродуктивтік көрсеткішін (бір науқас оқшауланғанға дейін ауруды жұқтыратын адамдар саны) және КВИ емдеу үшін инфекциялық стационарлардың төсек-орын қорының қамтылу пайызын қадағалайды.

Осылайша, 3 аптада карантин нәтижесінде келесілерге қол жеткізілді. Инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші 1,2%-дан 0,99%-ға дейін төмендеді. Және төсек-орындардың қамтылу пайызы 90%-дан 47%-ға дейін төмендеді.

Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жоғарыда көрсетілген оң серпіні карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жұмсарту мүмкіндігі бар екенін көрсетіп отыр. 

«COVID-19-дан сырқаттанушылық пен өлім-жітім жағдайын одан әрі тұрақтандыру экономиканың барлық секторларының үйлесімді жұмысына және тартылуына байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда: қабылданатын тұрақтандыру шараларының тиімділігі тек қана 30%-ға медициналық көмек пен эпидемиологиялық іс-шаралардың сапасына байланысты», — деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар, қалған 70%-ы жиынтығында маска режимі мен гигиенаны сақтауға (30%), сондай-ақ әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтауға (40%) байланысты. 

Министр атап өткендей, бүгін барлық қазақстандық қоғамға коронавирус емес, қауіпсіздік пен салауатты әдеттер «жұқпалы» болуы үшін барлық шараларды қабылдау қажет.

«Ол үшін ең алдымен маска режимі мен гигиенаны одан әрі сақтауды қамтамасыз ету қажет. Үйден тыс жерлерде маскаларды кию инфекцияның берілуін 30%-ға қысқартады. Инфекцияның таралуында қол гигиенасы ерекше рөл атқарады», — деді А. Цой.

Осыған байланысты: 

Біріншіден, мүдделі МҰ мен ЖАО-ды тарта отырып, маска режимін сақтау үшін бизнестің бақылауын және жауапкершілігін күшейту (қауіпсіздік белдігін міндетті түрде қолдану мысалында).

Екіншіден, барлық қоғамдық орындарда қолды залалсыздандыру үшін санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету. 

Үшіншіден, барлық ақпараттық арналар арқылы халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. 

Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтық қағидаты сақталуы тиіс, ол мыналарды қамтиды:

  • Кеңселердің қашықтан жұмысын (20/80 қатынасында) және оқушылар мен студенттерді қашықтықтан оқытуды.

  • Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін еместігіне байланысты бұқаралық іс-шаралардың барлық түрлеріне тыйым салу.

  • Бақылауды күшейте отырып, зоналауды, белгілеуді және объектілердің толтырылуын сақтауда бизнестің жауапкершілігін арттыру.

Бұл шаралар барлық ақпараттық арналар бойынша халық арасында күшейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізумен сүйемелденуі тиіс.

А. Цойдың айтуынша, осылайша, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, маска тағу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау жағдайында 2020 жылғы 3 тамыздан бастап инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішіне кемінде (R ≤ 1) жеткен кезде, сондай-ақ бір апта ішінде төсек-орындардың қамтылу көрсеткіші 70%-дан аз және өлім-жітім деңгейі төмендеген кезде мынадай инфрақұрылымдық объектілердің қызметіне рұқсат етіледі: 

  • Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлар;

  • Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

  • Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелері;

  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондары;

  • Қашықтықтан жұмыс істеу формасы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) қызметкерлері мен кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80%-ы үшін сақталуы тиіс.

Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға рұқсат етілетінін атап өтті. Сондай-ақ ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын құраммен спорттық жаттығулар жасауға болады.

Халықтың жүріп-тұруына қатысты мынадай талаптар сақталады:

  • Көшелерде жүру, саябақтарға, скверлерге және жағалауларға бару — 3 адамнан аспауы тиіс;

  • Қоғамдық көліктің маска тағу, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау және кондукторлардың болуымен, уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және жолаушыларды 50%-дан асырмай жұмыс істеуі.

Сонымен қатар салынған тыйымдарды сақтау қажет:

  • көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шаралардың барлық түрлеріне, ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының жұмысына;

  • мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына;

  • мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысына, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;

  • спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, аквапарк жағажайларының жұмысына;

  • діни нысандар жұмысына;

  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (жұмыс пойыздарынан басқа, электричкалардың) қозғалысына, ортақ вагондарды, қалааралық автобустарды (шағын автобустарды) қалыптастыруға.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 5 шілдеде күшейтілген шараларды енгізу дұрыс шешім болғанын атап өтті. 

Б. Сағынтаевтың айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай кешенді түрде тұрақтанды. Мегаполистегі коронавирус жұқтырғандардың өсуі 2,2%-ға дейін төмендеді. Қазіргі таңда қалада 10 965 COVID-19 жұқтырған адам тіркелген. Олардың ішінде 6 341 адам немесе 60%-ы емделіп шыққан. Коронавирустан қайтыс болғандар саны — 73 адам (0,68%). Пневмония және COVID-19 күдігімен жедел жәрдем шақыру саны 4 есеге азайды. Стационарларға жатқызылатын адамдар саны 2 еседен астам төмендеді. Сондай-ақ емханаға жүгінушілер саны да 2 есе азайды. 

Пандемиямен күресу және жаңа толқынның басталуына дайындық жұмыстары күшейтілді. Жедел жәрдем бағытының жаңа моделі жасалды. Негізгі клиникалық-диагностикалық бағыттар бойынша штаттан тыс мамандардың институты құрылды. Жалпы қалалық зертхана желісі орталықтандырылды. 

Алғашқы медициналық жәрдем бөлімшелері COVID-19-бен күресуге бейімделді. Амбулаториялық деңгейде мобильді бригадалар қызмет етеді. Қауіп тобына жатқызылған пациенттермен Мониторинг орталығының жетекші мамандары жұмыс істейді. 

Қаладағы барлық реанимацияларды бақылау үшін жедел әрекет ететін Реанимациялық топ құрылған. Инфекциялық стационарларды эшелондау және пациенттерді іріктеу жүйесі енгізілді. Дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аурухана ішінде ауру жұқтырудың алдын алу шараларын бақылау күшейтілді.

Қаланы санитарлық-эпидемиологиялық қорғау бойынша қосымша шаралар қабылданды. Бүгінгі күні COVID-19-бен күреске 27 медицина ұйымы тартылған. Жалпы төсек қоры 6 096 орынды құрайды. Төсек-орындардың бос болмауы 90 пайыздан 50%-ға дейін азайды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 42%-ға дейін төмендеді.

Пандемияның жаңа толқынына дайындық аясында жағдайы ауыр науқастарға арналған бірінші эшелон стационарларындағы инфекциялық төсек орындарын 1015 орынға көбейту көзделген. Тамыз айының соңына дейін 500 орынға арналған жаңа госпиталь пайдалануға беріледі. Қыркүйектің ортасына дейін 300 төсек-орынға арналған тез салынатын тағы бір инфекциялық госпиталь іске қосылады. 1 қазанға дейін екі қонақ үйдің базасында жеке инвестициялар есебінен 215 төсек-орындық толыққанды ковидтік емханалар құрылатын болады. Тамыз айының соңына дейін жаңа патологоанатомиялық бюро іске қосылады.

1689 қызметкерден кадрлық резерв жасақталды. Олар үнемі қайта даярлықтан өтіп отырады.

Бүгінгі күні 394 мың ПТР зерттеу жүргізілген. Қазіргі уақытта тәулік бойы 9 550 ПТР зерттеу жүргізіледі. 1 қыркүйекке қарай қуаты тәулігіне 19 950 зерттеуге дейін жеткізіледі. 

Сонымен қатар алматылықтардың популяциялық иммунитетін зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Иммунды-ферменттік талдау жасайтын 2 жеке зертхана жұмыс істейді. Бүгінде олар 7 мың зерттеу жүргізді. Осындай үш мемлекеттік зертхананы ашуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 

Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, жеке қорғану құралдарын сатып алуға, медицина қызметкерлерін қамтамасыз етуге және басқа да мақсаттарға жергілікті бюджеттен 68,5 млрд теңге бөлінді. 

Әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша Тұрақтандыру қоры құрылды. Оған 10 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде дәріхана желісін қамтамасыз етуге 5 млрд теңге, стационарларға 5 млрд теңге қарастырылған.

94 түрлі препараттардың қоры жасалуда. 1 шілдеден бастап 9 млн астам қаптама келіп түсті. Оның ішінде төрт борт бойынша, Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен — 3,6 млн. 

«Бүгінде қала қоймаларында 2,8 млн препараттардың қоры бар. Осы аптаның соңына дейін Тұрақтандыру қорының есебінен тағы 3,8 млн қаптама әкелінеді. Жұмыс жалғасуда. Жағдай тұрақты. Кезек жоқ», — деді Алматы қаласының әкімі. 

Мұны жедел желіге хабарласулар санынан анық көруге болады. Егер аурулар ең көп тіркелген кезде (14 шілде) 1,1 мың өтініш берілсе, 26 шілдеде шамамен 90 өтініш келіп түскен. 

Қала жеке қорғану құралдарымен тамыз айының соңына дейін қамтамасыз етілген.

Стационарларды медициналық газбен орталықтан қамтамасыз ету жөніндегі қалалық бағдарлама іске асырыла бастады. 10 қыркүйекке дейін 8 базалық стационар орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етіледі. Оларды аяқтағаннан кейін – қалған стационарлар бойынша жұмыс жалғастырылады. 

Бір айдың ішінде жергілікті, республикалық бюджет, сондай-ақ демеушілік көмек есебінен қалаға 308 өкпені жасанды тыныстандыру аппараты және 2022 оттегі концентраторы әкелінеді. 

55 жедел жәрдем машинасы келеді деп күтілуде. Қазақстанның Даму Банкі арқылы тағы 35 көлік жеткізу мәселесі пысықталып жатыр. 

Барлық ковидтік стационарларда кәріз ағындыларын зарарсыздандыру жүйесінің құрылысы басталды.

Сонымен бірге әрбір жұқпалы аурулар клиникасының жанында медициналық қалдықтарды жоятын заманауи станциялар салынады. Бұл екі бағыт та қыркүйек айында аяқталады.

Өз кезегінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгінгі таңда қалада CОVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 4 708-ді құрағанын хабарлады.

«Өткен тәулікте 54 вирус жұқтырған адам тіркеліп, өсім +1,2% құрады. Осы айдың басымен салыстырғанда екі есе төмендеу байқалады. Шілде айының алғашқы бес күнінде вирус жұқтырғандар 84-100-ді немесе өсімі 2,5-3 пайызды құрады. Осы кезеңде 2 938 науқас емделіп шықты. Өкінішке орай, 31 адам қайтыс болды (оның ішінде Түркістан облысынан – 3)», — деді Шымкент қаласының әкімі.

Жұқпалы аурулар және провизорлық стационарларда қысқа уақыт ішінде қосымша 3 050 төсек орны ұйымдастырылып, орын саны 3 860-қа жеткізілді. Олардың ішінде 650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек орын бар. Оның ішінде реанимациялық төсек орын саны 30 орыннан 151 орынға дейін ұлғайтылды. Қосымша 58 ӨЖЖ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық монитор сатып алынды. 

«Реанимациялық орынның 88,7%-ы 138 ӨЖЖ аппаратымен қамтылған. Оттегімен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілді. Оттегімен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. 2 ауруханада оттегі станциясын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір ай мерзімде тағы 3 ауруханада қосылатын болады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жұмыс күшейтілді. Қосымша 197 мобильді бригада құрылды, 15 693 науқасқа үйде стационарлық қызмет көрсетілді», — деді әкім.

Сонымен қатар 45 074 азаматқа мобильді бригада қызметі бойынша дәрі-дәрмектер үйге жеткізілді. Атқарылған жұмыс қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етті.

Жедел жәрдем шақыруларының саны күніне 2 320-дан 1321-ге дейін, яғни 43%-ға төмендеді.

«Стационарларда емделген науқастардың саны 2 882-ден 1240-қа дейін немесе 56,9%-ға төмендеді. Стационарлардағы төсек-орын жүктемесі айдың басында 78,7%-ды құрады, ал бүгінгі таңда 33%-ға дейін азайды», — деп түйіндеді Шымкент қаласының әкімі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, қазіргі күні елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 10 320 адамды құраған. Жалпы,  7260 адам немесе 70%-ы жазылып шыққан ал соңғы бір апта ішінде олардың саны 1563 құраған. 

«Яғни, науқастардың шамамен 25%-і өткен аптада сауықты. Өкінішке орай, 225 (2%) азамат қайтыс болды, 1511 адам стационарларда ем алып жатыр. Ауыр халдегі науқастар саны 54,3%-ға азайды», — деді А. Көлгінов.

Карантин енгізілген сәттен бастап қалада коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша жағдайдың тұрақталуы байқалды, денсаулық сақтау ұйымдарына түскен жүктеме едәуір азайды. Атап айтқанда, жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеген, оның ішінде КВИ бойынша жедел жәрдемге жүгіну 500-ден 89-ға дейін, яғни 6 есеге азайды. Жалпы жедел жәрдемді шақырулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1000-ға дейін, немесе 3 есеге төмендеді. Сонымен қатар пневмониямен ауырып жатқан азаматтар саны 2 есеге азайды, стационарлардың жүктемесі 99%-дан 38%-ға дейін төмендеді, реанимациядағы адамдар саны 57%-ға дейін азайған.  Егер бұрын  ауруханаларға тәулігіне 500-ге жуық пациент түсетін болса, қазір олардың саны 90-ға дейін азайған.

«Ауруханаларға қосымша 500 арнайы жабдықталған төсек-орын, 350 оттегі концентраттары, 150 флуометр және 2 компьютерлік томограф алынды. Қосымша тағы да медициналық жабдықтар сатып алу жоспарлануда. Компьютерлік томограф арқылы тұрғындарды тәулік бойы тексеру жүргізілуде. Нәтижесінде стационарларға түскен салмақ едәуір азайды», — деді елорда басшысы.

Медициналық кадрлар тарту бойынша әкімнің хабарлауынша, қаладағы колледждерден 275 жас маман емханаларда жұмысқа орналасты. Медициналық университеттен 300 студент жұмылдырылды. Жалпы алғанда оқу орындарынан 500-ден астам жас медициналық маман тартылған. 

«Дәріханалық желілердің дистрибьютерлеріне логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу және қалаға жеткізу рәсімдерін жеңілдету мәселелері бойынша қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, дистрибьютерлерге дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін айналым қаражаты бөлінді», — деді А. Көлгінов. 

А.ж. 12 шілдеден бастап елордаға Түркия, Ресей, Үндістан және басқа да елдерден сұранысқа ие фармакологиялық топтарға кіретін 110 тоннадан астам медициналық препараттардың 4,5 млн қаптамасы жеткізілді. Бұл дәрі-дәрмектер дәріханалардың ірі желілеріне теңдей бөлініп жеткізілді, қазіргі күні 1 айға жеткілікті қор қалыптастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалар біртіндеп жоспарлы медициналық көмек көрсетуге көшуде. Бір апта бұрын 3 аурухана, атап айтқанда: №1 және №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы, №2 көпсалалы аурухана жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастап кетті. Ал 3 тамыздан бастап барлық калалық емханалар жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастайды.

«Тамыздың 15-не дейін біртіндеп босап жатқан стационарлар санын қысқарту есебінен ауруханалардың өз жұмысына қайта оралуын жоспарлап отырмыз. Бірақ инфекциялық және провизорлық стационарлар қажет жағдайда жеткілікті орындарымен қайта ашылуға дайын болады», — деп нақтылады қала басшысы.

Оның айтуынша, карантиннен кейінгі індетпен күресу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында қала тұрғындарының арасында қатаң карантин шараларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіле береді. Сондай-ақ қоғамдық көлікке және халық көп жиналатын объектілерге маскасыз жүрген адамдар жіберілмейтін болады, адам көп жиналатын орындарда, барлық ұйымдар мен мекемелерде ара қашықтықты сақтау сызбаларын орнату, дезинфекция жасау, санитайзерлер қою міндетті талап болып қала береді.

«Осы қарапайым санитарлық талаптар қатаң түрде сақталған жағдайда ғана ұзақ мерзімге созылу қаупі бар індетті жұқтырып алмау мүмкіндігі барынша арта түседі», — деді А. Көлгінов. 

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2743 адам тіркелді. Соңғы тәулікте 44 жағдай тіркеліп, аурудың тәуліктегі өсу қарқыны 1,6% құрады, бұл карантиндік шектеулердің арқасында 2 есе төмендегенін көрсетеді. 

«Емделіп шыққандар – 1898 адам немесе 70,3% құрап отыр. Қазіргі таңда пневмониядан емделіп жатқан адамдар саны - 657, 56%-ға төмендеді. Ақтау қаласындағы №1 100 орындық провизорлық стационардың жұмысы адам санының азаюына байланысты тоқтатылды, бірақ олар кез келген уақытта пайдалану үшін резервте дайын болады. Қазіргі кезде 1561 төсек-орын бар, оның толымдылығы 53% құрайды», — деді өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.

Облыста жедел жәрдемді шақыртулардың саны 45%-ға төмендеді, оның ішінде пневмония бойынша шақыртулар шамамен 3 есеге азайды.

Медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша облыста 218 ӨЖЖ аппараты бар, оның 121-і короновирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге тартылды. Сонымен қатар, коронавирустық инфекциямен күресуге 336 бірлік оттегі концентраторы тартылды. Өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарында оттегі станцияларын құру жұмыстарына 7 нысан жоспарланды, бұл жұмыстар басталып кетті. 

Індетпен күресу үшін мамандар тапшылығын жою мақсатында өңірге жалпы алғанда барлығы 47 медицина қызметкері тартылған, тағы 65 маман келеді деп күтілуде. 

«Қазіргі таңда облыс бойынша ПТР тестілеумен 76 700 адам тексерілді. 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 10839 адамды құрады. 5 зертханалық орталық бар, оның ішінде 1 мемлекеттік, қалғандары 4 - жекеменшік. 1 тәулікте орташа есеппен 800-ден аса ПТР тест өткізуге толық мүмкіндігіміз бар, бұл зертханалардың мүмкіндігі тәулігіне 2000 адамға дейін қамти алады», — деді С. Трұмов. 

Сонымен қатар Жаңаөзен қаласында ПТР тестіден өткізетін зертхана ашылады. Қазір демеушілердің көмегімен қосымша 100 мың дана тест алынды, яғни облыс тұрғындарын тегін ПТР тестіден өткізуге мүмкіндік бар. 

«Облыс бойынша дәріханаларға дәрі-дәрмектер жеткізумен 4 кәсіпкер айналысады. Бүгінгі күні дәрі-дәрмек қоры толық жасақталды. Жергілікті бюджеттен тағы 300 млн теңге қаражат бөлініп, дәрі-дәрмек қорын жасақтау үшін жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні дәрі-дәрмектер уақтылы жеткізіліп, дәріханалардағы жағдай тұрақталды, кезек жоқ», — деді облыс әкімі. 

Маңғыстау облысында 126 мобильді бригада қызмет етуде. «БРК-Лизинг» АҚ арқылы өңірге 52 арнайы жедел жәрдем автокөлігін алу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Сонымен бірге мұнайшылар 7 жедел жәрдем көлігін демеушілікпен алған.  

Карантин шектеулеріне байланысты рейдтік тексеріс барысында өңірдегі 932 объект тексеріліп, оның 43-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 71-іне ескерту жасалды. Дәрі–дәрмектер бағасының өсу фактілерін болдырмау мақсатында мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 17-дәрі-дәрмек бағасының заңсыз өсуі, 3 фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу, 1 лицензиялау нормасын бұзу дерегі анықталған.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде барлық шектеу шаралары әлі  жалғасатын болады. 

Қостанай өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 354 жағдайы тіркелген, оның 1 176 -сы симптомсыз, 6 адам қайтыс болды. 1480 адам немесе 63% сауықтырылды. 

«Бір апта ішінде ауырғандан санының өсуі 2,6% құрады. 2 188 төсек-орын қарастырылды, оның ішінде: 1734 провизорлық төсек-орын бар, жүктеме 90-нан 63%-ке дейін төмендеді, сондай-ақ 454 инфекциялық төсек-орын бар, жүктеме 53-тен 30%-ке дейін төмендеді. Пневмонияға шалдығушылық 2 есе төмендеді», — деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ, облыста жедел жәрдем қызметін шақыртулар саны тәулігіне 2 есе төмендеген. Коронавирус инфекциясын диагностикалау жалпы қуаты тәулігіне 1 800 зерттеуге дейінгі 5 зертхана базасында жүргізіледі. Ветеринариялық зертханалар филиалдарының базасында жақында қуаты тәулігіне 400 зерттеуге дейінгі 2 ПТР зертханасын ашу жоспарлануда. 

Инфекциямен күреске тартылған қызметкерлерді ынталандыру мақсатында 1,2 млрд теңге сомасында қосымша ақы төленді. Колл-орталықтардың жұмысы күшейтілді, штат екі есе ұлғайтылды. Қоңырау шалу саны күніне 180-нен 120-ға дейін төмендегені байқалады. Емханалар жанында үйінде емделушілерге медициналық көмек көрсететін 160 мобильді әмбебап бригада құрылды. 

Медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың 2 айлық қоры бар. Халықты дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында тқрақтандыру қоры құрылды, фармацевтикалық ұйымдарға 300 млн теңге сомасында қайтарымды қаржылай көмек көрсетілді.

Бүгінгі күні Қостанай облысы медициналық ұйымдарының балансында жұмыс істеп тұрған 247 ӨЖЖ аппараты бар, оның ішінде ағымдағы жылы медициналық ұйымдарға 58 ӨЖЖ аппараты сатып алынды. Бұдан басқа, тағы 200 өкпені жасанды желдету аппаратын жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ медициналық ұйымдарға бюджеттен тыс қаражат есебінен 300-ге жуық концентраты жеткізілетін болады, 300-і жеткізілді. Жергілікті бюджеттен 4 ірі провизорлық және инфекциялық стационарларда 856 оттегі нүктесіне оттегі желісін жүргізуге қаражат бөлінді. 3 компьютерлік томограф және 10 цифрлық рентген аппараты, Рудный қалалық ауруханасы үшін магниттік-резонанстық томография аппараты сатып алынады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 80 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды, тағы да 30 бірлігі сатып алынатын болады. 

«Қазір ең басты мәселе - медицина саласына мамандарды тарту. Биылғы жылы 240 жас маман дәрігер келеді деп күтілуде. Әрбір жас маманға  1,5 млн теңгеден көтерме жәрдемақы төленеді. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы олар үшін жақында Қостанай қаласында 54 пәтер берілді, тамыз айында тағы 120 пәтердің кілтін тапсырамыз. Сонымен қатар жыл соңына дейін жалға берілетін 300 пәтер дайындалуда», — деді А. Мұхамбетов.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен медицина мамандығы бойынша жалпы 80 резидент және 20 студент даярлау басталды. Оның ішінде 24 резидент биыл облысымызға келіп жұмыс істейді. Барлығы 300-ге жуық маман өңірге тартылатын болады. 

Облыста карантин шараларының талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. 

«Мониторинг жүргізетін топтар саны 44-тен 91-ге дейін ұлғайтылды. 6-26 шілде аралығында мониторинг жүргізу топтары әр түрлі нысандардың 2 мыңнан астам объектісін тексерді. 85 бұзушылық анықталып, 50 айыппұл салынды», — деді облыс басшысы. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.