ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонында болып, онда ҚР-да шығару жоспарланған электр автомобильдерінің модельдерімен танысты. 

Қазақстандық электрокарлар автоөнеркәсібінің жай-күйі мен даму перспективасы және «жасыл экономика» үшін автомобиль экологиялық хабын қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті А. Лаврентьев пен JAC Motors бас директорының орынбасары Юй Ян, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Н. Байбазаров және «ӨКМ Операторы» ЖШС бас директоры М. Құмарғалиев  баяндады.

2021 жылы ҚР-да автобустарды қоса алғанда, түрлі үлгідегі 1200 бірлік электр көлігін шығару жоспарланған, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2000 бірлікке дейін жеткізілетін болады. Бұл көліктер ішкі нарыққа және шетелге экспортқа шығарылатын болады. 

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында электромобильдерге арналған 50-ден астам қуаттандыру станциясы жұмыс істейді. Бұл тізімді Ұлттық павильон аумағында орнатылған арнайы аймақтар толықтырды, олар бір мезгілде 25 электромобильді қуаттандыруға мүмкіндік береді.

Үкімет басшысына JAC IEVS4 және JAC IEV7S электромобильдерінің модельдері, сондай-ақ толық өлшемді NIO ES6 және NIO ES8 кроссоверлерінің үлгісі көрсетілді.

Шараға Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов және т. б. қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу