Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты

Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020, 16:33:19

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысына дейін атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесі бар екенін, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңға қол қойғанын атап өтті. Аталған Заң бойынша жиын өткізудің алдын ала ескерту қағидаты енгізілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді. Саяси реформалардың бірінші топтамасына кіретін басқа да заң жобалары әзірленуде. Сондай-ақ сайлау туралы және саяси партиялар туралы заңдарға өзгерістер енгізетін құжаттарға қол қойдым. Біз парламенттік оппозиция институтын енгіздік. Саяси партияларды тіркеуге қатысты талап жеңілдетілді. Сайлауға түсетін саяси партиялар әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота бөлетін болады. Жала жабуды қылмыс санатынан алып тастау және Қылмыстық кодекстің 174-бабын ізгілендіру жөніндегі нормаларға азаматтар барынша қолдау білдірді», – деді Президент.  

Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстың күн тәртібі туралы айта келіп, кез-келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналғанын атап өтті.

«Жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда кенжелеп қалғанын жеткізді.

«Қазақстанның мектептері жақсы жабдықталып, сыныптағы оқушылар санының көп болмағаны қажет. Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай 650 орындық және одан да көп оқушыға арналған 800 жаңа мектеп,  ауылдардағы тірек мектептер үшін 114 интернат, 700-ден астам спорт залдарын салу жоспарланып отыр», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес мүшелерінің назарын қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау проблемасын шешу жөніндегі міндеттерге аударды. Сонымен қатар білім беру саласындағы басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек екенін айтты.

«Менің шешімім бойынша 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару және оларды қаржыландыру облыстық деңгейге өтеді. Бұдан бөлек соңғы уақытта оқу орындарының басшыларын тағайындау тәртібі туралы мәселе жиі қозғалуда. Үкімет балабақша меңгерушілерін, мектептер мен колледждердің директорларын тағайындаудың түсінікті әрі ашық жаңа жүйесін әзірлеуі керек. Директорларды алмастыру және аттестациялау институтын енгізу ісі де басқарудың тиімділігін арттыруға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруға шақырып, бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудару қажеттігін айтты.

«Олар тіл үйрету барысында, негізінен, оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан Тіл комитетін екі мың жиырма бірінші жылдан бастап  Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ, мұндай қадам  қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ғылымды дамытуға баса мән берді.

«Жалпы ғылымға бөлінетін қаржыны жоспарлы түрде көбейтеміз. 2025 жылға қарай оны жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына дейін жеткіземіз. Осы ретте біз ешкім оқымайтын, қажетсіз жұмыстар мен зерттеулерді қаржыландыруға жол бермейміз. Әрбір ғылыми жұмысқа қатаң талап қойылуға тиіс. Сондай-ақ оның нақты әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және техникалық қайтарымы болуы қажет. Бағдарламалық-нысаналы  қаржыландыру тек ұлттық ғылыми-техникалық міндет тұрғысынан бөлінуге тиіс. Медико-биологиялық зерттеулер, агроөндірістік ғылым, «жасыл» технология, жасанды интеллект, энерготиімділік сияқты салаларға ерекше мән беріп, қаржы бөлу керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін, шын мәнінде, ауыр сынақ болғанын атап өтіп, бұл ахуалдың Қазақстанда кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін анық аңғартқанын жеткізді. Сондай-ақ бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқының қорғалмауы себеп болып отырғанын айтты.   

«Түрлі сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәрігерлер алады.   Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын. Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент медицина инфрақұрылымын дамытуға байланысты бірқатар мәселені шешуді тапсырды.

«2010 жылдан бері денсаулық сақтау саласы мен экстенсивті тиімділіктің кейбір бағыттарын оңтайландыруға баса мән бердік. Нәтижесінде 1000-ға жуық жұқпалы ауруларға арналған орын қысқарды. Биологиялық қауіп-қатерлерді ескере отырып, Үкімет белгілі бір бағыттар бойынша денсаулық сақтау жүйесіндегі рұқсат етілген артықшылық мәселесін қарастырып, оның қиын-қыстау жағдайларға дайын болуына қолдау көрсетуі қажет», – деді Мемлекет басшысы.  

Отырыс барысында Президент Үкіметке ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ісінің тиімді үлгісін жасау шараларының орындалуын, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейтуді және институционалдандыруды қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ, елімізді дәрі-дәрмектермен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

«Бүгін мен негізгі әлеуметтік салаларды реформалауға арналған бастамалар жөнінде айттым. Бұл бастамалардың басым бөлігі Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалды. Осы шараларды тиімді жүзеге асырсақ, адами капиталдың сапасын айтарлықтай арттырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады


Жаңалықтар тізбегі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды
23 Маусым 2020, 10:11
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
23 Маусым 2020, 10:08
Б. Атамқұлов жылыту маусымы туралы: денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді
23 Маусым 2020, 09:57
Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде 8 энергоблокты, 59 қазандықты, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған — Энергетика министрлігі
23 Маусым 2020, 09:34
2019 жылы шағын және орта бизнес 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірді — ҚР ҰЭМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.