Мұнай-газ машиналарын жасауды дамытудың халықаралық орталығы ҚР-да мұнай-газ жабдықтарын шығаратын 10 жаңа ірі өндіріс құрады

2020 жылғы 30 қарашада Мемлекет басшысының машина жасау саласын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын құру туралы келісімге қол қойылды. PrimeMinister.kz-ке берген сұхбаты барысында орталық қандай мақсатпен құрылатыны туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев айтып берді.

Басқарма басшысы атап өткендей, орталық жұмысының мақсаты жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен сервистік орталықтар ашу арқылы Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін оқшаулау, инвестициялық қызметті қолдау болып отыр.

«Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта біз жыл сайын $2 млрд-қа дейінгі сомаға мұнай-газ жабдығын сатып алуға мәжбүрміз. Бұл орталықты құру Қазақстанға жоғары құзыреттерді, сондай-ақ әлемде көптеген бірегей өндірушілерді тартуға ықпал ететін болады. Жаңа технологияларды тарта отырып, мұнай-газ жабдықтарын шығару бойынша кемінде 10 жаңа ірі өндіріс құру көзделген», — деді М. Пішембаев.

Осы келісімге қол қоя отырып, мұнай-газ секторының ірі жобаларының операторлары өздерінің мүдделілігін растайды. Олардың контрагенттері — әлемге әйгілі трендтер, яғни жабдықтарды жеткізетін компаниялар.

«Біздің міндетіміз — Қазақстанда мұнай-газ жабдықтарын шығару бойынша бірлескен өндірістер құру мақсатында қазақстандық бизнес пен ірі операторлардың жеткізушілерін түйістіру. Операторлар қызығушылық таныта отырып, мұнай-газ жабдықтарын сатып алу бойынша шорт-парақтар ашады, шетелден мұнай-газ машиналарын жасау бойынша кадрларды тартуға ықпал етеді. Бұл орталықта біздің елімізде бірлескен өндірістерді қалыптастыру, технологияларды тарту және өндірісті ұйымдастыру бойынша ақыл-ой орталығы шоғырландырылатын болады», — деп түсіндірді басқарма төрағасы.

Орталықты мұнай-газ жобаларының операторлары қаржыландырады және ол коммерциялық емес негізде жұмыс істейді.

«Біз Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы жаңа жылдан бастап жұмыс істей бастайды және еліміздің мұнай-газ машинасын жасауды дамытуға өзінің лайықты үлесін қосады деп үміттенеміз», — деді М. Пішембаев.

Естеріңізге сала кетейік, құжатқа энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «PSA» ЖШС бас директоры Бекет Избастин, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (КПО) басшысы Эдвин Блом, Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) басшысы Ричард Хоув және Теңізшевройл (ТШО) басшысы Имер Боннер қол қойды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу