Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі Ақша-несие саясаты стратегиясының жобасын әзірлейді

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020, 10:46:20

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Үкіметтің 24.01.2020 жылғы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына сәйкес біз Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті іс-шаралар жоспарын келістік», — деді Е. Досаев. 

Ұлттық Банкке бекітілген іс-шаралар шеңберінде бірқатар бағыт бойынша жұмысты жүргізу көзделген. Оның ішінде-ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен жалпы экономикалық даму қажеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, валюта нарығын дамыту және т. б. бойынша.

Ақша-несие саясаты

Ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру, инфляциялық күтулерді тұрақтандыру және экономиканы ұзақ мерзімді қорландыруды қамтамасыз ету үшін біз ағымдағы жылғы наурыздың соңына дейін Ақша-несие саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясының жобасын әзірлейміз. Сараптамалық қауымдастықпен талқыланғаннан және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін жоба ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Ұлттық Банк Басқармасына ұсынылады.

Қаржы тұрақтылығы мен экономикалық өсу арасындағы теңгерім

Макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру мақсатында ағымдағы жылғы наурызда Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасында келісім жасалады. 

Құжатта 2019 жылы басталған макроэкономикалық саясатты үйлестіру жұмысы жалғастырылады және қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен жалпы экономикалық даму қажеттілігі арасындағы балансты қамтамасыз ету тәсілдері әзірленеді. 

Келісімде мыналар:

  • азық-түлік нарықтарындағы бәсекелестікті арттыру және реттелетін қызметтерге тарифтерді тиімді бақылау шаралары;
  • Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту және 2-5 жылдық облигацияларды басым түрде шығару мәселелері;
  • экспортты одан әрі әртараптандыру және импорт ауыстыру бойынша жұмсалатын күш;
  • банкроттық рәсімдерін, атап айтқанда «бір теңге – бір дауыс» рәсімін жетілдіру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ оның тиімділігін арттыру үшін банкроттық рәсімін жүргізу мерзімдерін шектеу қамтылуы тиіс.  

Валюта нарығын дамыту 

Қаржы нарығын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету және Қазақстанға шетелдік капиталды тарту жұмысы шеңберінде Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп 2020 жылғы 1 шілдеге дейін валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің нарықтық инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді.

Бұл, бір жағынан, қаржы ұйымдарының балансындағы валюта қаражатын экономиканы ұлттық валютада кредиттеуге жұмсауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, шетелдік инвесторларды валюталық тәуекелдерден қорғау құралына айналады, соның нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялар көлемін ЖІӨ-нің 30%-на дейін жеткізуге ықпал ететін болады. 

Төлем жүйесін дамыту

«Көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың үлесін арттыру мәселелері Ұлттық банктің негізгі басым міндеттерінің бірі», — деді Е. Досаев.

Ұлттық банк алға қойған мақсаттарға жету үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Үкіметпен бірлесіп 2020 жылғы 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлейді. Ұлттық төлем жүйесі барлық мүдделі тараптар үшін өзара тиімді негізде құрылатын болады.  

Қаржылық технологиялар мен инновациялар

«Қаржы технологияларын одан әрі дамыту мәселесі оларды қаржы нарығына енгізу тұрғысынан ғана маңызды емес, бүкіл қаржы секторын кешенді дамытудың негізгі факторы болып табылады», — деп Е. Досаев, Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қаржы технологиялары мен инновацияларды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлейтінін айтты. 

Инвестициялар статистикасы

Мемлекет басшысы атап өткендей, тікелей инвестицияларды тарту — елді дамытудың негізгі құралы. 

Барынша айқын мәліметті алу үшін Ұлттық банк 2020 жылғы сәуірден бастап мұнай-газ саласын есепке алмастан тікелей шетелдік инвестициялардың әкеліну статистикасын тоқсан сайын жариялайтын болады.

Қаржылық тұрақтылық және қаржы секторын одан әрі реформалаудың барлық шараларын үйлестіру Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылған Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес арқылы қамтамасыз етіледі.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Сәуір 2020, 15:42
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Сәуір 2020, 15:40
Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды
07 Сәуір 2020, 13:12
Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлем: төтенше жағдай кезінде мемлекет қандай шаралар қабылдауда
07 Сәуір 2020, 11:10
Қазақстанның ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту барысында 88 мың жұмыс орны құрылады
07 Сәуір 2020, 11:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №173 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 11:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №171 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №166 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №165 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:07
2020 жылы 12 600 отбасыны жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген — ҚР ИИДМ
07 Сәуір 2020, 09:59
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин
07 Сәуір 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды
06 Сәуір 2020, 15:30
7 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
06 Сәуір 2020, 10:49
Мемлекет басшысы медицина саласындағы ғылыми орталықтардың қызметкерлерін құттықтады
05 Сәуір 2020, 20:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №55
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.