Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті әйгілі суретшінің отандық өнер мен мәдениетті дамытуға сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

Өз кезегінде К. Муллашев Елбасыға қазақстандық өнер қайраткерлеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу