Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысты

Жұма, 29 Қараша 2019, 19:13:54

Шағын құрамдағы кездесу қорытындысы бойынша төрт елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік жиналысының құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Шағын құрамдағы кездесуден кейін делегация басшылары кеңейтілген форматта кездесу өткізді.

Консультативтік кездесуде сөйлеген сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті жоғары деңгейдегі шараға қатысуға шақырғаны үшін Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Қазақстанның астанасында бастау алған диалог Орталық Азия тарихының жаңа парағын ашқанын атап өтті.

«Ол ынтымақтастығымызды түбегейлі жақсартты. Диалог біздің елдеріміз үшін достығымыздың ғасырлар бойы өмір сүретіндігін аңдатты. Барлық деңгейдегі байланыстарды күшейту басталды»,деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың даму тарихы туралы айтты.

Кездесуге қатысушы мемлекеттердің әлеуетін біріктіре отырып, барлық елдердің әл-ауқатын арттыру мақсатымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті «ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы тату көршілік және ынтымақтастық туралы келісім» жасасуды ұсынды.

«Бұл саяси құжат біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі принциптері мен мақсаттарын көрсетуі керек. Келісімге елдеріміздің егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын өзара құрметтеу туралы ережелер енеді»,деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы өңірдегі қауіпсіздікті нығайту үшін келесі жылы Орталық Азия елдерінің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуін өткізуді ұсынды.

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қатысушы елдердің үкіметтерін демографиялық дамудың жоғары қарқынына байланысты туындаған проблемаларға назар аударуға шақырды.

«Тауарлардың, қызметтердің және капиталдың қозғалысына тосқауыл болатын кедергілерді алып тастау арқылы «кедергісіз Орталық Азияны» қалыптастыру керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы барлық мемлекет басшыларына 15 наурызда жаңа мереке – Орталық Азия күнін атап өтуге шақырды.

Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Осы бағытта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында әр елдің студенттеріне 10 гранттан бөлуді ұсынды.

«Түркі әлемінің бесігі – Түркістан қаласы қазір қайта өркендеуді бастан кешіруде. Десе де, ол өзінің мәдени, тарихи және рухани өзегін сақтайтыны сөзсіз. Өз кезегінде қала баршамыздың ортақ  мақтанышымызға айналатын керемет мегаполике айналмақ. Осыған орай, Орталық Азияның бауырлас мемлекеттерінің басшыларын келесі күзде осы көне қалаға шақырамын», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сөз соңында Елбасы Орталық Азия елдерінің мұралары аясын кеңейту және тереңдету қажеттігіне тоқталды.

Консультативтік кездесудің соңында Елбасы Орталық Азия елдерінің көшбасшыларымен бірге ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Дәстүрлі ағаш отырғызу рәсімі «Көксарай» резиденциясының Құрметті қонақтар аллеясында өтті.

Сонымен қатар, Елбасы Орталық Азия елдерінің мемлекет басшыларымен бірге Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың монументіне гүл шоқтарын қойды.


Жаңалықтар тізбегі
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды
23 Маусым 2020, 10:11
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
23 Маусым 2020, 10:08
Б. Атамқұлов жылыту маусымы туралы: денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді
23 Маусым 2020, 09:57
Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде 8 энергоблокты, 59 қазандықты, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған — Энергетика министрлігі
23 Маусым 2020, 09:34
2019 жылы шағын және орта бизнес 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірді — ҚР ҰЭМ
22 Маусым 2020, 16:34
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.