Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ассамблея алдындағы міндеттер айқын. XXVII сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары жарияланды. Енді өңірлік этномәдени бірлестіктерді тарта отырып  жергілікті жерлерде жұмысты ілгерілету және түсіндіру маңызды. Барлық облыстарда тиісті жұмысты жолға қою қажет», — деді Елбасы

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА жұмысын халықаралық бағытта күшейтудің маңыздылығына назар аударды.

«Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблея жұмысын жандандыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Негізгі басымдықты өңірлерге бердік. Соңғы 2 айдың ішінде 2000-нан астам іс-шара өткізіліп, 4,5 милионнан астам адам қатысты», — деді Жансейіт Түймебаев.

Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу