Бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету: Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын жақсартуы ШОБ-тың дамуына қалай ықпалын тигізеді 

Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінің жаңа редакциясында Қазақстан 25-орынды иеленіп, ТОП-25-ке кіру бойынша өз жоспарын 2 жыл бұрын орындады. Бастапқыда бұл көрсеткіш 2021 жылға жоспарланған еді. 

Бизнес жүргізу жеңілдігі индексі — Дүниежүзілік банк жылдық мәліметтердің негізінде құрастыратын әлем елдері арасындағы кәсіпкерлік қызметтің қарапайымдылығын салыстыруға арналған индекс. Индекс 2003 жылы әзірленді.

Бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар 10 категория бойынша бағаланады: кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу, меншігін тіркеу, несиелер алу, миноритарлы инвесторларды қорғау, салық салу, халықаралық сауда, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету және төлем қабілетсіздігін шешу. 

2019 жылғы рейтинг көшбасшылары — Жаңа Зеландия және Сингапур — өз позицияларын сақтап қалды.

Гонконг Данияны ығыстырып, үшінші орыннан төртінші орынға шықты. 

АҚШ екі жолға - сегізінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. 

Грузия өзінің позицияларын сәл нашарлатып алды, алтыншы орыннан жетінші орынға түсті. 

 

Қазақстан әлемнің 190 елінің ішінде бизнес жүргізуде ТОП-25 үздіктер қатарына енді

Қазақстан 79,7 баллы бар Германиядан кейін ықтимал 100 балдың 79,6 баллына ие болды. Қазақстан Австриядан, Жапониядан, Испаниядан, Франциядан, Швейцариядан және ТМД елдерінен озды.

Баллдар саны бойынша біздің 79.6 балл алған Канада және Ирландиямен тең позицияға ие болуымыз да қуантады. Олар рейтингде 23 және 24-орындарға ие.

Соңғы екі жылда Қазақстан 11 позицияға жоғарылады (2017 – 36-орын, 2018 – 28-орын). Бұл Үкіметтің 2014 жылдан бастап заңнамалық бастамалардың 7 топтамасы шеңберінде қабылданған реформаларының рекордты нәтижелерін байқатады.

Бұл Үкіметтің жылдан жылға бизнесті дамыту үшін қалыпты жағдай жасауға бағытталған шараларының әрекетті болып келгенін байқатты.

Қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлік әлеуетті ашуға, бизнес-климатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Іскерлік климатты жақсарту шағын және орта кәсіпкерліктің өсуін қамтамасыз етеді, бұл елдің экономикалық өсуіне және халықтың әл-ауқатының жақсаруына жәрдемдеседі.

 

Қазақстан 3 бағыт бойынша жоғары көтерілді

Қазақстан 10 негізгі бағыттың 3-уі бойынша жоғарылады және «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша әлемдегі төртінші орнын сақтап қалды.

Қазақстан «Кредит алу» (+35 позиция), «Кәсіпорындарды тіркеу» (+14 позиция), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (+9 позиция) индикаторлары бойынша айтарлықтай өсуді байқатты.

Қазақстан іске асырған негізгі реформалар:

  • «Астана-1» электрондық кедендік декларациялау жүйесін енгізу; 

  • Қосымша құн салығын тіркеу уақыты 5-тен 1 жұмыс күніне дейін қысқарды;

  • Заңды тұлғалардың пайдасына қарай өтеу туралы сот актісін орындауға уақыт шығыны 231 күннен 64 күнге қысқартылды;

  • Тапсырыс берушіде жер учаскесіне құқығы болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардан құрылысқа қосымша рұқсат алу қажеттілігі алып тасталды;

  • Шотты онлайн ашқаннан кейін банкке бару қажеттілігі алып тасталды, бұл компанияларға шотты ашқан сәттен бастап оны қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік береді.

  • «Сот кабинеті» сервисі шеңберінде үйден немесе кеңседен шықпай сотқа талап арыз (шағым, өтініш, пікір, қарсы талап арыз немесе өтініш) беру және онлайн режимде мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі ұсынылған.

 

2019 жылғы қаңтар-маусымда ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 10,8%-ға артты

Ресми статистикалық деректерге сәйкес 2019 жылғы қаңтар-шілде аралығында республика бойынша ЖІӨ-де ШОК үлесі 28,5%-ды құрады. Біздің міндетіміз аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 30%-ға және 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізу болып табылады, бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді.

Осылайша, 2019 жылғы қаңтар-маусымда ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 12,7 трлн теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 10,8%-ға өсті.

Жылдар бойынша нәтижелерді салыстыратын болсақ, 2018 жылы өнім шығарылымы 26,5 трлн теңгені құрады, бұл 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 70%-ға жоғары

 

Бизнес саласында жұмыс істейтіндер саны 3,3 млн адамды құрады 

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1, 6 млн бірлікті құрады. ШОБ-та жұмыс істейтіндер саны 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 3,3 млн адамды құрады. Бизнес ортаны жақсарту үшін 5 жылда заңнамалық бастамалардың 7 топтамасы қабылданды 

Кәсіпкерлік қызмет жөніндегі заңнама 2014 жылы Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын, ал 2015 жылы Кәсіпкерлік кодексті қабылдай отырып реформаланған болатын. Сонымен қатар, 5 жыл бойы «Doing Business» рейтингі шеңберінде бизнесті дамыту үшін қалыпты жағдай жасауға бағытталған заңнамалық бастамалардың 7 топтамасы қабылданды

 

Бизнеске тексерулер жүргізу мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін қысқартылды

2018 жылы Кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері жөніндегі Заңмен іріктеме тәртібі бойынша жүзеге асырылатын тексерулердің орнына профилактикалық бақылау институты енгізілді.

Профилактикалық бақылаудың іріктеме тексерулерінен айырмашылығы әкімшілік іс қозғамай құқықбұзушылықтар профилактикасы мен алдын алу болып табылады.

Мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске тексерулер жүргізу мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін қысқартылды.

Сондай-ақ қабылданған заңмен 114 бақылау саласынан 20 сала және 18 қадағалау саласынан 3 сала алып тасталды. Оған жүзеге асырған кезде қайталану мен тиімділіктің болмауы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекет пен тұтынушының қауіпсіздігіне төнетін қауіппен байланысты емес тиісті бақылау-қадағалау функциялары ықпал етті.

Бұл ретте, шағын, оның ішінде макробизнеске тексерулер жүргізуге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жыл мерзімге мораторий енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, бұл да кәсіпкерлікті дамыту үшін қалыпты жағдай жасауға жәрдемдеседі.

Осылайша, соңғы 10 жылда белгілі бір қызметті жүзеге асыру тәуекелдерін бағалау негізінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізілді, іріктеме тексеру жүргізу және тексеруге балама институты енгізілді. Кәсіпкерлік кодексті қабылдай отырып мемлекеттік органдар үшін тәуекелдерді басқаруда ортақ тәсілдер жасалды және анықталды және тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары бекітілді.

Жүйелік негізде жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің жалпы саны 2010 жылдан бастап 4,3 есе қысқарды.

 

Рұқсат беру құжаттарының жалпы саны 70%-ға қысқартылды

2014 жылы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңды қабылдай отырып 481 рұқсаттан және 227 лицензияланатын қызмет түрлерінен тұратын қорытынды тізбе жүйеленді және бекітілді.

Бүгінде рұқсат беру құжаттарының жалпы саны 70%-ға, яғни, 1200-ден 316-ға қысқартылды. 

Заңды қабылдау бизнеске қысымды азайтты, әкімшілік тосқауылдар саны қысқартты және мемлекеттік органдардың артық функциялардан жүктемесін азайтты, сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуы үшін барынша қалыпты жағдай жасады.

 

Заңнамалық бастамалардың әзірленіп жатқан 8-топтамасы нені қарастырады?

Мақсатымыз – Қазақстанда бизнес үшін ең үздік жағдай жасау және «Doing Business» рейтингінің ТОП-25 үздік елдерінің халықаралық бағасына ие болу. 

Заңнамалық бастамалардың әзірленіп жатқан 8-топтамасы шеңберінде мыналар ұсынылады:

  • Электр желілеріне қосылу бойынша «Бір терезені» енгізу;

  • ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу бір күннің ішінде электрондық өтінім бойынша ғана жасалады;

  • ХҚКО-ға келмей жеке кабинетте компанияның электрондық цифрлік қолтаңбасын алу;

  • ЖШС мүшелері арасында дауларды (тығырықты жағдайларды) шешу тетігін енгізу;

  • Электр желілеріне қосылуға өтінішті электрондық түрде беру жүйесін енгізу;

  • ҚМЖ бастағаны туралы МСҚБ басқармасына және жол полициясына хабарлама беру рәсімін алып тастау;

  • Сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер учаскелерін беру;

  • Тәуекелі төмен құрылыс жобаларын міндетті сараптамадан алып тастау.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу