Олжас Бектенов ұжымға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін таныстырды 

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Жаслан Мәдиевті таныстырды. 

Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі. ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды.

#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-Министрі #ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу