Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2019 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО-да барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны қамтамасыз етілді

Жұма, 24 Қаңтар 2020, 14:42:11



Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Шығыс Қазақстан облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы өңір әкімі Даниал Ахметов баяндады.

Әкімнің айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында тұрақты даму траекториясы сақталуда. Барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсу динамикасы қамтамасыз етілді.

Өткен жыл ішінде, жалпы өңірлік өнім 4 трлн теңгеден асты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 109%-ға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 104%-ға, инвестиция – 123%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 106%-ға артты. 443 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 108%-ды құрады.

«Нақты сектордағы оң нәтижелер ел бюджетіне салық түсімін 121%-ға, соның ішінде жергілікті бюджет түсімін 114%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Тұрғындардың ақшалай кірістері 116%-ға, айлық орташа еңбекақы 114%-ға, жеке тұлғалардың салымдары 111%-ға өсті. 27 мың жаңа жұмыс орны құрылды», — деді әкім. 

Облыста халықтың тұрмыс сапасына қатысты мәселелерге, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыруға ерекше мән беріледі. 

«Біз алдымызға облыстың денсаулық сақтау саласын дамыту принципін озық дамушы ретінде өзгерту міндетін қойдық. 3 жыл ішінде салаға 22 млрд теңге инвестицияланды. 1086 бірлік заманауи жабдық сатып алынды. Роботты хирургия және трансплантология, политравма, ортопедия орталықтары, III деңгейдегі инсульт орталығы, гибридті операциялық ашылды, Алтай және Аягөз аудан орталықтарында II деңгейдегі инсульт орталықтары құрылды», — деді Д. Ахметов.

Сонымен қатар, мекемелерді халықаралық «Алтын стандартқа» – Joint Commission International сәйкестігіне аккредиттеу жүргізіледі, бұл медициналық туризмді дамытуға нақты қадам жасауға мүмкіндік береді. Медициналық кадрлардың тиімді медициналық көмектің жаңа енгізілген жүйесіне сәйкестігі үшін үш деңгейлі бағдарлама шеңберінде 5,5 мыңнан астам маман біліктілігін арттырды, оның 276-ы — алыс шетелдерде.

«Қабылданған шаралар медицина деңгейін көтеруге, нәресте өлімін 28%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімді 7%-ға, туберкулезден болатын өлімді 66%-ға төмендетуге мүмкіндік берді», — деді әкім.

Білім беру саласында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша орта білімнің жаңартылған мазмұнға көшуі жүзеге асырылды. Облыстың барлық 648 мектебін АТ-сыныптармен жабдықтау аяқталды. Үш тілді білім беру жобасын жүзеге асыру жалғасуда.

Сонымен қатар, аталған шаралар, сондай-ақ «Білікті маман» облыстық жобасы бойынша өңірлік жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасы жоғары білімнің қолжетімділігін 48-ден 64%-ға дейін арттыруға және мектеп түлектерінің таяу шетел ЖОО-ларына кетуін 3 есе азайтуға мүмкіндік берді.

«Тұрмыс сапасы мәселелерін шеше отырып, біз аз қамтылған және көп балалы отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлеміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйлер мен пәтерлерді 1700 кезекте тұрғандар қатарынан 495 көп балалы отбасы алды. Қалған отбасылар 3 жыл ішінде кезең-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», — деп атап өтті Д. Ахметов.

Өңір әкімінің айтуынша, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге тек бюджет қаражаты ғана емес, сондай-ақ, халықаралық қаржы институттарының инвестициялары да, мемлекеттік-жекеменшік әріптестердің салымдары да жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда МЖӘ-нің 266 жобасы бойынша жұмыс атқарылуда, бұл ҚР бойынша жобалардың 30%-ын құрайды. ҚР-дағы Еуропа қайта құру және даму банкімен өңірлік келісімдер мен шарттардың 29%-ы — Шығыс Қазақстан облысы.

«Облыстың даму келешегін қарастыра отырып және өңірді түбегейлі жаңа деңгейге шығаруға қабілетті стратегиялық ұзақ мерзімді резервтерді талдай отырып, нақты сектордың векторлық бағыты ретінде аграрлық кешен анықталған», — деді әкім.

Сарапшылар Қытай нарығын соя бойынша 97 млн тонна көлемінде бағалайды. ҚХР жыл сайын 3 млн тоннаға жуық жүгері импорттайды. Осы екі бағыт алдағы бірнеше жылда ШҚО-ның ауыл шаруашылығы құрылымын өзгертеді.

Экономиканың тағы бір болашағы бар дамуы — облыстың минералдық-шикізат базасына негізделген жаңа технологиялар жасау, өндірістік процестерді жаңғырту.

Әкім атап өткендей, 2040 жылға қарай бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған ірі кен орындары іс жүзінде таусылатын болады. Осы бағытты толыққанды дамыту үшін 1 км-ден астам тереңдікте геологиялық барлау және іздестіру жұмыстарының жоғары деңгейін ұйымдастырып, сирек және жерде сирек кездесетін металдар кен орындарын өндіру және қайта өңдеу бағдарламасын қабылдап, инфрақұрылымды салу қажет.

Сондай-ақ, Д. Ахметов Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық мәселесіне жекелей тоқталып өтті.

«Барлық мерекелік іс-шаралардың идеологемасы Тұңғыш Президентіміз – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасы мен “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласындағы міндеттермен үндес. Жалпы 560 іс-шара өткізу көзделген, оның 24-і халықаралық, 21-і ұлттық, 515-і өңірлік деңгейде. Іске асырылатын жобалар идеологиялық, рухани және ағартушылық міндеттермен бірге, облыстың экономикалық, инфрақұрылымдық, туристік әлеуетін одан ары дамытуды қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрайды», — деп түйіндеді өңір әкімі. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Сәуір 2020, 15:42
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Сәуір 2020, 15:40
Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды
07 Сәуір 2020, 13:12
Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлем: төтенше жағдай кезінде мемлекет қандай шаралар қабылдауда
07 Сәуір 2020, 11:10
Қазақстанның ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту барысында 88 мың жұмыс орны құрылады
07 Сәуір 2020, 11:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №173 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 11:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №171 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №166 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №165 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:07
2020 жылы 12 600 отбасыны жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген — ҚР ИИДМ
07 Сәуір 2020, 09:59
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин
07 Сәуір 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды
06 Сәуір 2020, 15:30
7 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
06 Сәуір 2020, 10:49
Мемлекет басшысы медицина саласындағы ғылыми орталықтардың қызметкерлерін құттықтады
05 Сәуір 2020, 20:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №55
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.