Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ

Сейсенбі, 11 Тамыз 2020, 09:33:38

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады.

Р. Дәленов атап өткендей, 2020 жылғы қаңтар-шілденің қорытындсы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті, сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер 6,2%-ға қысқарды. Нәтижесінде, жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 2,9%-ға төмендеді. Жылдық инфляция 7,1% құрады. Бұл күтілген инфляция дәлізінен төмен (8-8,5%).

Министрдің айтуынша, есепті кезеңде келесідей жағымды үрдістер байқалуда.

«Экономиканың нақты секторында өсім жалғасуда. Ең алдымен, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында. Импорттың төмендеуі аясында оң сауда балансы сақталуда», — деді Р. Дәленов.

Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге байланысты сервистік қызметтер көлемінің қысқаруы, сондай-ақ мұнай өндіру қарқынының жоспарлы төмендеуі байқалады, бұл экономиканың өсуін тежеуші факторы болды.

Өндірістік секторда 2,1%-ға өсім байқалады, оның ішінде құрылыста – 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,8%, ауыл шаруашылығында – 2,5%-ға. 

Сонымен бірге, қызметтер секторы салаларында, оның ішінде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 4,3%, әкімшілік қызметтерді көрсету – 5,3%, сауда – 11,9% және көлік қызметтері – 15,6% төмендеу көрсетті. Бұл ретте, байланыс қызметтері 8,7%-ға артты.

Осы жылғы маусымымен салыстырғанда, шілде айында қызмет көрсетудің бірқатар салаларында өсім жалғасты.

«Яғни, бір айда қаржылық және сақтандыру қызметі 29%-ға, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 10,2%, деректер беру – 6,7%, ұялы байланыс – 4,1%, интернет желісі 2,9%-ға өсті. Сондай-ақ жүк айналымы 5,6%-ға, оның ішінде темір жол көлігімен тасымалдау – 5,5%-ға, құбырлармен тасымалдау – 2,9%-ға өсті», — деді министр.

Қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы $42,5 млрд құрады. Экспорт $26 млрд, импорт $16,5 млрд құрады. Сауда балансының оң сальдосы $9,5 млрд деңгейінде сақталуда.

Өнеркәсіп өндірісі 1,3%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,8%-ға ұлғайды. Бұл ретте мұнай өндіру қарқынының жоспарлы төмендеуі нәтижесінде тау-кен өндіру өнеркәсібі 0,4%-ға төмендеді.

Өнеркәсіп бойынша өсім көптеген өңірлерде байқалады. Ең көп өсімді Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі озық қарқынмен өсуде. Өсім 3,8% құрады. Бұл өсім негізінен фармацевтиканың, дайын металл бұйымдарын өндірудің, машина жасаудың, оның ішінде автомобиль жасаудың, жеңіл өнеркәсіптің өсуімен қамтамасыз етілді. Өңірлер бойынша жоғары өсім Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

Р. Дәленов атап өткендей, есепті кезеңде негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңір өсім көрсетті. Ең жоғары өсім Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында байқалады.

Құрылыс 6,3%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының жоғары өсуі Шымкент қаласында және Түркістан облысында байқалады. 7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға көп.

Р. Дәленов атап өткендей, өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей.

Екі көрсеткіш бойынша (сауда және көлік салалары) карантиндық шараларға байланысты төмендеу байқалуда. 5 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсу байқалады. Олар - Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары. 4 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей. Ал, 3 өңірде 3 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар - Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары.

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру жөнінде қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай аспектілерге назар аударуы қажет.

1. 2020 жылға арналған экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды уақытылы және тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.

2. Өңірлік дағдарысқа қарсы штабтарда кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін мүмкін болатын қолдау шараларын көрсету тұрғысынан қарау.

3. Егіннің уақытылы жиналуын және құрылыс жұмыстарының маусымын тиімді пысықтауды қамтамасыз ету.

4. Мониторинг, интервенция жүргізу, шекті бағаларды белгілеу арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу.

5. Өңірлік еңбек нарықтарындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу және мемлекеттік бағдарламалар жобаларын іске асыруда барынша жұмыспен қамту.


 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 10:25
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 604 қарыз берілді — Ұлттық банк
09 Қыркүйек 2020, 10:20
2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті — Қаржы министрлігі
09 Қыркүйек 2020, 10:13
Құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібіндегі өсім — Р. Дәленов 2020 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы баяндады
09 Қыркүйек 2020, 10:06
Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы 10 негізгі бағытты қамтиды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.