Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Премьер-Министр А. Мамин мен Моңғолия Премьер-Министрі У. Хурэлсух Қазақстан-Моңғолия бизнес форумының ашылуына қатысты

Жұма, 11 Қазан 2019, 12:57:08

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолияның Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстан-Моңғол бизнес форумының ашылуына қатысты, сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) барды.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан-Моңғол қатынастарының ілгерілемелі дамуының негізі қаланды. Президент Қ. Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Моңғолиямен ынтымақтастықты тиімді дамытуға баса мән береді», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстан мен Моңғолияның инвестициялық ынтымақтастықты, әсіресе, тау-кен, көліктік-логистикалық, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында кеңейту үшін үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. 

А. Мамин екі елдің бизнесмендерін іскерлік байланыстарды белсенді түрде ретке келтіруге, бірлескен кәсіпорындар құруға және өзара тиімді ынтымақтастық жобаларын іске асыруға шақыра отырып, Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы айтып берді.

Өз кезегінде У. Хурэлсух Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары және нарықтық экономикаға көшкеннен кейін экономиканың тұрақты дамуы мен қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ете отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

«Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі мүмкіндіктер бар. Осы бизнес форум екі ел арасындағы іскерлік қатынастар мен экономикалардың дамуына серпін беретініне сенімдімін», — деді Моңғолияның Премьер-Министрі.

Форум аясында Қазақстан мен Моңғолияның іскерлік орталарының өкілдері екі елдің Үкіметтер басшыларының қатысуымен 8 құжатқа:

  • «Symbat Engineering» ЖШС және «Эрдэнэс алт ресурс» арасындағы қазақстандық тараптың Моңғолияда алтын мен күміс өңдеу бойынша аффинаж зауытын салу мен оның пайдалануға беру туралы келісімге қол қойды. Бұл жоба Қазақстанның Моңғолияға алғашқы ірі технологиялар инвестициясы болады; 

  • «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді өңдеу бойынша Ұлттық орталығы» РММ мен моңғолдық «Коеус консалтинг» арасындағы «Ферросиликоалюминия» инновациялық қорытпасын өндіру зауытын салу» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге; 

  • Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға;

  • «SCAT» әуе компаниясы» және Mongolian Airways Cargo LLC арасындағы ұшатын экипаждарды, жер бетінде қызмет көрсететін мамандарды оқыту, авиациялық техникалық қызмет көрсету туралы меморандумға;

  • «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» қазақстандық ЖШС мен «Глобал бизнес линк» моңғол компаниясы арасындағы ветеринарлық иммунобиологиялық препараттар мен диагностикалық тестілердің екіжақты экспорттық операцияларын дамыту, сондай-ақ, ветеринарлық препараттар өндірісі мен ветеринарларды оқыту орталықтарына бірлескен инвестициялар туралы меморандумдарға;

  • «Республикалық менеджмент жүйесін сертификаттау орталығы» ЖШС және «Ай Эм Эс Мон Сертф» ЖШБ арасындағы халықаралық стандарттар негізінде менеджент жүйесін сертификаттауда ынтымақтастық туралы келісімге;

  • «DOSFARM» ЖШС және «Монгол Эм Импэкс» ЖШБ арасындағы Моңғолия аумағында дәрі-дәрмектерді тіркеу, өткізу және ілгерілету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Форумға 200-ден аса адам — екі елдің іскерлік ортасының, ұлттық компанияларының, экономика саласындағы министрліктер мен ведомстволардың өкілетті өкілдері қатысты. Екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылын дамыту перспективалары туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасының орынбасары Н. Бөкейханов, «ҚазАгро» Холдингі» АӨК АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері, Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының президенті О. Амартувшин, Моңғолияның азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Ч. Улаан, Моңғолияның тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Д. Сумъяабазар баяндама жасады. 

Форум қатысушылары өздерінің мүмкіндіктерін паш етіп қана қоймай, B2B (business-to-business) форматында әлеуетті серіктестермен жұмыс кездесулері мен келіссөздер жүргізді. 

Форум ашылған соң А. Мамин мен У. Хурэлсух АХҚО-ға барып, онда биржаны, сот пен халықаралық арбитраж орталығын дамыту жұмыстарымен танысты. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
22 Шілде 2020, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.