Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бейнеконференция байланысы режиміндегі ЕҮАК отырысына қатысты

Жұма, 10 Сәуір 2020, 16:36:02

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.  

Қазақстан Үкіметінің басшысы Қазақстанның COVID-19 таралуымен күресу, экономиканы тұрақтандыру, тұрғындар мен бизнесті қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді. Бұл ретте ұлттық экономикалар деңгейінде ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында да дағдарысқа қарсы шараларды одан әрі қабылдау қажеттігін атап өтті.  

Премьер-Министр АӨК өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі тауарлар импортын алмастыру және азық-түлікпен өзін-өзі толық қамтамасыз ету арқылы ЕАЭО-ның өзін-өзі қамтуын күшейтуі қажеттігін атап өтті.    

Үкімет басшысы ЕАЭО-ға қатысушы елдердің экономикаларының қазіргі және әлеуетті бәсекелі артықшылықтарының негізінде өндірістік процестерді өңірлендірудің, Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай және басқа аймақтардан көшірілетін өндірістік активтерді тарту бойынша бірлескен тәсілдерді әзірлеудің, жаңа өткізу нарықтарымен байланысты қалыптастырудың, цифрлық технологиялар мен жасанды зердені қарқынды түрде дамыту үшін қолайлы жағдайларды белсенді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.  

«ЕАЭО ұзақ мерзімді тұрақтылығы сауда үрдістерінің тұрақтылығына тікелей байланысты. Осыған байланысты бізге одақ аясында жасалатын тауарлар мен қызметтердің басымдығын ескерумен аймақтық сауда-саттықтағы тәсілдерді бірлесіп қайта қарастыру қажет», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр өзара саудадағы кедергілерді жүйелеу және одан әрі жою бойынша бірлескен жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

«Қазіргі экономикалық дағдарыс біздің экономикаларымыз үшін сын-тегеурін ғана емес, мүмкіндік те болып отыр. ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмыс дағдарыс салдарын жұмсартуға ғана емес, ЕАЭО аясында құрылатын бағаның ұзақмерзімді өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін дамытудың іргелі факторларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

Сонымен қатар, отырысқа Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румас, Молдова Премьер-Министрі Ион Кику, Қырғызстан Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты. 

Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасын дайындау бойынша жұмыс барысын, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану тетіктерін жетілдіру, электрондық сауданы дамыту, ұлттық ақпараттық жүйелерді жедел интеграциялау және басқа да мәселелерді қарады.

Тараптар ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағындағы тез бұзылатын өнімдер экспортын рәсімдеуді тауардың шығуының сериялық сертификаты жүйесін енгізу арқылы жеңілдету туралы келісімге келді. Бұл шара ЕАЭО елдерінде тауарлардың шыққан жерін растайтын құжаттарды алуға жұмсалатын уақыт және материалдық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. “Сериялық” өнімнің шыққан жері туралы сертификат біртекті, сериямен шығарылатын өнімдерге 6 ай мерзімге бір рет беріле алады. 

ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша COVID-19 пандемиясы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ЕАЭО шараларын қоса алғанда, бірқатар шешімдер, тапсырмалар және өкімдер қабылданды.

Құжат тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласында өкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, кедендік тасымалдау баждарының мөлшерлемелерін уақытша есептемеу және кедендік рәсімдерді оңайлату жолымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың импорты үшін «жасыл дәліз» құруды, үшінші елдерге аса маңызды тауарлардың экспортына бірыңғай уақытша шектеулер енгізуді, сауданы және қолма-қол ақшасыз төлемдерді цифрландыруды ынталандыруды, вирусқа қарсы препараттар мен вакциналар жасау, олардың жаппай өндірісін жолға қою жөніндегі бірлескен іс-шараларды және басқа да шараларды қарастырады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.