«Е-Qurylys» бірыңғай ақпараттық жүйесін «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы аясында 2020 жылдан енгізу жоспарланған

Құрылыс процестерінің ашықтығын арттыру және тұрғын үй құрылысы сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Е-Qurylys» бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.

Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы электронды жүйеге ауыстырылады, онда әрбір адам құрылыстың белгілі бір кезеңін бақылай алады. Келесі жылдан бастап «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы аясында «Е-Qurylys» бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу көзделуде. 

«Біз өңірлердегі тұрғын үй құрылысының барысын көре алуымыз үшін біз біздің елімізде жүріп жатөқан барлық құрылыстарды көру мүмкін болатын бағдарламаны әзірлеуді өтіндік. Қазір бұл жүйе әзірленді», — деді Қ. Өскенбаев.

Нысандар құрылысы бойынша барлық мәліметтер Blockchain жүйесінің ашық платформасына енгізіледі, онда барлық деректер, оның ішінде құрылыс материалдары мен жұмыс қарқыны көрінеді. 

Қ. Өскенбаев атап өткендей, тұрғындарға арналған жеңілдікті тұрғын үй құрылысы барлық қауіпсіздік талаптарына сай келетін болады. 

«Жаңа бағдарламада бізге тұрғын үй арзан әрі қолжетімді болуы үшін екі нәрсені үйлестіру керек. Өз бағдарламамызда біз III және IV класты тұрғын үйлерге басымдық береміз, онда бірінші кезекте берілетін тұрғын үйдің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады», — деп қосты индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі.

Айте кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа нормативтерді, типтік жобаларды, жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларын әзірлеп, ескілерін өзектендіру, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілер мен техникалық құжаттарды цифрландыру арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылысы жұмыстарын жетілдіру шаралары қабылдануда. 

Осы жылдар ішінде ең көп тұрғын үй Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында пайдалануға берілді. Ел бойынша жылдық жоспар 13 млн ш.м. құрайды. Тұратын бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтылу көрсеткіші 21,9 ш.м. жетті. 

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму жаңа бағдарламасының міндеттерінің біоі күрделі жөндеу жүргізуді және тұрғын үй қорының реновациясын қарастырады. Бүгінде еліміздегі тұрғын үй қорында 78 мыңнан аса көппәтерлі үй бар, оның ішінде 18 мың үй күрделі жөндеуді талап етеді. 2020-2021 жылдары өңірлерге 30 млрд теңге бөлу жоспарланған, бұл айналымдағы қаражат есебінен 700 үй мен 126 үйді жөндеуге мүмкіндік береді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу