«Doing Business» рейтингіне жергілікті және шетелдік инвесторлар сүйенеді — Ж. Мәдиев ҚР-ның ТОП-25-ке кіруі туралы 

Іскерлік ахуалды жақсарту шағын және орта бизнестің өсуін қамтамасыз етеді, бұл еліміздің экономикалық өсуіне ықпал етеді, деді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ж. Мәдиев ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстан 11 позицияға жоғарылады, бұл Үкіметтің 2014 жылдан бастап заңнамалық бастамалардың 7 топтамасы аясында қабылданған реформаларының рекордты нәтижелерін көрсетті.

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1, 6 млн бірлікті құрады. ШОК-та жұмыс істейтіндер саны 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 3,3 млн-ға жуық адамды құрады.

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2019 жылғы қаңтар-маусым аралығында республика бойынша ЖІӨ-де ШОК үлесі 28,5%-ды құрады. Міндет — аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 30%-ға және 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізу, бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді. Осылайша, 2019 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы 12,7 трлн теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 10,8%-ға өсті.

«Жылдар бойынша нәтижелерді салыстыратын болсақ, 2018 жылы өнім шығарылымы 26,5 трлн теңгені құрады, бұл 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 70%-ға жоғары», — деді Ж. Мәдиев.

Осылайша, 2018 жылы Кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері жөніндегі Заңмен іріктеме тәртібі бойынша жүзеге асырылатын тексерулердің орнына профилактикалық бақылау институты енгізілді.

Профилактикалық бақылаудың іріктеме тексерулерінен айырмашылығы — әкімшілік іс қозғамай құқық бұзушылықтар профилактикасы мен алдын алу. Мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске тексерулер жүргізу мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін қысқартылды.

Сонымен қатар, шағын, оның ішінде микробизнеске тексерулер жүргізуге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жыл мерзімге мораторий енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, бұл да кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

«Осылайша, соңғы 10 жылда белгілі бір қызметті жүзеге асыру тәуекелдерін бағалау негізінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізілді, іріктеме тексеру жүргізу және тексеруге балама институты енгізілді. Кәсіпкерлік кодексті қабылдай отырып мемлекеттік органдар үшін тәуекелдерді басқаруда ортақ тәсілдер жасалды және анықталды, тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары бекітілді. Жүйелік негізде жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің жалпы саны 2010 жылдан бастап 4,3 есе қысқарды», — деп түсіндірді спикер.

Бүгінде рұқсат беру құжаттарының жалпы саны 70%-ға қысқартылды. Заңды қабылдау бизнеске қысымды азайтты, әкімшілік кедергілер саны қысқарды және мемлекеттік органдардың артық функциялардан жүктемесін азайтты, сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасады.

Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, бүгінде кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша субсидиялау және кепілдендіру, жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау аясында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне грант беру, сондай-ақ шетелде оқу, тағылымнамадан өту, сервистік қолдау түрінде ауқымды қолдау құралдарына ие бола алады.

Бұған қоса, Қазақстан 25 жыл ішінде Дүниежүзілік банкпен белсенді түрде ынтымақтастық орнатып келеді. Жыл сайын түрлі жобалар іске асырылып жатыр, олар $8 млрд асатын 47 жоба. 

«Бүгінгі таңда банк жалпы құны $3,7 млрд болатын 13-ке жуық жобаны жүзеге асырып жатыр. Осы жерде банктің Қазақстанға көрсететін техникалық көмегі аясындағы бастамаларды атап өткім келеді. Біз экономиканың түрлі салаларында өнімділікті арттыру сияқты жобалармен тығыз жұмыс жасаймыз. Атап айтқанда, бұл мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ететін монетарлық саясат, ауыл шаруашылығы саласында. Дүниежүзілік банкпен жүргізіліп жатқан барлық жұмыс бизнесті жүргізуге және бірлесіп жақсартуға бағытталған», — деді Ж. Мәдиев.

Оның айтуынша, «Doing Business» рейтингі — бұл жергілікті және шетелдік инвесторлар басшылыққа алатын объективті индикатор. Оның үстіне, бұл тек инвестициялық ынтымақтастықпен шектелмейді, оған белгілі рейтингтік агенттіктер сүйенеді.

«Бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету ШОБ дамуына серпін береді: бұл экономиканы әртараптандыру, қызметтерді жақсарту, еліміздегі бәсекелестікті арттыру», — деді ол.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу