Жылдың соңына дейін шетелдік компаниялармен бірлесіп 200 шақырымнан астам автожолды ашу жоспарланған —  ҚР ИИДМ

ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстандағы автомобиль жолдарының құрылысы және реконструкциялау жағдайы туралы ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтып берді.

С. Бармақовтың айтуынша, бүгінде Қазақстан автожолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар – 24 мың шақырым.

Сонымен бірге, Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы айтып берді.

«Бағдарлама, ең алдымен, өңірлерді дамыту және оларды өздері арасында және елордамен сәулелік қағидат бойынша байланыстыру арқылы Қазақстанның Бірыңғай экономикалық нарығын құруға бағытталған. Қазақстандағы автожол саласының қарқынды дамуының маңызды нәтижесі еліміздің халықаралық көлік дәліздері жүйесіндегі позициясын нығайту болады, бұл – әлеуетті түрде экономика өсімінің қуатты көздерінің бірі», — деді С. Бармақов.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бес негізгі бағыттың теңгерімді дамуын көздейді: Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Орталық – Батыс, Орталық – Солтүстік және Оңтүстік – Шығыс. Сонымен қатар, осы бағыттардың барлығы халықаралық көлік желісіне интеграцияланған ұлттық жол көлік инфрақұрылымының дамуын қалыптастырады.

Сонымен бірге, С. Бармақов атап өткендей, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автожол жобаларын қаржыландыруға республикалық бюджет пен Ұлттық қордан басқа халықаралық қаржы институттары мен жеке инвестициялардың қаражаты тегіс тартылуда. Бұл шаралар жобаларды жүзеге асыруға бірқатар тәжірибелі халықаралық мердігер ұйымдарды тартуға мүмкіндік берді. Италия, Түркия, Иран, Корея және Әзербайжанның ірі компаниялары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі мега жобасын уақытылы іске асыруға қатысты.

Қазіргі уақытта үкіметтік займдар есебінен шетелдік компаниялармен бірлескен 7 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен, биыл 850 шақырым жол немесе 23 нысан 101 млрд теңгеге қаржыландырылып, құрылыс және реконструкциялау жұмыстарымен қамтылды. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша, осы жобалар бойынша 201 шақырым жолда қозғалыс ашылады деп жоспарлануда. Толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Бұл — «Күрті – Бурылбайтал» автомобиль жолын реконструкциялау км 2295-2380, «Ұзынағаш – Отар» трассасында реконструкциялау км 101-143, «Шымкент – Жамбыл облысының ш.» км 593-632, «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан Республикасының шекарасы» автожолын реконструкциялау, «Ақтөбе – Атырау – РФ (Астраханьға) ш.» км 160-458, «Балқаш – Бурылбайтал» жолын реконструкциялау» км 1864-2152.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу