«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші институционалдық реформасын іске асыру барысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді

Сәрсенбі күні, 19 шілдеде, сағат 10:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» төртінші институционалдық реформасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.  

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу