15 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 15 қаңтарда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • «Электронды Үкіметті» дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсету;

  • Техникалық реттеу.   

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглованың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу