Үкімет отырысында 2017-2021 жж. арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралады

Сейсенбі күні, 8 тамызда, сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - 2017-2021 жж. арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының және «Бизнестің жол картасы-2020» іске асырылу барысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен және YouTube арнасынан қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық экономика министрліктері өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу