10 сәуірде Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 10 сәуірде сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:
•    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері;
•    Жекешелендіру жүргізу барысы;
•    Білім беру саласын цифрландыру.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Склярдың, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу