Шикізаттық емес экспортты дамыту туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 28 қаңтарда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында шикізаттық емес экспортты дамыту туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов шара спикері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу