30 Мамыр 2019, 09:16
2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ашхабадта (Түрікменстан) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
ТМД қатысушы-мемлекеттер үкіметтерінің басшылары Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды, ғылым және инновациялар, кедендік бақылау, зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау және тб. саладағы ынтымақтастық тетіктерін қарайды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу