21 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 21 мамырда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері;

  • Каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру. 

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу