22 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 22 қазанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы;

  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтың қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында автомобиль жолдарының сапасын арттыру туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Үкімет отырысының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу