29 Қараша 2021, 14:47
Сейсенбі күні, 30 қарашада, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;
Өңдеу өнеркәсібін дамыту.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау 29 қараша күнгі сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу