ҚР Президентінің азаматтардың борыш жүктемесін азайту жөніндегі Жарлығын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 29 тамызда, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Шара спикерлері:

  • ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова;

  • ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясына ҚР білім және ғылым, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ҚР әділет министрліктерінің өкілдері, сонымен қатар, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ басқарма төрағасы А. Беков қатысады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан және FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу