Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді

Бейсенбі күні, 23 қыркүйекте, сағат 17:00-де ҚР Үкіметінің Баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді.

Спикерлер:

  • ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов;
  • ҚР қаржы министрі Е. Жамаубаев;
  • ҚР ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиев.

Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.

Сұрақтарды press.kpm@gmail.com электронды мекенжайына 21 қыркүйек күнгі сағат 12:00-ге дейін жолдауға болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу