Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді

Дүйсенбі күні, 27 қыркүйекте, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің Баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді.

Спикерлер:

  • ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов;

  • ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов;

  • ҚР денсаулық сақтау министрі А. Цой;

  • ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шәпкенов.

Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.

Сұрақтарды press.kpm@gmail.com электронды мекенжайына 26 қыркүйек күнгі сағат 12:00-ге дейін жолдауға болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу