18 Маусым 2019, 16:47
Сәрсенбі күні, 19 маусымда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова шара спикері болады.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу