Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері

Бейсенбі, 25 Маусым 2020, 16:18:26

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халыққа есеп беру кездесуінде 2019 жылғы және 2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары туралы айтып берді.

 

2020 жылы әлеуметтік төлем шығыстары 20%-дан астамға артты

Өз сөзінің басында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы ведомство бюджетінің 85%-ы халыққа тікелей төлемдер жасауға арналғанын атап өтті.

Мемлекет халыққа зейнетақы мен жәрдемақы түріндегі әлеуметтік төлемдердің 39 түріне кепілдік береді. Жұмыс істейтін азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен 5 әлеуметтік тәуекел бойынша төлем алады.

2019 жылы әлеуметтік төлемдерге республикалық бюджеттен 3,1 трлн теңге бөлінді. Зейнетақы мен жәрдемақы жалпы 2,8 трлн теңгеден астам сомада 3,9 млн адамға (халықтың 21%) берілді, оның ішінде: зейнетақы төлемдері – 2,2 млн астам зейнеткер, көлемі – 2,3 трлн теңге; мемлекеттік жәрдемақылар – шамамен 1,7 млн адам, көлемі – 570,5 млрд теңге.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен 194,2 млрд теңге сомасына 825,2 мың адам төлем алды.

«2020 жылы республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдерге 3,5 трлн теңге қарастырылған. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды жалпы 3,4 трлн теңгеден астам сомада 4 млн адамға беру көзделген, бұл 2019 жылғы ұқсас шығыстармен салыстырғанда 21%-ға көп», – деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Министр сондай-ақ 2020 жылы зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері екі рет көтерілгенін атап өтті.

Осылайша, биылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар 7%-ға, базалық зейнетақылар 5%-ға ұлғайды. Осы жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақының екі түрі де тағы 5%-ға арттырылды. Соның нәтижесінде, ынтымақты зейнетақы мөлшері жылдық мәнде 12%-ға, базалық зейнетақы мөлшері 10%-ға ұлғайды.

Сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері жылдық мәнде 10%-ға ұлғайды: 1 қаңтардан бастап 5%-ға және 1 сәуірден бастап тағы 5%-ға.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңды іске асыру аясында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер мөлшері: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда – 74,4 мың адам үшін 69%-ға, асыраушысынан айрылған жағдайда – 44,8 мың адам үшін 41%-ға, жұмысынан айырылған жағдайда – 12,5 мың адам үшін 44%-ға ұлғайды.

 

2020 жылы балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шығындары 200 млрд-тан астам теңгеге артты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маңызды бағыттарының бірі — ана мен баланы қолдау саясаты.

Мемлекет балалары бар отбасыларға республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақының 6 түріне кепілдік береді (бала тууға; 1 жасқа дейінгі бала күтіміне; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға; көп балалы отбасыларға; мүгедек бала күтіміне; бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасауға).

Мысалы, бала туу бойынша біржолғы жәрдемақы 106 мыңнан 175 мың теңгеге дейін қарастырылған. 2019 жылы Қазақстанда 422 мың бала дүниеге келді. Барлығына жәрдемақы төленді.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыс істейтін әйелдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдердің 2 түрін алады: жүктілік және босану және баланың 1 жасқа дейінгі күтімі бойынша.

Сондай-ақ декреттік демалыстағы әйелдерге зейнетақы жарналары республикалық бюджеттен субсидияланады.

2019 жылы осы мақсаттарға 372 млрд теңге жұмсалды, оның ішінде 200 млрд теңге – жәрдемақы төлеуге, 167 млрд теңге – МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерге, 5 млрд теңге – зейнетақы жарналарын субсидиялауға жұмсалды.

2020 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға жалпы 581,5 млрд теңге, оның ішінде жәрдемақы төлеуге – 389 млрд теңге, МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерге – 186,5 млрд теңге, зейнетақы жарналарын субсидиялауға – 6 млрд теңге бағыттау жоспарланған.



Қазақстанда АӘК көрсету тетіктері жетілдіріледі

Бір жарым жылдан аз уақыт ішінде АӘК көрсету тетіктері екі рет жетілдірілді.

2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК тағайындау критерийі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-дан 70%-ға дейін (14 849-дан 20 789 теңгеге дейін) көтерілді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа моделі енгізілді, ол мыналарды қарастырады:

  • 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу (әр балаға айына орташа 11 112 теңгеден);

  • АӘК көрсету (балаларды қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне айына орташа 11 117 теңгеден);

  • табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсыну (1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтық; 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектеп формасы мен оқуға керек-жарақтар, мектепте тамақтану, жеңілдікпен жол жүру).

Бұдан өзге отбасының АӘК-ке мұқтаждығын анықтау кезінде учаскелік комиссиялардың рөлі мен жауапкершілігі күшейтілді. Сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт талаптарын міндетті түрде орындау және отбасының жұмысқа қабілетті мүшелері жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасына төлемдерді тоқтату арқылы әлеуметтік көмек алушылардың жауапкершілігі күшейтілді.

АӘК алушыларға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін кең мүмкіндіктер берілді: тегін оқыту, жұмысқа орналастыру, өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар мен микрокредиттер беру.

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, АӘК көрсету тетіктерін одан әрі жетілдіру мыналарды көздейді: әлеуметтік топтаманы әлеуметтік қызметтер порталына көшіру, шартсыз ақшалай көмек алушыларды әлеуметтік бейімдеу шараларымен қамту, өмірлік қиын жағдайдан шыққанға дейін отбасын сүйемелдеу.

«Президенттің тапсырмасы бойынша біздің Министрлік әлеуметтік топтаманы әлеуметтік қызмет көрсету порталына көшіру бойынша жұмысты бастады. Алушылар мен жеткізушілер бірыңғай цифрлық алаңда тікелей өзара іс-қимыл жасайды. Алушылар әлеуметтік топтама жиынтығындағы тауарларды өз бетінше таңдай алады», – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы.

Атаулы әлеуметтік көмекті жетілдірудің келесі кезеңінде заңнамаға шартсыз АӘК алушыларды әлеуметтік бейімдеу шараларымен қамту тұрғысынан өзгерістер енгізу жоспарланған. Бұл әлеуметтік келісімшартқа қол қоймаған (16%) және объективті себептер бойынша жұмыспен қамту шараларымен қамту мүмкін емес, бірақ оларға әртүрлі, оның ішінде білім беру, мәдени, медициналық, психологиялық, құқықтық сипаттағы қызметтер көрсетуді қажет ететін адамдар.

Барлық отбасы мүшелерінің денсаулық скринингі, жүкті әйелдерді міндетті түрде есепке қою, өмірлік қиын жағдайда психологтарға міндетті түрде бару, балаларды білім беру мекемелеріне тіркеу, балаларды тәрбиелеу бойынша қашықтан оқыту курстары бұған мысал бола алады. Бұл жұмысты осындай отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығарғанға дейін сүйемелдеп жүруге арналған әлеуметтік қызметкерлер қызметтерін жаңғыртумен бірге жүргізу қажет.

Негізгі құрал «Отбасының цифрлық әлеуметтік картасы» ақпараттық жүйесі болады. Оның пысықталған нұсқасын осы жылдың күзіне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығару бойынша ведомствоаралық көмек барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ақпараттық жүйеге қол жеткізу арқылы қамтамасыз етіледі.



Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдауды күшейту шаралары

ҚР ЕХӘҚМ басшысы атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау ведомство қызметінің басым бағыттарының бірі. Бүгінде елімізде 698 мың адамның мүгедектігі бар.

«Біз өткен жылдың екінші жарты жылдығында мүгедектігі бар тұлғалармен, қоғамдық ұйымдармен, жұмыс берушілермен көптеген кездесулер өткіздік, өте қызу жұмыс кездесулері өтті және бұл салада шешімдер мен реформаларды талап ететін көптеген проблемалар бар екенін атап өткен жөн. Біз өзімізге 90-нан астам жүйелі мәселені бірлесіп анықтадық және оларды шешу жолдарын қарастырып жатырмыз», — деді Б. Нұрымбетов.

Мәселен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдауды күшейту және оларды қоғам өміріне тарту мақсатында 19 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізілген.

2020 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Оның көмегімен мүмкіндігі шектеулі адамдар өнім жеткізушілерден техникалық қалпына келтіру құралдарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге тікелей тапсырыс бере алады. Порталда қазірдің өзінде ТҚКК 24 түрі орналастырылған, ал порталдың толық іске қосылуы 2021 жылға жоспарланып отыр.

Бүгінде мүгедектігі бар 300 мыңға жуық адам оңалтудың техникалық құралдарын, арнайы әлеуметтік қызметтерді, жеке көмекшінің қызметін, санаторлық-курорттық емі алуда.

«Бізде 579 жеткізуші бар. Осы уақыт ішінде мүгедектер тарапынан 6 мың тапсырыс орындалды. Екінші жартыжылдықта біз порталда санаториялық-курорттық емдеуді, жеке көмекшінің және ымдау тілі мамандарының қызметтерін, сондай-ақ оңалтудың техникалық құралдарының қалған 31 түрін іске қосамыз. Біз сондай-ақ отандық кресло-арбалар шығаруды іске қостық, шілде айынан бастап Көкшетауда “Тыныс” АҚ базасында отандық арбалар шығарылады», — деп хабарлады министр.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында заңнаманы одан әрі жетілдіру көзделген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» жаңа заң жобасының негізгі бағыттары: мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігін арттыру шараларын күшейту және оларды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар енгізу болады.

«Біз бүгін үлкен заңға келеміз, алдағы жылдары мыналар біз үшін өте маңызды болып табылатындығын айтқым келеді – бұл мүгедектігі бар адамдар үшін, олардың жұмысқа орналасуы мен экономикалық белсенділігі үшін жағдай жасау. Бұл өте маңызды элемент. Біз заң жобасында бірқатар шараларды қарастырамыз», — деп атап өтті министр.

Мүгедектігі бар адамдарды белсенді еңбекке тарту үшін олардың құзыреті туралы дерекқорын құру және мүгедектігі бар адамдар жұмыс істей алатын Кәсіптердің атласын жасау жоспарлануда. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерін медициналық-әлеуметтік сараптама орындарына жіберу көзделуде. Оның негізгі тетігі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы болады. Сонымен бірге «TenQogam» әлеуметтік қолдау орталықтарын құру жоспарланған, онда бизнес жобаларды дамытуға көмек көрсетіледі және кәсіптік білім беріледі.

Барлық өңірлерде оңалту орталықтары жұмыс жасап, мүгедектігі бар 18 жастан асқан адамдарды кәсіптік бейімдеу және сауықтырумен айналысатын болады. 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде 8 өңірде жаңа оңалту орталықтарын салу жоспарлануда. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз орта жасау жұмыстарын жалғастырады.

Бұдан басқа емдеу-шипажайлық ем алу мерзімі де реттелді — 14 күнтізбелік күн. Мүгедектердің өтініші бойынша жеке көмекшілерге ақы төлеудің бірыңғай тәртібі белгіленді; кохлеарлық импланттарды қайтару міндеттемесі олардан алынып тасталды; мүгедектік тобы мерзімі шектеусіз белгіленетін, орны толмайтын анатомиялық ақаулардың тізбесі кеңейтілді; ересектерге 5 жылға мүгедектік белгіленетін аурулардың тізбесі бекітілді. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізуге кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда.



Жұмыс істейтін халықтың табысын арттыру

Зерттеу нәтижелері бойынша халықтың бір адамға шаққандағы табысы 59 мың теңгеден аспайды. Бұл сома жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбекақысына байланысты. Өйткені, әлеуметтік төлемдер бюджеттен төленеді, яғни жұмыс істейтін азаматтардың арқасында төленеді. Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда орташа жалақы 200 мың теңгеден аспайды. 

Егер тереңірек үңілер болсақ, онда қазақстандықтардың 77%-ы орташа жалақыдан төмен алады. Жалақы экономикаға, өңірге және т. б. байланысты әр түрлі. Мәселен, ауыл шаруашылығында орташа жалақы 105 мың теңгені құрайды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарында — 140-145 мың теңге.

Бүгінде Қазақстанда 1,3 млн-нан астам жалдамалы қызметкер бар, оның ішінде 275 мың азаматтық білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және спорт қызметкерлері бар. 2019 жылғы 1 қаңтарда ЕТЖ 42 500 теңгеге дейін өсті. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап барлық азаматтық қызметкерлердің жалақысы 30%-ға дейін өсті. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің, әлеуметтік қызметкерлердің, мәдениет қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30%-ға өсті.

Қазіргі таңда жеке секторда 5,5 млн адам жұмыс істейді. Мұнда жалақы мөлшері жұмыс берушілерге байланысты. 2019 жылы Елбасы жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеруге шақырды. Соның нәтижесінде 205,6 мың кәсіпорын 1,2 млн қызметкердің жалақысын көтерді.

Б. Нұрымбетов атап өткендей, Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны көтеру бойынша жұмыс жүргізуде.



ТЖ кезінде 5,6 млн-нан астам қазақстандық мемлекеттен әлеуметтік көмек алды


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы өз сөзінде Қазақстанда 16 наурыздан 10 мамырға дейінгі ТЖ режимі кезінде мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау шаралары қабылданғанын атап өтті.

«Қысқа мерзімде, бірнеше күннің ішінде, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарға ең төменгі жалақы мөлшерінде мүлдем жаңа төлем – 42 500 теңге енгізілді. Бұл төлем бұған дейін жұмыс істеп келіп, мәжбүрлі түрде жұмыссыз қалған азаматтарға арналған. Әлеуметтік төлемге 8 млн азамат өтініш беріп, критерийлерге сәйкес келетін 4,6 млн адамға барлығы 321,9 млрд теңгеге көмек тағайындалды», — деді Біржан Нұрымбетов.

ТЖ режимін енгізу әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына кері әсер етпеуі үшін 24 қызмет жедел түрде egov.kz порталындағы «Электрондық өтініштер» сервисіне орналастырылды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу салдарынан (тиісті бос жұмыс орны болмаған кезде) төлем жасау процесін жеделдету мақсатында жұмыссыз мәртебесін беру мерзімі 14-тен күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды.

ТЖ кезінде 108,9 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды. Сондай-ақ, осы кезеңде мүгедектік және мүгедектік бойынша төлемдер автоматты түрде 3 айға ұзартылды.

Сонымен қатар мұқтаж азаматтарға арналған азық-түлік жиынтығының ең төменгі құрамы бекітіліп, оны берудің арнайы тәртібі жасалды. 

ТЖ кезінде 1 млн 45 мың азамат: 

  • АӘК алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі 202,7 мың бала; 

  • 109,6 мың тіркелген жұмыссыз; 

  • 648 мың мүгедек бала, I, II және III топтағы мүгедектер; 

  • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 84,9 мың адам азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілді.



2020 жылы 1,2 млн-нан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда


Биылғы І тоқсан қорытындысы бойынша экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 8,8 млн адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.

 Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 млн қазақстандық уақытша жұмыстан босатылды.

«Карантиндік шараларды жеңілдету осы жылдың 20 сәуірінде басталды, бұл кезең-кезеңімен жұмысқа оралуға мүмкіндік берді. Үкімет жұмыспен қамтуға көңіл бөліп, экономиканы қалпына келтіру бойынша қабылдап отырған шаралар осы жылдың шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандырады деп есептейміз», — деді Біржан Нұрымбетов. 

Министрдің айтуынша, жыл соңында күтілетін жұмыссыздық деңгейі 6,1% болуы мүмкін. 

Осы орайда, ол осы жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 млн 220 мың адамды тарту жоспарланып отырғанын атап өтті.

Азаматтардың көбі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында – 600 мың адам, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында – 255 мың адам, басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша (Нұрлы жол, Нұрлы жер, 2020-2025 жылдарға арналған ИИДМБ және т. б.) – 364 мың адам жұмыспен қамтылады.

Министрдің айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 224 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, олардың 185 мыңы жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында бос жұмыс орындарына 99 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 62 мың; әлеуметтік жұмыс орындарына – 13 мың; жастар практикасы бойынша – 11 мың орналастырылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 255 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 6505 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген, оның 15 мыңы тұрақты нысандарда. 


ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты – бұл отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кем дегенде 90%-ын пайдалануды қамтамасыз ету. Жұмысшылардың кем дегенде 50%-ы Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа қабылданады. 

ЖҚЖК іске асыру болашақта аралас салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға негіз болады.

 

2020 жылы 17 мың қызметкердің еңбек құқығы қорғалған 

ҚР Үкіметі еңбек жанжалдарын болдырмау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрақты негізде еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізеді.

2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 мыңнан астам еңбек құқықтарын бұзу фактілерін жойды, 17 мың қазақстандықтың жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге жалақы бойынша берешегі өтелді. 

Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартатын 95 кәсіпорынға тексеру жүргізілді, оларда 1 мыңнан астам түрлі заң бұзушылықтар жойылды.

Тағы бір маңызды мәселе — еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазақстанда 2019-2023 жылдарға арналған еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындары мен өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі жол картасы іске асырылуда. 14,7 мың өндірістік кеңес құрылды және еңбекті қорғау бойынша 2,3 мың стандарт енгізілді. Жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларына 116 млрд теңге жұмсалды. Соңғы 4 жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану төмендеуінің оң серпіні байқалады. Мысалы, 2016 жылы 1683 адам зардап шексе, 2019 жылы ол 1431-ге дейін азайды.

Еңбек қатынастары саласында әлеуметтік серіктестік белсенді дамып келе жатыр. Атап айтқанда, 126 мың кәсіпорын ұжымдық шарт жасасты, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар — 94,7%. 137 мың кәсіпорын жұмыс орындарын сақтау жөнінде меморандум жасаған. 205 мың кәсіпорын жалақысы төмен 1,2 млн жұмысшы жалақысын 32,7%-ға көтерді.

Биылғы 14 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді.

Құжат Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты енгізу арқылы кадрлық іс жүргізуді цифрландыруды; жұмыс берушілердің оларға лайықты еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау жөніндегі міндеттері мен жауапкершілігін белгілеуді; жұмыс берушінің еңбек шартын біржақты тәртіппен бұзу құқығын болдырмауды; мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтардың жұмыс орнын сақтауды; қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіподақ қозғалысын ынталандыру және кәсіподақтардың рөлін арттыру мақсатында кәсіподақтарды құру тәртібін қайта қарауды көздейді.



2020 жылы 6 мыңнан астам адам оралман мәртебесін алды

1991 жылдан бері 1 млн-нан астам этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, олардың бәрі оралман мәртебесін алды, бұл еліміздегі халықтың 6%-ын құрайды.

Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша республикамызға 3245 отбасы (6 361 этникалық қазақ) көшіп келді, оралмандар мен қоныс аударушылардан тұратын 631 отбасы (2 224 адам) қабылдау өңірлеріне (Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары) орналасты.

Осы жылдың 13 мамырында Мемлекет басшысы көші-қон процестерін жетілдіру туралы заңға қол қойды. Онда келесі жаңа ережелер көзделген:

  • «қандас» түсінігінің жаңа нұсқасы. Оған сәйкес этникалық қазақтың бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмағандығы басты өлшем болып табылады;

  • жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге, бір рет жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында ұзартуы;

  • атажұртына оралған қандастарымыздың тұрақты тұруға рұқсат алу үшін де, Қазақстан азаматтығын алу үшін де құжаттарды бір уақытта ұсыну құқығы болуы.

Сыртқы еңбек көші-қоны туралы айта келіп, министр шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 2019 жылмен салыстырғанда 40%-ға азайғанына басты назар аударды.

Жыл басынан бері 7,7 мыңнан астам ШЖК тартуға рұқсат берілді. Жұмыс берушілер 2,8 млрд теңге көлемінде салық төледі. Бұл ретте кадрлардағы қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету талабын орындайтын компаниялардың үлесі қазір 96%-ды құрап отыр.



2020 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы барлық қызметтер электрондық форматқа көшіріледі 

Біржан Нұрымбетов өз сөзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрландыру деңгейі бойынша жетекші мемлекеттік органдардың бірі болып табылатынын атап өтті. Тек 2019 жылдың өзінде ғана әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру 2,2 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда ҚР ЕХӘҚМ бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – Қазақстан халқының 100%-ы, яғни 7 млн отбасы қамтылған «Отбасының әлеуметтік картасы». Осы әлеуметтік карта әрбір отбасы қандай өмірлік жағдайда екенін, күрделі немесе дағдарыс ахуалдан шығару бойынша жұмыс алгоритмін көрсетеді.

Әлеуметтік карталарды қалыптастырғаннан кейін күрделі және дағдарыс жағдайында болған 101 мың отбасы анықталды. 12,7 мың адамды жұмысқа орналастыру, 68,8 мың азаматты емханаларға тіркеу, 72,9 мың баланы балабақшалар мен мектептерге тіркеу бойынша шаралар қабылданды. 1451 отбасы күрделі және дағдарыс жағдайынан шығарылды.

Тағы бір маңызды жоба — «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID» жобасы. Бұл жоба әлеуметтік жәрдемақы алудың ашықтығын, ыңғайлылығын арттыруға бағытталған. Әлеуметтік ID бұл атаулы әлеуметтік көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді төлеуді, көп балалы және табысы аз отбасылардың балаларына мектептерде тегін тамақтануды көздейді.

Бұл жобаның пилоттық нұсқасы республиканың 9 өңірінде іске асырылды. 102 мың ID-карта берілді, 88 мың транзакция жүргізілді. Болашақта бұл жобаны барлық өңірлерде толығымен қолдану жоспарланған.

Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласында «Электрондық еңбек биржасы» және «Электрондық еңбек шарттары» жобалары іске асырылуда.

Бүгінгі таңда ЭЕБ – бұл 214 мың жұмыс беруші, миллиондай жұмыс іздеуші, Coursera онлайн білім беру платформасы арқылы 1,5 мың сағатқа жуық тегін сабақтар.

ЭЕБ арқасында 1,2 млн-нан астам адам жұмыс таба алды, олардың ішінде 868 мың адам тұрақты жұмыс орындарына, 341 мыңы уақытша жұмысқа орналастырылды.

«Электрондық еңбек шарттары» жобасына 35 мың ұйым қосылған. Ендігі 1,4 млн электрондық шарт тіркелді, бұның өзі жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға ықпал ететін болады.

2019 жылдың басында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру тұрғысынан электрондық қызметтердің үлесі 42%-ды құрап еді, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ол 83%-ға артты. Бұндай өсімге Еgоv порталындағы 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметті орналастыру және 10 қызметті белсенді форматқа ауыстыру арқылы қол жеткізілді. 2020 жылдың соңына дейін электрондық қызметтердің үлесін 100%-ға жеткізу жоспарланған.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.