Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

98%-дан астам мұқтаж азамат борыш жүктемесін азайту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған

Бейсенбі, 03 Қазан 2019, 18:30:24

Биыл 26 маусымда Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Үкіметке және Ұлттық банкке теңдессіз шараларды қабылдауды – әлеуметтік әлжуаз топқа жататын тұрғындардың кепілсіз тұтынушылық несиелері бойынша қарыздарын есептен шығаруды тапсырды. Қалған қазақстандықтарға — несие борышы бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды кешіруді жүктеді. Қандай жұмыстар атқарылғаны, бұл шаралармен қанша қазақстандықтың қамтылғаны және алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылатыны туралы толығырақ PrimeMinister.kz-тің шолу материалында.

2019 жылы 26 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған «ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығы үш бөліктен тұрады, оларға азаматтардың түрлі санаттары жатқызылған. 

Жарлықтың бір бөлігі екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдары кепілдіксіз тұтынушылық несиелері бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару туралы шешім қабылданған қазақстандықтарға қатысты болды. 

Жарлықтың ықпалы тиген тағы бір азаматтар санаты - өмірлік қиын жағдайда қалған қазақстандықтар болды, атап айтқанда: 

  •  көпбалалы отбасылар;

  • асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар;

  • 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар;

  • атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар;

  • жетім балалар;

  • 2019 жылғы 26 маумымдағы жағдай бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, 29 жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар. 

Оларға бір қарыз алушыға негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері 300 000 теңгеден аспайтын болса, оларды өтеу жолымен көмектесуге шешім қабылданды. Кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша қарыз алушылардың жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауы тиіс. 

Шараның мақсаты — өмірлік қиын жағдайда қалған қазақстандықтарға көмектесу, оларға өз отбасыларының қаржылық жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беру.

Сонымен қатар, Президент Жарлығының үшінші бағыты бар, оған сәйкес ҚР Ұлттық банкі қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту бойынша реттеушілік сипаттағы шаралар кешенін қабылдауы тиіс, бұл шаралар кешенінде қарастырылады: 

  1. мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу;

  2. табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салу; 

  3. кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезіндегі реттеудің қосымша шаралары. 

 

Барлық қарыз алушылардың айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару 

Қазақстан Ұлттық банкінің ақпараты бойынша, биыл 30 шілдеде банктер мен шағын қаржы ұйымдары жалпы сомасы 33 620 млн теңгеге 1 192 834 қарыз алушының кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару жұмыстарын аяқтады. 

Айыппұлдар мен өсімпұлдарды кешіру бірінші кезекте банктер мен шағын қаржы ұйымдарының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Биыл 15 тамызда Проблемалық несиелер қоры банктер мен шағын қаржы ұйымдарына 10 086 млн теңге көлемінде айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша есептен шығарылған қарыздарының 30%-ына дейін өтеді. 

 

300 мың теңгеге дейінгі қарыздарды өтеу 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мәліметтер негізінде, биыл 20 тамызда 105 174,6 млн теңге сомасына қарыздары өтелген 507 363 азамат нақтыланды. 

Бұл ретте 263 525 азаматтың (өмірлік қиын жағдайда қалған және кепілсіз тұтынушылық несиелері бар азаматтардың жалпы санынан 51,9%-ы) банктер мен шағын қаржы ұйымдарының алдындағы қарыздары толық көлемде өтелді. 

Жалпы, мемлекеттік қолдау өмірлік қиын жағдайда қалған және кепілсіз тұтынушылық несиелері бар барлық қарыз алушылардың 98,4%-ға жуығын қамтиды. 

 

300 мың теңгені есептен шығару ерлі-зайыптыларға да қатысты 

Айта кетейік, несиелері бойынша қарыздарын өтеуге жататын қазақстандықтардың банктерге баруы қажет емес еді. Негізгі жұмысты Үкімет, Ұлттық банк, мемлекеттік несие бюросы атқарды. 

Сонымен қатар, отбасының екі мүшесінің де несиелері өтелгенін айта кеткен жөн.

«Қоғамда егер ерлі-зайыптылардың екеуінің де несиелері болса, қалай өтеледі деген тақырыпта көптеген сұрақтар туындайды. Жарлық шарттарына сай келетін болса, екеуіне де өтеледі. Егер жалпы несие сомасы 3 млн теңгеден аспайтын болса, онда әрқайсының 300 мың теңгесі өтеледі. Яғни, бір отбасында несиелері бойынша 600 мың теңгесі есептен шығарылады», — деп түсіндірді сол кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымын атқарған С. Жақыпова ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында.

Бұл ретте бірнеше несиесі болған қазақстандықтардың 300 мың теңге және одан артық көлемдегі қарыздары, бірінші кезекте, қарызы ең көп болған банкте өтелді.

«Біз мынадай механизм ұсындық — ең көп қарыз мөлшеріне қарай өтеу. Теңдей етіп өтеу міндеті жоқ. Біз жеке тұлғаның қарызының шамасына қарайтын боламыз», — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Үкіметте өткен баспасөз конференциясында.

 

Өз мәртебеңді қалай тексеруге болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сіздің тізімде бар-жоғыңызды қалай білуге болатыны, әрі тізімге енбей қалған жағдайда не істеу керек екені туралы айтылды. 

Қазақстандықтар электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыштық жүктемені азайту бағдарламасына қатысу мәртебесін тексеру» электронды сервисінің көмегімен мемлекет есебінен қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу мүмкіндігін нақтылай алды. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. 

«eGov порталында мәртебені анықтауға болатын сервис ұйымдастырылды. Азамат өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы кіріп, порталға тіркеліп, ЖСН енгізеді және тиісті жауабын алады», — деп түсіндірді ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында сол кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған С. Жақыпова. 

Несиелерді есептен шығару жөніндегі ақпаратты күн сайын 111 қысқа нөмірі арқылы, немесе 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефон нөмірлері бойынша алуға болады. 

Қыркүйек айының екі аптасының өзінде (5-18 қыркүйек аралығы) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «111» call-орталығының қызметкерлері тәуліктік режимде қазақстандықтарға борыш жүктемесін төмендету мәселелері бойынша 58,5 мыңнан астам кеңес берді. 

 «111» call-орталығына қоңыраулар еліміздің барлық өңірлерінен түседі. Күніне орта есеппен 10 мыңға жуық өтінім түседі, олардың 5 мыңға жуығы – борыш жүктемесін төмендету мәселелеріне қатысты. «111» желісіне жүктеменің ұлғаюына байланысты, аталған акцияның әлеуметтік маңызын ескере отырып, call-орталықтың басшылығы қосымша ресурстар тартты. Соңғы күндері, жүктеме аса көп болатын сағаттарда желіде 50-ден 60-қа дейін оператор жұмыс істейді», — деді «111» call-орталығының басшысы А. Мәкенова.

Сall-орталық қызметкерлерінің айтуынша, азаматтар көбінесе өздерінің борыш жүктемесін төмендету бағдарламасының қатысушылары тізімінде болмауына қатысты, несиенің жалпы сомасынан есептен шығарылатын соманың мөлшерін нақтылауға қатысты сұрақтар қояды екен. 

«Ең алдымен, біздің орталықтың мамандары жүгінген адамның мәртебесін тексереді. Соның нәтижесі бойынша біз тізімде жоқ адамдарға деректерін цифрландыруға кеңес береміз, содан кейін мәліметтер тізімге енгізіледі және одан арғы жұмыстарды жүргізу үшін Министрлікке жіберіледі», — деп нақтылады А. Мәкенова. 

«Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай өзінің Facebook-тегі парақшасында азаматтың тізімде бар-жоғын тексерудің басқа да қандай жолдары бар екенін айтты. 

enbek.gov.kz сайтында парақшаның оң жақ тұсында «Борыштық жүктемені азайту бағдарламасына қатысу мәртебесін тексеру» жолына басу арқылы мәртебені білуге болады. Содан кейін ЖСН теру қажет, бірнеше секундтан кейін жауабы шығады. 

111 нөміріне қоңырау шалудан басқа, сіз өзіңіздің статусыңызды электронды үкімет сайтынан немесе тікелей халыққа қызмет көрсету орталығында көре аласыз. 

 

Тізімде болмай қалсаңыз не істеуіңіз керек?

Еңбек жән халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сонымен өатар несиелерді өтеу тізімінде қазақстандықтардың болмай қалуына байланысты бірнеше себепті атады. Тізімді жасау үшін мәліметтер орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынғандықтан, тізімге енбей қалу себебі аталған ақпараттық жүйелерде ақпараттың болмауынан болуы мүмкін. ҚР Әділет министрлігі деректерді өзектендіру жұмыстарын жүйелі негізде жүргізіп жатыр. 

«Бізге абоненттер өздерінің тізімде жоқ екенін айтып жиі шағымданады. Бұл ретте, абонент барлық критерийлер бойынша сай келіп тұрады. Мұндай жағдайда біз оны цифрландыруға жібереміз. Одан кейін, сол адамның цифрландырылған деректері ақпараттық жүйеде пайда болған кезде, бұл деректерді біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бағыттаймыз», — деп түсіндірді «111» call-орталығының қызметкері.

Осылайша, тізімге енгізілмеуімен келіспейтін жандар 111, 74-32-20, 75-01-79 и 75-01-78 нөмірлері бойынша операторларға қоңырау шалып, өзінің өтінішін жеткізуі керек. 

Егер сіз тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, өзіңіз несие алған банкке немесе шағын қаржы ұйымына жүгіне аласыз. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атап өткендей, қазіргі уақытта қабылданған өтініштерді қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта олардың саны шамамен 25 мыңды құрайды. Олар Ұлттық Банкке жіберіледі, олар борыш жүктемесін өтеуге өтініш берушілердің Жарлыққа сәйкестігін тексереді. Кезекті тізімдерді ағымдағы жылдың қазан айының бірінші онкүндігінде жіберу жоспарлануда.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.