Астық алпауыты позициясын сақтап қалу, импорт алмастыруға және агроөнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктеріне бағдарлану — өткен жылдың қорытындысы және 2021 жылға жоспарлар

Коронавирус инфекцияcының пандемиясы бүкіл әлемді дағдарысқа ұшыратты, адам өмірінің барлық салаларына әсер етті десек артық етпес. Дағдарыс ауыл шаруашылығы саласын, соның ішінде Қазақстанда да айналып өтпеді. 

Алайда, барлық қиындықтарға — ел ішіндегі өңірлер арасындағы қозғалыстың шектелуіне, жабық шекаралар жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты мен экспортына, аграрлық техника мен жабдықтардың әкелінуіне және т. б. байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, қазақстандық фермерлер егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізіп, шикізат пен дайын өнім өндіретін жаңа кәсіпорындарды іске қосты. Пандемия кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ҚР Үкіметі және осы мақсатта әзірленген шаралар айтарлықтай қолдау көрсетті.

Мәселен, елімізде 2020 жылы егіс науқаны барлық жерде төтенше жағдай режимі орнаған күрделі жағдайларда жүргізілді. Дегенмен, осыған қарамастан, қазақстандық агрономдар ұйымдастырылған және оңтайлы мерзімде ауыл шаруашылығы дақылдарын себе алды.

2020 жылы ауыл еңбеккерлері бастапқы салмағында 20,8 млн тоннадан астам астық жинады. Бұл Қазақстанның астық державасы ретіндегі мәртебесін сақтай отырып, республиканың ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Министрлік көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды қабылдады. Мәселен, 2020 жылғы 15 сәуірде ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мақұлданған, коронавирус пандемиясы кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қозғалу алгоритмі әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарға жіберілді.

Сонымен қатар ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына көктемгі дала жұмыстарына тартылған адамдардың сыртта еркін жүруін қамтамасыз ететін өзгерістер енгізілді.

Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ЖЖМ, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары, ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектер, мал және азық-түлік жеткізу кезінде блок-бекеттерден өтуін жеңілдетті, бұл көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізуге жол ашты.

Жоғарыда аталған шаралардың арқасында 2020 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары 22,7 млн гектарды құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 0,5 млн гектарға артық. Оның ішінде:

  • дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар — 15,9 млн га, оның ішінде бидай — 12,2 млн га;
  • майлы дақылдар 2,9 млн га жерге орналастырылды;
  • мақта — 125,7 мың га;
  • қант қызылшасы — 20,9 мың га;
  • картоп — 192,8 мың га;
  • көкөністер — 162,7 мың га;
  • бақша дақылдары — 101,9 мың га;
  • жем-шөп дақылдары — 3,3 млн га.

 

ТЖ кезеңінде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бағдарламалары

Үкімет қаулыларында мынадай қолдау шаралары көзделген:

  • 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығынан босату;
  • мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелер бойынша өсімпұл есептеуді 2020 жылғы 15 тамызға дейін тоқтата тұру және салық есептілігін тапсыру мерзімін 2020 жылғы 3 тоқсанға ауыстыру;
  • ірі қара малды және асыл тұқымды балапандарды есепке алу әдісімен ҚҚС төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне енгізу;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ҚҚС мөлшерлемесін 8% мөлшерінде 2020 жылғы 1 қазанға дейін белгілеу;
  • сонымен бірге, барлық шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды, сондай-ақ салықтық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шаралары тоқтатылды;
  • 01.01.20 – 01.01.23 жылдар аралығында арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер деп танылатын тұлғалар табысқа салынатын салықтардан босатылды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңының 57-4-бабы).

Айта кету керек, коронавирус пандемиясы кезіндегі негізгі міндет — көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу. Жалпы егіс алаңы 22,5 млн га дейін жеткізілді, сондай-ақ тиімділігі жоғары және жем-шөп дақылдары алқаптарының 238 мың га өсуі қамтамасыз етілді.

Аталған шаралардан басқа «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді, бұл әдеттегіден 10 млрд-қа артық. Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-дан аспады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қосымша 100 млрд теңге бөлінді. Субсидиялауды ескере отырып, сыйақының ақырғы мөлшерлемесі қарыз алушылар үшін жылдық 6% құрады.

Сондай-ақ фермерлерге «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша кредиттер мен лизинг бойынша мерзімін ұзарту және қайта құрылымдау ұсынылды.

Облыстардың өтінімдері бойынша нарықтық бағадан 15%-ға төмен бағамен шамамен 387 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Коронавирус пандемиясы жағдайында өсу қарқынын сақтау үшін республикалық бюджет комиссиясының 2020 жылғы 2 сәуірдегі шешімімен АӨК-ті субсидиялауға қосымша 60 млрд теңге бөлінді, бұл субсидиялаудың жалпы сомасын 377,7 млрд теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

2020 жылы жергілікті атқарушы органдар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға 92,4 млрд теңге бөлді.

Бұл ретте дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында республикалық бюджет комиссиясының шешімімен аталған бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен қосымша 10,5 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қосымша 12,3 млрд теңге бөлінді.

Оған қоса, Үкіметтің 2020 жылғы 20 мамырдағы қаулысымен 2020 жылдың соңына дейін Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар бекітілді, онда АӨК-ті қолдауға және дамытуға бағытталған шаралар көзделген.

Осы шаралар шеңберінде 365 мың тоннаға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алуды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу тәжірибесі енгізілді.

Сондай-ақ фермерлерге «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша кредиттер мен лизинг бойынша мерзімін ұзарту және қайта құрылымдау ұсынылды.

 

Қазақстанда форвардтық сатып алу қалай жұмыс істейді 

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 31 наурыздағы отандық ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарынан кем дегенде 6 ай алдын ала өнімді кепілді сатып алу тетігін әзірлеу және іске қосу туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен 24,5 млрд теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алуды қаржыландыру жөніндегі ұсыныс қолдау тапты.

Аталған шара көктемгі егіс жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізу және олардың тұрақты өнім алуын қамтамасыз ету мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағытталған, бұл республиканың азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 322 АШТӨ (151 — шаруа қожалығы, 171 — ЖШС) жалпы сомасы 39,6 млрд теңгеге қаржыландырылды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 24,55 млрд теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасалды және Азық-түлік корпорациясының меншікті қаражаты есебінен күзгі кезеңде 15 млрд теңге мөлшерінде қосымша төлем енгізілді. Соның нәтижесінде жоспар 365 мың тонна болғанда 483,8 мың тонна жеткізілді.

Өсімдік шаруашылығымен айналысатын отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде республикалық бюджет комиссиясының 2020 жылғы 2 сәуірдегі №6 шешімімен саланы дамытуға республикалық бюджет қаражатынан қосымша 11 млрд теңге, оның ішінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2,6 млрд теңге, тыңайтқыштарға 2,8 млрд теңге және пестицидтерге 5,6 млрд теңге бөлінді.

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бөлінген қаражат 1027 шаруашылық жүргізуші субъектіге шамамен 30,7 мың тонна жоғары репродукциялы тұқым мен 14,8 мың дана бірінші буын будандарының егіс бірлігін, сондай-ақ 729,6 мың дана элиталық көшеттерді қосымша қаржыландыруға мүмкіндік берді.

2020 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялау бағдарламасы шеңберінде барлығы 6803 фермер мемлекеттік қолдау алды, оларға 14,2 млрд теңгеге 128 мың тонна жоғары репродукциялы тұқым, 216,3 мың бірінші буын будандарының тұқым себу бірлігі, сондай-ақ 6 747,5 мың дана элиталық көшет сатып алу арзандатылды.

Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 27,8 млрд теңге бөлінді. Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 533 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алды, бұл 2019 жылғы көлемнен 131,3 мың тоннаға артық.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды мемлекеттік қолдау мақсатында субсидияларға пестицидтер сатып алынды. Осы бағытқа барлығы жергілікті және республикалық бюджеттен 36,6 млрд теңге бөлінді, оның есебінен 19,1 млн литр арзандатылған пестицидтер сатып алуға субсидия бөлінді, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 5940,6 мың литрге (немесе 45%) артық.

2020 жылы фермерлерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау бағдарламасы шеңберінде мемлекеттен 1,86 млрд теңге сомасына 3 602,5 млн м3 су беру қызметі субсидияланған 828 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қолдау алды.

Аграрлық техниканы сатып алуды ынталандыру және тиісінше агроөнеркәсіптік кешендегі машина-трактор паркін жаңарту деңгейін арттыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қаржылық қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі шараларды әзірледі:

1) Инвестициялық шығындарды субсидиялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде:

  • ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу құнының 25%-ы мемлекет бюджетінен өтеледі. Субсидиялар нормативін облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларында көзделген техника мен жабдықтардың басым түрлері бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстардың әкімдіктері дербес ұлғайта алады (35%-ға дейін).

Бұдан өзге, ауыл шаруашылығы техникасының, машиналар мен жабдықтардың басым түрлері бойынша облыс әкімдіктерінің субсидиялар нормативтерін ұлғайту құқығы көзделген:

  • қызылша жинау және жемшөп жинау техникасы, сондай-ақ өздігінен жүретін бүріккіштер бойынша — 50% дейін;
  • ауыл шаруашылығы кооперативтері тракторларды, астық жинайтын комбайндарды, тұқым сепкіштерді, сондай-ақ жемшөп дайындайтын техниканы сатып алғанда — 50% дейін;
  • сүтті бағыттағы ірі қара малды/ешкілерді өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту кезінде — 40%-ға дейін.

Бұл ретте инвестициялық субсидияларды лизинг берушіге (кредиторға) аванстық төлеммен аудару жолымен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін бастапқы жарна проблемасы шешілді;

2) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы бар (10%).

Осы бағдарлама бойынша 2018 жылдан бастап бағдарламаның бюджеті 16 млрд теңгеден 2019 жылы 21,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алудың негізгі көлемі 10% мөлшерінде кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау лизингі арқылы келетінін ескере отырып, фермерлер үшін түпкілікті мөлшерлемені 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді («ҚазАгроҚаржы» АҚ-да қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі 17% болғанда), бұл қаржылық жүктемені төмендетеді;

3) жем-шөп дайындау техникасын сатып алу кезінде етті мал шаруашылығын дамытуды кредиттеудің инвестициялық бағдарламаларына қатысушылар үшін кредиттер мен лизингтің сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 4%-дан аспайды және кредиттеу мерзімдері 15 жылға дейін ұзартылды. Осы бағдарлама бойынша отандық өндірістің жем-шөп дайындау техникасына кредит беру көзделген, бұл бір мезгілде отандық кәсіпорындардың техникаларын өткізуді және өндіруді ынталандырады («ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржы институттары — «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы).

2020 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанның негізгі лизингтік компаниясы — «ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық техниканың лизингі бойынша «Қазақстанда жасалған» бағдарламасын бекітті. Қаржыландыру Ұлттық қор қаражаты есебінен қарастырылған және 20 млрд теңгені құрайды.

Осы бағдарламаның шарттарына сәйкес ауыл шаруашылығы өндірушілері жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын лизинг мерзімі 10 жылға дейінгі отандық техниканы сатып алады. Бұл ретте 1 жыл ішінде жеңілдікті кезең қарастырылған. Осыған ұқсас бағдарламаны «ҚДБ Лизинг» АҚ іске асыруда.

Жалпы, Министрлік іске асырып жатқан ауыл шаруашылығы техникаларының аграршыларға қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету бағдарламалары республиканың машина-трактор паркін жаңартуда оң динамикасын көрсетті.

2020 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ 113 млрд теңгеге 5900 бірлік техниканы лизингке берді.

2018 жылмен салыстырғанда (72 бірлік) 2019 жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің бір мезгілде бірнеше операцияларды (культивациялау, егу, тыңайтқыш енгізу, тырмалау, бетін тегістеу және топырақты нығыздау) орындайтын өнімділігі жоғары егіс кешендерін сатып алуының екі есеге жуық ұлғайғанын (143 бірлік) атап өткен жөн.

2020 жылы 4 мыңнан астам егіс кешенінің болуы республиканың астық танабының 70%-на себуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Егіс және егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың ақпан-қазан айларында 792 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның ішінде:

  • егіс жұмыстарына (ақпан-маусым) 397 мың тонна бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында аграршылар үшін орташа баға литріне 165 теңгені құрады, бұл ЖҚС-дағы бағаға қарағанда 13-15%-ға арзан (188-190 теңге);
  • егін жинау жұмыстарына (шілде-қазан) 395 мың тонна бөлінді. Аграршылар үшін орташа баға литріне 168 теңгені құрады, бұл ЖҚС-дағы бағаға қарағанда 10%-ға арзан (186 теңге).

 

2020 жылдың қорытындысы бойынша АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері

2020 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша АӨК саласында оң өсім серпіні байқалады.

Осылайша, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі осы кезеңде 5,6%-ға артып, 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7,8%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Аталған кезеңде мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3%-ға артып, 2,6 трлн теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2020 жылдың 12 айында 15%-ға ұлғайып, 573,2 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісі 13,5%-ға өсіп, 104 млрд теңгені құрады.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту модельдері

Қазіргі уақытта Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, оның мақсаты — АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы мемлекеттік бағдарламада көзделген шаралар елдің АӨК-ін одан әрі дамытуға, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, жер, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, өткізу нарықтарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, экспортты дамытуға және т. б. бағытталған.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мерзімінің аяқталуы 2021 жылға белгіленгенін ескере отырып, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа ұлттық жобасын әзірлеуге кірісті. Жаңа ұлттық жобаны сапалы әзірлеу мақсатында ФАО-ның ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшылары тартылды.

Қазіргі таңда ФАО сарапшыларымен бірлесіп, соңғы 5 жылдағы ағымдағы жағдайға, оның ішінде саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері, сондай-ақ әлемдік трендтерге ықпалына талдау жүргізілуде. Бұдан әрі талдау негізінде проблемалық мәселелер, сондай-ақ іске асырылмаған іс-шаралардың тізбесі қалыптастырылатын болады, оларды шешу елдің агроөнеркәсіптік кешенінің сапалы дамуына ықпал етеді.

Осылайша, жаңа Ұлттық жоба шеңберінде қолжетімді қаржыландыру, жер қатынастары, агроғылымды дамыту, саланы цифрландыру, ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ шикізаттың ғана емес, оны қайта өңдеудің экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері пысықталатын болады.

 

Қазақстан әлемнің жетекші елдерінің АӨК-ті дамытуының табысты тәжірибелеріне бағдарланады

Агроөнеркәсіптік кешенде ұзақ мерзімді саясатты әзірлеу кезінде Қазақстан ауыл шаруашылығының қандай да бір кіші саласында жетекші орын алатын әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін пайдаланады. Мысалы, өсімдік шаруашылығы саласында Канада, Украина және Ресей сияқты, яғни табиғи-климаттық жағдайлары жағынан ұқсас елдердің даму моделі қолданылады. Жекелеген дақылдарға келер болсақ, мысалы, соя, оны өсіру үшін алдыңғы қатарлы елдердің — АҚШ пен Бразилияның тәжірибесі қолданылады. Айта кетерлігі, осы елдердің, сондай-ақ Аргентинаның тәжірибесі сиыр етін өндіру саласында қолданылады және табысты жұмыс істеп тұр. Аргентина — аграрлық ғылымды дамыту мен білім беру саласында, сондай-ақ қысқа мерзім ішінде АӨК-ті инновациялық-технологиялық дамытуда серпіліс жасаған ел ретінде үлгі.

Сүт өндіруде Германия, Франция және Жаңа Зеландия біздің еліміз үшін маңызды бағдар болып табылады. Сондай-ақ біз Ресей, Украина және Беларусь елдерінің тәжірибесіне сүйенеміз. Қой шаруашылығы саласында Қазақстан үшін Австралияның, Жаңа Зеландияның, сондай-ақ еуропа елдерінің тәжірибесі қызықты және пайдаланылады.

Жалпы алғанда, Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі жекелеген дақылдар бойынша климаттық аймақтардың мөлшері мен ауқымдылығын ескере отырып, әртүрлі тәжірибе, ал тиісінше технологиялар, тұқымдар мен жабдықтар пайдаланылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы кооперациясының қазақстандық моделін әзірлеу кезінде Германия, Дания, Италия, Түркия және Бразилия секілді елдердің тәжірибесі зерделенді және пайдаланылды.

Сондай-ақ қажет тәсілдерді әзірлеу және аграрлық саланы мемлекеттік қолдау көлемін айқындау кезінде Қазақстан ДСҰ және ЕАЭО шеңберінде жасалған келісімдерде қарастырылған міндеттемелер мен шектеулерді ұстанады.

 

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу экожүйелері қайда құрылады

Өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарының бірі — ірі инвестициялық жобалардың төңірегінде экожүйелерді қалыптастыру. Бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жергілікті өндірушілеріне өңірлердің мамандануы мен ресурстардың қолжетімділігін (жер учаскелері, шикізат базасы, климаттық жағдайлар) негізге ала отырып, бүкіл өндіріс бойы мынадай бағыттар: астықты, тұқым майын, жемістерді өндіру және терең қайта өңдеу және қант өндіру бойынша түпкілікті экспорттық өнімнің құнын құруға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл ретте шаруашылықтарды ірілендіру, меншікті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, тұрақты өткізу мақсатында вертикалды кооперация қағидаты басым қолданылады, бұл фермерлерге де, қайта өңдеушілерге де пайдалы.

Астықты өндіру және терең өңдеу кешенінің өзегі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында шоғырланған. Мәселен, биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы Bio Operations зауытында биоэтанол өндіру желісі құрылысының 2-кезеңі аяқталады (бұған дейін ұн, крахмал, глютен, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жемшөп өндіру желілері іске қосылған). Кешеннің артықшылығы жер ресурстары мен шикізат базасының қолжетімділігі болып табылады (бидай егіс алқаптарының 19%-ы Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан).

Қант өндірісі бойынша экожүйе Жамбыл облысының Шу қаласында қалыптасады. Қазір қосымша суармалы жерлерді қалпына келтіру және ирригациялық жүйе құру, қант қызылшасын дербес және бірлесіп өсіру мақсатында жергілікті фермерлерді кооперациялау, өзінің материалдық-техникалық базасымен (техникамен, тұқым қорымен, өсімдіктерді қорғауға арналған құралдармен және тыңайтқыштармен, өз қажеттіліктері үшін де, қант қызылшасын өндіруші фермерлердің мұқтаждықтары үшін де) қамтамасыз ету есебінен шикізат базасын дамытумен интеграцияланатын жобаны қаржыландыру мәселесі пысықталу сатысында тұр.

Алматы және Түркістан облыстары қарқынды бақша мен жеміс-жидек өңдеу зауытын салу үшін неғұрлым қолайлы орын ретінде қарастырылады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 1 800 га алма бағы салынды, оның ішінде 750 га (41%) Түркістан облысында және 574,3 га (32%) Алматы облысында.

Майлы дақылдар бойынша экожүйені қалыптастыру Ақмола («Логос Грейн»  ЖШС) және Шығыс Қазақстан облыстарында («Қазақ Астық Групп» ЖШС) ірі инвестициялық жобалар базасында қарастырылады.

 

Республикада суармалы жерлердің көлемі өседі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың суармалы жерлерді кезең-кезеңімен 3 млн гектарға дейін ұлғайту туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2030 жылға қарай облыстар әкімдіктері бұл мәнді 787 мың га шегіне жеткізуді жоспарлап отыр, оның ішінде:

  • Ақмола облысы — 112 мың га,
  • Алматы облысы — 83,5 мың га,
  • Ақтөбе облысы — 56,4 мың га,
  • Шығыс Қазақстан облысы — 202,2 мың га,
  • Батыс Қазақстан облысы — 6,5 мың га,
  • Қостанай облысы — 16,9 мың га,
  • Қарағанды облысы — 74,1 мың га,
  • Қызылорда облысы — 51,3 мың га,
  • Павлодар облысы— 94,5 мың га,
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 4,9 мың га,
  • Түркістан облысы — 85,5 мың га.

Сондай-ақ облыс әкімдіктері жаңа суармалы жерлерде әлеуетті ірі жер пайдаланушыларды, ирригациялық желілерді салу және жаңа суармалы жерлерді дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру және өңделетін дақылдарды орналастыру мен құрылымы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін әлеуетті инвесторларды анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.

Бұдан өзге, облыстар әкімдіктері жерді суарылмайтын егістіктен суармалы егістікке ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Мәселен, жер балансының деректері бойынша 2020 жылы республикада 2,251,1 млн га суармалы жер бар, оның 1,715 млн га — егістік, бұл 2019 жылғы деңгейден 26,6 мың га артық. 

Сондай-ақ суармалы жерлерді ұлғайту, оның ішінде гидромелиоративтік жүйелер мен 38 жаңа су қоймаларын салу жөніндегі индикаторлар Су ресурстарын басқару жөніндегі  2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаның әзірленген жобасында көзделген.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Цифрландыру суармалы жерлердің аумағына қалай әсер етеді

2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту мақсатында сұранысқа ие суармалы жерлердің гидромелиорациялық инфрақұрылымын қалпына келтіру 610 мың га алаңда көзделген. 2016 жылы су шаруашылығы инфрақұрылымы жүргізілген суармалы жерлердің алаңы 1400 мың га құрады. 2017-2019 жылдары су беру үшін су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіруді ескере отырып, 2020 жылдың басында су шаруашылығы инфрақұрылымы жүргізілген суармалы жерлердің алаңы 1546 мың га құрайды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Бұл ретте әртараптандыру жоғары рентабельді дақылдар (майлы, дәнді-жемдік, көкөніс-бақша дақылдары) және республика халқының қажеттілігінің көп бөлігі импорттық тауарлармен қамтамасыз етілетін дақылдардың алаңдарын ұлғайтуды көздейді. Осыған байланысты қалпына келтірілген суармалы жерлерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер майлы, жем-шөп, көкөніс-бақша дақылдарын өсіреді.

Өз кезегінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қалпына келтірілмеген суармалы жерлердің қалған алаңын сумен қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.

Бұдан басқа, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес ҚР АШМ мүдделі мемлекеттік органдармен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктерімен, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, суармалы жерлердің алқаптарын 2030 жылға қарай кезең-кезеңімен 3 млн-ға дейін жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жер балансының деректері бойынша 2019 жылы республикада 2,224 млн га суармалы жер бар, оның 1,779 млн га (80%) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамында, 244,7 мың га (11,1%) – қордағы жерлер, 180,1 мың га (8,2 %) – елді мекендердің жерлері болған. 1991-2019 жылдардағы суармалы жерлер алаңдарының өзгеру серпінін қарастыра отырып, суармалы жерлер алаңының ұлғаю үрдісін байқауға болады және қазіргі уақытта олар 2000 жылдың деңгейіне жетті (1991 жылы – 2 379,5 мың га, 2000 жылы – 2 227,6 мың га, 2017 жылы – 2 181,0 мың га, 2018 жылы – 2 203,1 мың га).

Аталған тапсырмаға сәйкес ауыл шаруашылығы министрі 2030 жылға дейін жаңадан енгізілетін суармалы жерлер алаңын кезең-кезеңімен ұлғайту жөніндегі Жол картасын бекітті. Жол картасы шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ сараптаманың оң қорытындысыне ие ЖСҚ бар гидромелиоративтік жүйелерді салу көзделген.

Бұдан басқа, суармалы жерлерді ұлғайту, оның ішінде гидромелиоративтік жүйелерді және 38 жаңа су қоймаларын салу жөніндегі индикаторлар 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның әзірленген жобасында көзделген. 2021 жылдан бастап ұзындығы 6 мың км суару желілерін реконструкциялау және 119 негізгі магистралдық арнада (2025 жылға дейін) цифрландыруды ауқымды енгізу есебінен жылына 2 км3 су үнемделетін болады. Бұл мақсаттарға алдағы 5 жылда республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы ұйымдарының қорларынан 192 млрд теңге бағытталатын болады.

Су есепке алуды цифрландыру мен су шаруашылығы объектілерінде су бөлуді автоматтандыруды жаппай енгізу осы арналардағы су шығынын 40-тан 17%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. ҚР Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының жобасында 2030 жылға дейін су ресурстарын сенімді есепке алу мен үнемдеу үшін цифрландыруды кезең-кезеңімен енгізу көзделген.

 

АӨК саласындағы саланың дамуына айтарлықтай әсер еткен айтулы оқиғалар

Коронавирус пандемиясынан туындаған әлемдік экономикалық жағдай әлемнің көптеген мемлекеттері үшін азық-түлік қауіпсіздігінде үлкен проблемалар туғызды, ауыл шаруашылығының елдің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі рөлі туралы жалпы түсінік артты. Осыған байланысты көптеген мемлекеттер үшін импорт алмастыру мәселесі басымдыққа ие болды. Осы мәселелерді шешу үшін Қазақстанда кешенді шаралар қабылданды.

Мысалы, 2020 жылы жалпы қуаты 93,1 мың тонна сүт болатын 48 сүт-тауар фермасы іске қосылды, жалпы қуаты жылына 63 мың тонна алма болатын 1800 га бақ, жалпы қуаты 33 мың тонна ет өнімдерін шығаратын 3 ет комбинаты, жалпы қуаты 95 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы, жалпы қуаты 2,2 мың тонна балық өндіретін 3 объект іске қосылды.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдері қорының тапшылығы күтілмейді 

Өңірлердің жедел деректері бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсанда республика бойынша жалпы көлемі 2,4 млн тонна түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар, оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 1,6 млн тонна, қоймаларда – 547 мың тонна, сауда желілерінде – 177,6 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 35,9 мың тонна. Сонымен қатар, 363,7 млн дана жұмыртқа мен 11 млн тонна азық-түлік бидайы бар.

Нақты тұтыну бойынша азық-түлік тауарларының қолда бар қорларымен қамтамасыз ету өнімнің әр түрлі түрлері бойынша бір аптадан бірнеше айға дейін құрайды. Сонымен қатар, олардың қорлары үнемі толықтырылып отырады, сондықтан олар бойынша тапшылық күтілмейді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерді қолдау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауда. Мәселен, пандемия кезінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін жеңілдетілген несие беру, субсидиялау, жанар-жағармайдың жеңілдікті көлемін ұлғайту түрінде шешімдер қабылданды.

Азық-түлікпен қамтамасыз етуге келетін болсақ, орта есеппен отандық өндіріс Қазақстан халқының қажеттілігін 80%-ға және одан да көп жабады. Азық-түлік тауарларының 6 түрі бар, олардың ішінде құс еті, шұжық, ірімшік және сүзбе, алма, қант, балық. Осы тауарлар бойынша импортқа тәуелділікті шешу үшін ішкі нарықты отандық өніммен молықтыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды, оған сәйкес көрсетілген тауарлар бойынша қамтамасыз ету 2023 жылдың соңына дейін шамамен 100%, ал қант бойынша 80% құрайды.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде Қазақстан барлық мемлекеттермен сауда-саттық қарым-қатынасын жалғастырғанын және өсімдіктер карантині саласында ешқандай шектеулер енгізілмегенін атап өткен жөн.

Республика аумағында оларды мысалы, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты өндірудің мүмкін еместігі себебінен, Қазақстанға импорттауды қажет ететін бірқатар тауарлар бар. Немесе әкелінетін тауарлар отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысы үшін қажет.

 

2023 жылға қарай Қазақстанда ет, балық және сүт өнімдеріне ішкі қажеттілік 100% қамтамасыз етіледі

Жалпы, өткен кезеңнің қорытындысы бойынша сүт өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған сүтті мал шаруашылығының ұзақ мерзімді бағдарламасын дамыту шеңберінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша (алдын ала деректер бойынша) сүт өндіру көлемі  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артып, 6 млн тоннаны құрады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы құрылымдарында өсім 7,3% немесе 1,7 млн тоннаны құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша (алдын ала деректер бойынша) тірі салмақта құс етін өндіру көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға ұлғайды және 294,1 мың тоннаны құрады. Соған қарамастан, елдегі құс етінің импортқа тәуелділігі айтарлықтай.

 

Құс еті бойынша

2020 жылы құс етін өндіру 235,2 мың тоннаны құрады. 2023 жылдың соңына қарай ішкі нарық қуаты 285 мың тонна құс еті болатын жаңа 19 құс фабрикасын іске қосу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларын 20%-ға қосымша жүктемелеу есебінен 100% қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Бұл құс етін өндірудің жылдық көлемін 400 мың тоннаға дейін немесе өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өндірістік қуаты жылына 94,5 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы пайдалануға берілді (Ақмола — 2, Алматы — 3, Қостанай — 2, Түркістан — 1). Аталған құс фабрикалары бойынша өндірістің негізгі көлемі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында күтілуде.

 

Ет және шұжық өнімдері бойынша

2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 1 жоба іске қосылды («ЕМС-Агро» ЖШС) және Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жалпы қуаты жылына 6,3 мың тоннаболатын 2 жоба («АрайКЗ» ЖШС және «АрайEastFood» ЖШС) жаңғыртылды.

2023 жылдың соңына қарай 2021-2022 жылдары ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша 9 жаңа жобаны іске қосу есебінен ішкі нарықты 100%-ға қамтамасыз ету жоспарда бар, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қ. «AiZetFarms» ЖШС, Қостанай қ. «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС, Қызылорда қ. «Сыр маржаны» ЖШС және жалпы қуаты 103,8 мың тонна басқа да жобалар бар.

2020 жылдың алғашқы 11 айында ет өндіру көлемі (құс етін қоспағанда) 435,1 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артық.

Осыған ұқсас есепті кезеңде шұжық өнімдері өндірісінің көлемі 11,8%-ға (48,1-ден 53,8 мың тоннаға дейін), сондай-ақ ет және ет-өсімдік консервілері 13,8%-ға (7,7-ден 8,8 мың тоннаға дейін) ұлғайды.

 

Ірімшік және сүзбе бойынша

2020 жылғы қаңтар-қарашада ірімшік пен сүзбе өндірісі 29,6 мың тоннаны құрады. Ішкі нарықты ірімшікпен және ірімшікпен молықтыру үшін шикізатқа жарамды сүт-шикізат өндірісін ұлғайту және сүт өңдеу кәсіпорындарын жүктеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы саны 16,2 мың бас ірі қара мал және өндірістік қуаты жылына 93,1 мың тонна сүтке дейінгі 48 өнеркәсіптік және отбасылық сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді.

Оның ішінде 12,5 мың бас ірі қара мал бар және өндірістік қуаты жылына 87,8 мың тонна сүтке дейін құрайтын 17 өнеркәсіптік СТФ пайдалануға берілді (Ақмола — 3, Ақтөбе — 1, Алматы — 2, ШҚО — 1, БҚО — 1, қостанай — 1, СҚО — 3, Павлодар — 4, Түркістан — 1).

2023 жылдың соңына қарай ішкі нарықты ірімшік пен сүзбемен 100% молықтыру үшін 2021-2023 жылдары шамамен 403 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік беретін қосымша 105 СТФ пайдалануға беру жоспарланып отыр.

 

Балық бойынша

2020 жылдың 11 айында салқындатылған және мұздатылған балық өндірісінің көлемі 58,2 мың тоннаны, консервіленген балық өндірісінің көлемі 26,1 мың тоннаны құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 2 250 тонна құрайтын 3 жоба іске асырылды:

- Ақтөбе облысында Мұрагер ЖШС - 1500 тонна тауарлы балыққа,

- Қордай Fish ЖШС қуаты 500 тонна тауарлық балыққа,

- Жамбыл облысында Арнұр ЖШС - 250 тонна тауарлық балыққа.

2022 жылға дейін жалпы қуаттылығы 9,4 мың тонна болатын тағы 4 кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда.

Қазақстандық өнімнің экспорты мен импортының мүмкіндіктері

Жаңа өткізу нарықтарын ашу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі импорттаушы елдердің фитосанитариялық және ветеринариялық талаптарын келісу, жеткізушілердің шетелдік тізілімдеріндегі қазақстандық кәсіпорындардың тізбесін кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Бұл келесі қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға мүмкіндік берді:

- Қытайға: сиыр еті, қой еті, тірі жылқы, балық, бал, бидай, бидай кебегі, соя, жоңышқа, рапс, арпа, жүгері, зығыр тұқымы, бидай ұны және бидай ұны;

- Иранға: мұздатылған және тоңазытылған қой еті, сиыр еті, ірі қара мал субөнімдері, тауық жұмыртқасы, тірі қой, бидай, арпа, күнбағыс, рапс және зығыр тұқымдары;

- ТМД елдеріне: тірі ірі және ұсақ қара мал, сиыр еті, қой еті, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа, жеміс-көкөніс, бидай, жүгері, күріш, күнбағыс тұқымдары, зығыр және рапс;

- ЕО елдеріне: балық, бидай, зығыр тұқымы;

- Біріккен Араб Әмірліктеріне: ет және ет өнімдері, тауық жұмыртқасы және үй құсы;

- Сауд Арабиясы Корольдігіне: ұсақ мал союға.

Сондай-ақ, өңделген өнімді экспорттау кезінде оң динамика байқалады. Мәселен, 2020 жылдың 10 айында қайта өңделген өнім экспорты 2019 жылдың ұқсас кезеңімен ($871,5 млн) салыстырғанда 17,3%-ға ($1 млрд) ұлғайды.

2020 жылы ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты келесідей болды:

  • сиыр еті — 7254,2 т,
  • жылқы еті — 4,06 т,
  • қой еті — 1303,8 т,
  • шошқа еті — 1275,8 т,
  • түйе еті — 0,003 т,
  • құс еті — 11073,8 т,
  • жартылай дайын ет — 923 т,
  • ет консервілері — 1119,06 т,
  • шұжық өнімдері — 314,7 т,
  • балық және балық өнімдері — 25031 т,
  • сүт және сүт өнімдері — 20937,2 т,
  • ара шаруашылығы өнімі — 824,5 т,
  • тағамдық жұмыртқа — 228 452 437 дана.

Импортталатын өнімге келетін болсақ, әкелінетін өнім бойынша жағдай мынадай болды:

  • жылқы еті — 1963,6 т,
  • сиыр еті — 10918,6 т,
  • шошқа еті — 732,7 т,
  • қой еті — 10 т,
  • құс еті — 108438,9 т,
  • балық және балық өнімдері — 26497,1 т,
  • сүт және сүт өнімдері — 56986,08 т,
  • ет өнімдері — 1102,8 т,
  • шұжық өнімдері —14952,7 т,
  • бал — 24,5 т.

Жаңа өткізу нарықтарын ашу үшін ҚР АШМ импорттаушы елдердің ветеринариялық талаптарын келісу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

ҚХР бірнеше жыл бұрын енгізген аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер алынып тасталды, бұл өз кезегінде қазақстандық ет өнімдерінің ҚХР нарығына қолжетімділігін ашты.

Сондай-ақ Қазақстаннан Иранға союға тірі ірі қара мал, сиыр етін, ірі қара мал субөнімдерін экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптар келісілді.

2020 жылғы 25 мамырда Қазақстаннан Жапонияға жылқы етін экспорттауға ветеринарлық сертификат келісілді. Сондай-ақ, 34 қазақстандық кәсіпорыннан жылқы етінің экспорты мақұлданды.

Министрліктің 2021 жылға арналған жоспарында тауар желісін кеңейту, сондай-ақ Еуропалық Одақ, Түркия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жаңа нарықтарды ашу бар. 

 

Ветеринариялық және фитосанитариялық жағдайды бақылау

Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жануарлар арасындағы аса қауіпті аурулардың диагностикасы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 40,7 млн диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін бруцеллез, аусыл, лейкоз, құтыру, вирустық диарея, лептоспироз, листериоз, пастереллез, туберкулез, эмкар, вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, нодулярлық дерматит, брадзот, жылқының инфекциялық анемиясы, блютанг, Шмаленберг ауруы сияқты жануарлардың аса қауіпті 28 ауруы бойынша 6 829 019,0 мың теңге көзделген.

2020 жылдың екінші жартыжылдығына 249  «Мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, сату үшін жағдай жасау» бюджеттік бағдарламасында 100 «Жануарлар ауруларын диагностикалау» шағын бағдарламасында 26,9 млн диагностикалық зерттеулер жүргізуге жалпы сомасы 4 978 697,3 мың теңге қаражат көзделген.

2020 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес республика бойынша 12 айда 67 733 917 диагностикалық зерттеу немесе жылдық жоспардың 100% жоспарланған.

 

2020 жылы көктемгі дала жұмыстары қалай өтті

СОVID-19 пандемиясына байланысты қабылданған карантиндік шектеу шаралары ауыл шаруашылығы саласына да әсер етті. Осындай күрделі жағдайларда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады. Олардың арқасында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми ақпараты бойынша 2020 жылғы қаңтар-қарашада ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы жалпы республика бойынша 5 925,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 5,3%-ға жоғары.

2020 жылғы қаңтар-қарашада өсімдік шаруашылығы өндірісі көлемінің өсуі өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің 7,2%-ға ұлғаюына байланысты болды. Бұл ретте, 2020 жылғы қаңтар-қарашада өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Нұр-Сұлтан қаласынан басқа республиканың барлық өңірлерінде байқалды.

Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексінің ең жоғары өсімі Қостанай (128,2%), Ақмола (117,9%), Павлодар (111%), Ақтөбе (109,5%), Қарағанды (108%) облыстарында және Шымкент қаласында (105%) байқалады.

Мәселен, ағымдағы жылы облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша, бастапқы салмақта 20,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл өткен жылғы деңгейден $1,1 млн-ға жоғары немесе 5,5%-ға артық.

Көкөністердің жалпы түсімі өткен жылдың деңгейіне қарағанда 259,1 мың тоннаға немесе 6,5%-ға өсті:

  • картоп — 178,9 мың тоннаға немесе 4,7%,
  • бақша дақылдары — 131,7 мың тоннаға немесе 5,5%,
  • арпа — 88,0 мың тоннаға немесе 2,3%,
  • дәндік жүгері — 61,4 мың тоннаға немесе 6,9%,
  • мақсары — 27,9 мың тоннаға немесе 14,1%,
  • күнбағыс — 4,7 мың тоннаға немесе 0,6%.

Қазақстанда ірі қара мал басы 5,5%-ға артты

2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша 14,3 мың ірі қара мал басы қаржыландырылды.

Айта кету керек, коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан экономикалық жағдай фермерлерге елден тыс жерлерде ірі қара мал сатып алу мәселесінде қосымша ауыртпалық тудырды.

Жалпы, облыс әкімдіктері ІҚМ сатып алуға фермерлік шаруашылықтарды, оның ішінде дайын инфрақұрылыммен тарту бойынша жұмысты жандандыру қажет.

2019 жылы сатып алынатын малды кепілге қойып несиелендірудің пилоттық тетігі сынақтан өткізілді. Өткен жылы бұл механизм барлық жерде қолданылды.

Сиыр етін өндіру тізбегінің үздіксіз жұмысы маңызды болып отыр. Республикада 279 мың мал орындық бордақылау алаңдарының және 240 мың тоннаға арналған ет комбинаттарының желісі бар.

Фермерлерді ынталандыру үшін өнеркәсіптік бордақылау алаңына немесе ет комбинатына өткізілген бұқашықтың тірі салмағын субсидиялау тетігі енгізілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржыландырылды:

  • 15 556 бас ІҚМ сатып алуға 10 132 млн теңге сомасына 91 шаруашылық, оның ішінде 123 шаруашылық 9 415 млн теңге сомасына 14 279 ІҚМ әкелді;
  • 285 679 бас ұсақ мал сатып алуға 11 828 млн теңгеге 722 шаруашылық.

2020 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ 3 270 млн теңгеге 5 бордақылау алаңының құрылысын қаржыландырды.

2020 жылы тұқымдық түрлендіруге ірі қара малдың 1 423,6 мың аналық басы немесе сиырдың жалпы басының 37,76% (3 769,76 мың бас) тартылды.

Осылайша, шетелдік селекцияның асыл тұқымды ІҚМ басын әкелу есебінен бүгінгі күні республикада асыл тұқымды мал басының үлесі едәуір артып, жалпы ІҚМ басының 12% құрады.

Сонымен қатар, етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды пайдалана отырып, ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс бағдарламасына (тұқымдық түрлендіру) қатысушылардың шаруашылықтары санының өсуі байқалады.

Мәселен, 2020 жылы 25,3 мың фермерлік шаруашылық тұқымдық түрлендірумен айналысты, ал, мысалы, 2016 жылы ІҚМ тұқымдық түрлендірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 15,8 мың бірлікті құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2 624,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,0%-ға артық.

Статистика көрсетіп отырғандай, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал саны 5,5%-ға артып, 7 848,5 мың басты құрады.

Соңғы 10 жылда ірі қара мал басының өсу серпіні 35,5% құрады, орташа алғанда мал басының жыл сайынғы өсуі 3,3%-ға артты.

Айта кету керек, қазіргі уақытта мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндірушілерді ынталандыру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары шеңберінде малдың барлық түрлеріне: сүт және ет-сүт өнімділік бағытындағы ІҚМ, ет және ет-сүт өнімділік бағытындағы ІҚМ, қой, жылқы және түйе жеміне арналған шығындардың құнын субсидиялау жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығымен бекітілген инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ  құрама жем зауытын құруға өтеу үлесі 25%-бен субсидиялау жүзеге асырылады.

Мал басының санын арттыру бойынша шаралар ретінде 2020 жылы «Сыбаға» жеңілдетілген бағдарламасы бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы 91 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 15,6 мың ІҚМ басына несие берілді.

Бұдан басқа, 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидиялар түрінде тиісті қолдау шаралары көзделген.

Бордақылау алаңдарының жүктемесін қамтамасыз ету үшін тауар өндірушілерді бордақылау алаңына өткізілген малдың тірі салмағының бір келісі үшін 200 теңгеден субсидиялау жүзеге асырылады.

 

Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту тетіктері

Етті мал шаруашылығы секторында негізгі шаралар ірі қара малдың аналық басын арттыруға бағытталған. Осылайша, 2018 жылы фермерлік шаруашылықтарға аналық мал басын сатып алуға несие беру бағдарламасы басталды. Осы уақыт ішінде 1,5 мыңнан астам фермерлік шаруашылықтар несие алып, мал басын сатып алды.

Орта мерзімді перспективада трансұлттық компанияларды тарта отырып, зәкірлік кооперацияны дамыту жөніндегі міндет тұр. Фермерлік шаруашылықтарды құру есебінен күтілетін инвестиция көлемі 350 млрд теңгені құрайды және 2025 жылға қарай сиыр етінің экспортын $370 млн-ға дейін жеткізу күтіледі. Фермерлік шаруашылықтар 42 мыңнан астам жұмыс орнын  құратын болады.

Етті мал шаруашылығы бойынша үш негізгі индикатив анықталды:

  • фермерлерді несиелендіру есебінен ІҚМ аналық басының жедел өсуі;
  • аналық мал басын тұқымдық түрлендіру есебінен мал басының өнімділігін арттыру;
  • бұқашықтарды өнеркәсіптік бордақылау алаңдарына және ет комбинаттарына өткізу жолымен сиыр етін өндіру тізбегін дамыту.

 

Қазақстанда 2020 жылы мал басы артты

Статистика деректері бойынша 2020 жылдың 12 айында республикада ұйымдастырылған шаруашылықтарда (ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа/фермер қожалықтары) мал саны артты):

  • ірі қара мал 8,2%-ға артып, 3 616,2 мың басты құрады;
  • қой 9,1%-ға артып, 8 470,8 мың басты құрады;
  • жылқы 12,4% және 1 688,3 мың басқа;
  • түйе 9,3%-ға өсіп, 112,1 мың басты құрады;
  • шошқа 3,4%-ға артып, 330,5 мың басты құрады.

 

Елімізде мал сою және бастапқы өңдеу бойынша заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындар құрылуда

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ет өңдеушілер үшін мынадай мемлекеттік қолдау түрлері көрсетіледі:

1) жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғыртуға және жаңа зауыттарды салуға инвестициялық салымдар кезінде қайта өңдеу кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін (25%-ға дейін) өтеу;

2) айналым және негізгі қаражатқа арналған несиелер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау;

3) дайындаушы ұйымдарға есептелген ҚҚС мөлшерінде қосылған құн салығының сомасын субсидиялау;

4) «қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде, оның ішінде ет және құс етін өндірушілерге жеңілдікпен кредит беруді жүзеге асыру.

Бұдан басқа, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ холдингінің еншілес компаниялары арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген несие беру қолданылады.

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2020 жылы 92 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес бюджеттік субсидиялар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, жеке және заңды тұлғаларға беріледі.

2020 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 92,4 млрд теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында бұл бағдарламаға 2020 жылдың сәуір айында республикалық бюджеттен қосымша 10,5 млрд теңге бөлінді, ол да игерілді.

Бұдан басқа, жергілікті бюджеттерде қаражаттың жетіспеуіне байланысты 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен мал шаруашылығы саласын субсидиялауға 12,3 млрд теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлінді, олар да толық игерілді.

Бұдан басқа, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ) шаруа қожалықтары үшін, атап айтқанда, мал шаруашылығы бойынша ұзақ өтеу мерзімімен жеңілдікпен несие беруді көздейді:

  • импорттық асыл тұқымды, таза тұқымды ірі қара мал сатып алуға;
  • отандық асыл тұқымды, таза тұқымды ірі қара мал сатып алуға;
  • импорттық / отандық тұқымсыз ірі қара мал сатып алуға (етті бағыттағы);
  • айналым қаражатын толықтыруға;
  • ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға.

Несиенің максималды сомасы — 70 млн теңгеге дейін, несиелеу мөлшерлемесі — жылдығы 4%-дан бастап, несиелеу мерзімі — 15 жылға дейін.

Қой шаруашылығы бойынша:

  • аналық ұсқа қара мал басын сатып алуға;
  • айналым қаражатын толықтыруға;
  • ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға.

Несиенің ең көп сомасы — 30 млн теңгеге дейін, несиелеу мөлшерлемесі — жылдығы 6%-дан бастап, несиелеу мерзімі — 10 жылға дейін.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу